к мен
г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да ай-
тылатын болған соң” деп нақтылаған.
төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі <
ш > орнына
ч әрпінің қолданылуы. Оның себебін а.Байтұрсынұлы былай аша-
ды: “<ш> дыбысы дан гөрі <ж>-ға жақын, олай болғанда
ш әріпінің түрі де (ж-ға) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді.
Осы айтылған оймен қазақ тілінде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ хар-
пі алынды. мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы көп. мысалы,
екінші, үшінші, бесінші һәм басқа сондай /
ш / келетін сөздерді
екінчі, үшінчі, бесінчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ
көрінеді. Себебі, менің ойымша, мынау боларға:
ш араб тілінде
с -ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілін-
де біздің
с орнына жұмсалады. мысалы,
бас-баш, тас-таш, қас-қаш деген сөздерде”. Сонда ғалымның ойынша, араб тілі
мен қазақ тіліндегі
ш ~
с сәйкестігінен, <ш> дыбысын
ч әрпімен
таңбалап айыруға болады. “Әлбетте, харіп тіл үшін шығарған
нәрсе. Олай болса, харіпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту
емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз
бізде емес, өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды,
тілге бола харіпті бұзып өзгертеді”. Бұл
Һ дыбысы одағайларда
ғана естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне
келеді.
ХХғ. басында қазақ тіл дыбыстарының инвентарін анықтау
қиындығы а.Байтұрсынұлының фонема-әріп теориясы арқылы
шешімін тақпаны ақиқат. Өзге графиканың (араб графикасы)
әліпбиін (араб әліпбиін) өз тілінің дыбыстарына арнау керісін-
ше әрекеттің, төл дыбыстарды өзге тіл әліпбиінің құрсауына
байлап беру қаупін төндіретін еді. Бірақ а.Байтұрсынұлы араб
әліпбиі қазақ тілі үшін шығарылған жоқ, араб тіліне арналған
әліппе сондықтан араб графикасына негізделген әліпби қазақ
тілі фонемаларын ғана беруі керек деп топшылады. Кейбір
оқымыстылардың <о>, <а>, <ұ> фонемаларын жарты дауысты,
ал <ы> фонемасын мүлде жоқ деген көзқарастарына пайымды
қарсылығын білдірді.
а.Байтұрсынұлының әліпби қатарынан шығарып тастаған
таңбалары мыналар: