22
227
тап Қазақстанда жаңа әліпби (латыншылар) қозғалысы өрістей
бастады. республиканың мерзімді басылымдарында қозғалыс
барысы, латын әрпін насихаттау жұмысының барысы туралы
хабарлар жарияланып тұрды.
...Қазақ латыншылары 1931 жылға дейін жаңа әліпбиге
түпкілікті көшіп болатынын хабарлаған болатын. Бұл шараны
іске асыруда басқа республикалар белсенділік танытып, газет-
журналдарды латын әліпбиі негізінде шығарып, мектептері осы
графиканы үйрете бастаған еді. ііі пленум “жаңа әліпби барлық
жерде 1-2 жылда толық іске ассын” деген қаулы шығарады.
Жаңа түрік Әліпбишілері Бүкілодақтық Орталық Комитеті мен
Президиумының құрамына О.Жандосов сайланады. ііі пленумға
О.Жандосов жаңа әліпби мәселесі бойынша Қазақстан тарапы-
нан дайындалған резолюцияны ұсынды. Онда қазақ халқының
жаңа әліпбиді қолдайтынын айта келіп, таяу арада жаңа әліпбиді
енгізу шараларын қарқынды түрде дамыту қажеттігі туралы сөз
болды. ііі пленум Жаңа түрік Әліпбиінің (ЖтӘ) Орталық атқару
Комитетіне Қазақстандағы ЖӘК жұмысына материалдық қолдау
көрсету қажеттігін ескертті.
...1929 жылдың 24 қаңтарында ҚаКСр Орталық атқару
Комитетінің төрағасы е. ерназаров пен осы комитеттің хат-
шысы а. асылбековтің қол қоюымен Қазақ Орталық атқару
Комитетінің 6 шақырылымының IV сессиясының шығарған
шешіміне сәйкес жаңа латын әліпбиі бекітілді. ііі пленум-
нан кейін қазақ латыншыларының конференциясы өткізілді.
Онда 1929 жылдың аяғына дейін Қазақстанның 75 000 адамы-
на жаңа әліпбимен хат танытып, 600 000-700 000 дана жаңа
(латын) әліпбиін ел арасына тарату қажеттігі баса айтылды.
1929 жылдың 26 ақпанында жаңа қазақ әліпбиін енгізудегі
Қазақ аКСр IV сессиясының шешімдерін уақытында орындау
мәселесі қаралып, 1929 ж. 1 сәуірінен бастап бүкіл мекемелер-
ге жаңа әліпбиді енгізу, осы мекемелердің қызметкерлеріне 1
маусымына дейін жаңа әліпбиді үйренуді міндеттеу және жаңа
әліпбиді үйренуде оқу кітаптарын, қосымша құралдар шығару,
жаңа әліпбиді үйрететін орындар (пункттер) ашу туралы қаулы
қабылданды.
Жаңа түркі жазуының негізін ұзақ талқылау мен өңдеуден
кейін 1929 жылдың 7 тамызында КСрО Орталық атқару
Комитетінің төралқасы мен КСрО Халық Комиссарлары Кеңесі
“Жаңа қазақ алфавитін енгізу туралы қаулы” қабылдады. 1929
жылдың 14 тамызда жаңа әліпбиді Халық ағарту комиссариа-
ты қазақ мектептеріне латын әліпбиін толықтай енгізудің соңғы
мерзімін 1930 жылдың 14 тамызына, яғни Қазақстанның 10
жылдық мерейтойына дейін аяқтауды белгіледі. Осы қаулы
бойынша латын әліпбиінің енгізілу барысын тексеруге арналған
комиссия құрылды.
Осы жылы жаңа түрік әліпбиінің Орталық Комитеті
Одақтық Орталық атқару комитеті жанындағы жаңа әліпбидің
Бүкілодақтық орталық комитеті болып қайтадан құрылды. Бұл
комитет 1940 жылдың соңына дейін жұмыс істеді. 1940 жылдың
соңына қарай «латындандырылған қазақ жазуын орыс графика-
сы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
КСрО түркі халықтарының жазуы ретінде орыс әліпбиінің (ки-
риллица) енгізілуіне байланысты комитет таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: