Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет7/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Пысықтау сұрақтары
:
1. Жазудың қандай қызметтері бар?
2. Жазудың тілді нормалаушылық қызметін қалай түсінесіз?
3. Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы дегенге көзқарасыңыз 
қандай?
1-семинар. Жазудың жалпы даму тарихы
Семинар сұрақтары:
1. Жазудың типтері мен түрлерін атаңыз?
2. Жазудың пайда болуына әсер еткен факторлар қандай? 
3. алғашқы суретжазулар табылған өлкелер қайсы?
4. алғашқы ойжазулар табылған өлкелер қайсы?
5. Қазақстанның қай жерлерінде суретжазулар мен ойжазу үлгілері 
табылған? Картаны пайдаланыңыз. 
6. алғашқы буынжазуды қай халық ойлап тапты?
7. ең алғашқы дыбыстық жазуды ойлап тапқан қай халық, қай 
ғасырда?
8. алғашқы консонатты жазу қандай?
9. Дауыстыларды белгілеген алғашқы вокалды жазуды ойлап тапқан 
халық кім?
10. адамзат өркениетіне түрткі болған жеті жазу түрін атаңыз?
11. Жазу типтері мен түрлеріне қатысты терминдерді атап, 
түсіндіріңіз. 
12. Финикий жазуынан тараған алфавит түрлері қандай? 
Жазу тарихына қатысты кеңестік, шетелдік тіл білімінде біраз 
еңбектер бар, атап айтқанда, в.а истриннің “возникновение 
и развитие письма” (м., 1965); “развитие письма” (м., 1961); 
Д.Дирингердің “алфавит” (м., 1963), и.Фридрихтің “история 
письма” (м.,1979); и.е.Гельбтің “Опыт изучения письма” 
(м.,1982 ) т.б. 
адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті 
және өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді. 
мұның біріншісі – жеке-дара қасиет болса, екіншісі – әлеуметтік 
қасиет. адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең айту 
сияқты табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең шығару, 
сурет салу, әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық ортақ шарт-
ты құбылыстар арқылы да шығарады. тарих доңғалағы айналған 
сайын адам қоғамсыз өмір сүре алмағандықтан ортақ, қоғам 
болып бірлесіп қабылдаған бейнелер арқылы өз ойын сыртқа 
шығарудың жолдары көбейді. 
Суретжазу. 
Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық 
ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы бол-
ды. адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын 
немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай-


17
ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, 
тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет