Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Физика-техникалық факультеті
Радиофизика және электроника кафедрасы
Мусина Гульзира Исламовна
«Радиоэлектроника негіздері» пәні бойынша
Дәрістер курсы
мамандығы: «6B05305-Техникалық физика»
Қарағанды 2023
1 дәріс
Кіріспе. Радиоэлектроника туралы түсінік және электр тізбегінің негізгі
элементтері.
Бүгінгі күнгі радиоэлектроникада ең кең таралған элемент ретінде резисторды айтсақ
қателеспейміз, өйткені кез келген бұйым ішіндегі элементтердің жалпы санының 20 дан
50 пайызын резистор құрайды. Резистордың негізгі қасиеті бойынан өткен электр тоғына
кедергі көрсету. Резисторларды әр түрлі белгілеріне байланысты классификациялаймыз:
атқаратын міндетіне, тоқ өткізетін элементтің түріне, жасау технологиясына, кедергі
шамасының өзгеруіне, шашырататын қуатқа тағы да басқа қасиеттеріне байланысты.
Резистордан кейін қолдану жағынан екінші орын алатын элемент - конденсаторлар.
Конденсатордың жұмыс істеу принципі, ұштарына кернеу түсірілген кезде оның
электр зарядты сақтайтын қабілеті болып табылады.
Индуктивтілік катушкасы деп спираль тәрізді орамнан тұратын радиоэлементті
айтамыз. Катушка өзінің бойында жоғары жиілікті электромагниттік өрісті жинай алады.
Басқа радиоэлементеріне қарағанда катушканың ерекшелігі-сұлбада пайданалардың
алдында әр бір катушка жеке есептелінеді, бір-біріне ұқсас болмайды.
Төменгі жиіліктік трасформаторлар мен дроссельдер негізін құрайтын катушка болып
табылады. Бұлардың индуктивтілігі шамамен бір генриден жүздеген генриге дейін жетеді
және конструкцияларында тұйықталған магниттік тізбектер қолданылады. Қолданылатын
саласына байланысты трансформаторлар – күштік, кіріс, щығыс, аралық және импульстік
деп бөлінеді. Радиоэлектрондық құрылғыларда пайдалануы бойынша трасформаторлар
кәдімгі және микромодулдік болып екіге бөлінеді.
Дросселдер әдетте қоректендіру көздерендегі сүзбелерде, стабилизаторларда
қолданылады. Конструкциясына және де басқа параметрлеріне байланысты дроссель мен
трансформатор арасында ұқсастық бар, мысалы – дросселді бір орамды , ал
трансформаторды көп орамды катушка деп айтуға болады.
Электр тізбегі
деп электромагниттік процестері электр кернеуі, электр қозғаушы күш
(ЭҚК) пен тоқ күші түсініктері арқылы сипатталатын, электр тоғын өткізуге арналған
қондырғылар жиынын атайды.
1-кестеде электр тізбегінің кейбір элементтерінің электр сұлбада шартты белгіленуі
(ГОСТ талаптарына сай) көрсетілген.
1-кесте
Электр тізбегі элементтерінің шартты белгіленуі
Шартты
графиктік
белгіленуі
Стандартты
әріптік
белгіленуі
Аталуы
-
Гальваникалық
элемент
R
Резистор,
актив
кедергі
L
Индуктивтік,
катушка
С
Сыйымдылық,
конденсатор
G
Айнымалы
тоқ
генераторы
F
Сақтандырғыш
Электр энергиясы электр станцияларында және қабылдағыштарда көбінесе айнымалы
тоқ электр энергиясы түрінде өндіріліп, тұтынады. Бірақ қабылдағыштарды энергиямен
қамтамасыз ету үшін тұрақты тоқ электр энергиясы қолданылады. Кейде техника-
экономикалық ұғыныстар бойынша тұрақты тоқ рационалдау болса, кейбір
қабылдағыштар үшін тоқтың мүмкін болатын жалғыз түрі болып табылады. Тұрақты тоқ
электр энергиясын электронды, ионды және электромашиналық түрлендіргіштер арқылы
алады.
Электр тізбегін есептеу және талдау кезінде тізбек бөліктеріндегі тоқ күші, кедергі,
кернеу, ЭҚК және қуат шамасы анықталады.
Радиоэлектроника - радио-жиіліктік электромагниттік тербеліс пен толқындарды
түрлендіру және қолдану негізінде ақпаратты беру және түрлендірумен байланысқан
бірнеше ғылым және техника саласындағы жинақталған ғылым, оның негізі ретінде
радиотехника және электроника
алынады.
Радиотехника
- электромагниттік тербелістер және толқындар туралы ғылым,
олардың генерациялануы, күшейтілуі, сәулеленуі және қабылдану әдістері. Бұдан басқа
радиобайланыс, радиохабар, теледидар, радиолокация, радионавигация және т.б.
хабарларды тербеліс пен толқындарды пайдалана отырып беретін техникалық аймақ даму
үстінде. Радиотехникалық тәсілдер мен қондырғылар автоматикада, физикада,
медицинада және есептеу техникаларында, байланыс қондырғыларында және
радиоаппаратураларында және т.б. кеңінен қолданылады.
Электроника
- ол электрондардың электромагниттік өрістерімен өзара әсер
әрекеттерін және вакуумдық, газразрядтың және жартылай өткізгіштік қондырғыларды
құру әдістерін түсіндіретін ғылым.
Бүгінгі электроника - қазіргі қоғамдағы ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын,
оны жан-жақты толық сипаттайтын техниканың бір саласы. Ядролық және ғарыштық
техника мен технология, телекоммуникация жабдықтары, компьютерлік, сандық жүйелер
және т.б. бүгінгі күні микроэлектроника құрылымдарына негізделініп жасалады.
Радиоэлектроника, микроэлектроника саласы қазіргі уақытта ақпаратты жинау мен
түрлендіру, есептеуіш аппаратурасы, автоматты және автоматтандырылған басқару,
энергияны шығару және түрлендіру облыстарындағы әр түрлі мәселелерді шешудегі
әмбебап және өте тиімді құрал болып табылады. Мәселен, өнеркәсіптегі көптеген
технологиялық объектіні басқару жүйесі құрылымын қарайық. Бақыланатын шамалар
(мысалы, температура, жылдамдьқ, қысым, т.б.) туралы ақпарат бар электрлік сигналдар
сәйкесті сезгіштер арқылы өңделіп шығарылады да, іріктеліп, сүзіліп және күшейтіліп,
аналогтық түрлендіргіштер арқылы сандық пішінге түрлендіріледі. Сосын олар
микропроцессорға беріледі. Микропроцессордың орнында компьютер болуы мүмкін.
Микропроцессор
қалыптастырған
сигналдар
сандық-аналогтық
түрлендіргіштер
көмегімен аналогтық түрде айналдырылып атқарушы механизмдерді басқаратын, тікелей
объектіге әрекет ететін электрондық күштік құрылғыларға (қозғалтқыштар, реттегіштер,
т.б.) беріледі. Қарастырылып отырған жүйе аналогтық (үздіксіз) сигналдармен (сүзгілер,
күшейткіштер, күштік электрондық құрылғылар) және сандық сигналдармен
(микропроцессор, компьютер) жұмыс істейтін электрондық құрылғылардан, сондай-ақ
сигналдарды аналогтық түрден сандыққа және керісінше түрлендіруді іске асыратын
құрылғылардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |