Оспанкулов ернар ерланович


ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ



Pdf көрінісі
бет24/77
Дата20.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#141365
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
Байланысты:
disser ernar

2 ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗБЕТІМЕН ОРЫНДАУ ДАҒДЫЛАРЫН 
ДАМЫТУДЫ МОДЕЛЬДЕУ 
2.1 Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының 
өзбетімен 
орындау 
дағдыларын 
дамытудың 
дидактикалық жүйесі 
Зерттеу жұмысымыздың дидактикалық жүйесінде жалпы дамыту 
жаттығуларын оқытудың, оқушылардың өз бетімен орындау дағдыларын 
меңгеруінің мақсаттары, білім мазмұны, білім беру әдістері мен құралдары 
қарастырылады.
Дидактика – оқытудың, білім берудің және оқып-білім алудың 
заңдылықтары туралы ғылым саласы. Жалпы дамыту жаттығулары арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту 
жүйесінің дидактикалық жүйесінің басты қарастыратын мәселесі – жалпы 
дамыту жаттығуларын оқыту және өз бетімен орындау дағдыларын 
қалыптастыруға арналған оқу материалының мазмұны. Осымен байланысты, 
бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен 
орындау дағдыларын қалыптастырудың ұстанымдарын, оқу материалын іріктеу 
мен сұрыптау талаптары мен критерийлерін анықтау маңызды орынға ие 
болмақ.
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісі жүйе ретінде танылады. Ол 
үшін, жүйенің және «дидактикалық жүйенің» табиғаты туралы тоқталу керек. 
Жүйе дегеніміз – жекелеген элементтердің бір-бірімен байланыс жасап, 
қатынас туындатуы және сол арқылы қандай да біртұтастықты құрауы [119].
Зерттеу жұмысымызды, соның нәтижесінде ұсынылатын әдістемені жүйе 
теория тұрғысынан қарастыра отырып, оның ашық жүйеге жататынын атап 
көрсетеміз. Өйткені, ашық жүйенің «өзі қызмет жасайтын ортаның 
құралдарының есебінен кеңею қабілетіне ие болатын» ерекшелігі – 
ұсынылатын әдістемелік жүйенің уақыт өтуімен және заман талаптарының 
өзгеруімен бірге толығып, бейімделіп отыратын жүйе болуына тірек жасайды. 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамыту үдерісі білім беру мен тәрбиелеу 
саласына тікелей қатысты болғандықтан, ол дидактикалық жүйеге 
жатқызылады. Дидактикалық жүйе дегеніміз – білім беру және тәрбиелеу 
жүйесі, оның құрамы күрделі болып келеді, басты элементтері – (мұғалімнің) 
оқытуы, тәрбиелеу және (оқушының) білім алуы, тәрбиеленуі. Дидактикалық 
жүйенің құраушы элементтері жылжымалы, қозғалмалы болып келгенімен, 
оның құраушылары тұрақтылық сипатқа ие болып келеді. 
Басты құраушы элементтері: 
-
оқыту мақсаты; 
-
білім мазмұны; 
-
оқыту/білім алу әдістері; 


54 
-
дидактикалық құралдар; 
-
оқыту нәтижелері және бағалау әдістері; 
-
мұғалімнің оқыту әрекеті; 
-
оқушының білім алу әрекеті; 
-
білім беруді ұйымдастыру формалары; 
-
дидактикалық ұстанымдар; 
-
білім беруді ұйымдастыратын басқа да дидактикалық шарттар. 
Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының 
өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың дидактикалық жүйесінің өзіндік 
сипаты төменде көрсетілген 9 суреттен танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет