Орыс тілі білімінде біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар бар. Мәселен, белгілі тіл маманы О.С.Ахманованың
"Лингвистикалық терминдер сөздігінде": Әдеби тіл дегеніміз белі ілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен қарапайым сөйлеу
тіліне қарағанда жалпыға бірдей міндетті және "дұрыс" деп қабылданған нормасы бар тіл" деген анықтама беріледі.
Осыған жақын анықтама Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалардың "Лингвистикалық терминдердің анықтама сөздігінде" де
кездеседі. Олар әдеби тілді "халықтың әр қилы мәдени қажеттілігіне қызмет ететін нормаланған тіл яғни көркем әдебиеттің,
публицистикалық шығармалар мен мерзімді баспасөздің, радио, театр, ғылым, мемлекеттік ұйымдардың т.б. тілі" деп
айқындайды.
Әдеби тілдің қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: