Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет116/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

1. Мағыналық реңктер.
Бір ұғымды білдіретін мəндес сөздердің бір-бірінен сəл мағыналық 
айырмашылығы болу керек. Бір мағынада қолданылатын екі сөздің 
мағынасы өзара не төмен, не жоғары немесе тар, кең болуы мүмкін. 
Мысалы: атқыш – мерген, соғыс – ұрыс, ұстаз – мұғалім.
*
 Фразеологиялық синонимдер туралы толық мағлұматты автордың 1998 ж. жарық 
көрген «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» монографиясы-
нан алуға болады.


177
2. Стильдік реңктер.
Сөздердің функционалдық стильде қолданылуына қарай, сөздер бел-
гілі бір стильдік реңктері бар. Сөздердің айтылуына қарай анықталатын 
реңк түрлері өте көп. 
 
Алайда бұларды сөздіктерде белгілеп отыру қиын мəселе. 
Мəселен, қазақ тіліндегі сөздердің стильдік реңктері түгелдей белгі-
ленген деп айту қиын. Мысалы: мереке – той, азамат – жігіт деген мы-
салдарда көтеріңкі реңк бар. Ал асқар – биік, шапақ – арай – поэтикалық, 
көлік – бұт артар т.б. кеміту, менсінбеу сияқты реңктер бар.
3. Сөз қолданысындағы реңктер. 
Тілдегі синоним сөздер қаншалықты мағыналас, мəндес болса да 
бірінің орнына бірін емін-еркін ауыстырып қолдана беруге болмайды. 
Сөздердің ежелден қалыптасқан қолданыс орны, қолданыс жиілігі, 
басқа сөздермен тіркесімділігі дейтін заңдылықтары бар. Бұрыннан 
қалыптасқан тіркестер құрамындағы сөздердің орнына мағыналас кез 
келген сөзді ауыстырса, мағынасына нұқсан келеді жəне сөз бойындағы 
ерекше реңк бұзылады. Мысалы: өмір сүрді ≈ ғұмыр сүрді, биік тау ≈ 
бойшаң тау. 
Ал мағыналас фразеологизмдердің фразеологизмдердің лексикалық 
синонимдерден едəуір айырмашылықтары бар. Олар:
♦ Тұрақты тіркестердің семантикалық нəтижесі – фразеологиялық 
мағына. Адамдар сөйлеу қажеттілігін өтеу кезінде фразеологизмдерді 
алдымен айтайын деген ұғымының мағынасына қарай таңдайды. 
Сондықтан мағыналас фразеологизмдердің қатар басы фразеологиялық 
мағынаға бағыт беретін тірек сөз /доминант/ – лексикалық мағынадан 
басталады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет