Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет117/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

к ө ң і л с і з д і к 
ұғымына қатысты мынадай 
мағыналас тіркестер қатар түзеді:
Бас терісі салбырау
Еңсесі түсу
Екі иығы салбырау
Жүзі сынық
Жүні жығылу
Жігері құм болу
Илеген терідей болбырау


178
Көңілі жер болу
Көңілі құлазу 
Қабағы салбырау т.б.
♦ Мағыналас қатарға біріктірілген фразеологизмдер тек жалпы 
ұғымды беру шарт. Мағыналас фразеологизмдер лексикалық синонимдер 
сияқты тек белгілі бір сөз табына жатпайды, бір семантикалық өрістегі 
тұрақты тіркестер ретінде жалпы ұғым мен түсінікті қамтиды. Сол се-
бепті мағыналас фразеологизмдер қатарына əр сөз табынан ұшыраса бе-
ретін жəне құрылым құрылысы əр түрлі болып келетін фразеологиялық 
тірккстер енеді. Ұғымның жан-жақты берілу формалары басты мəселе. 
Мысалы, 
ұ я л у
жалпы ұғым. Ал оның фразеологиялық көрінісі:
Бетінен оты шығу 
Өлмегенге қара жер
Өлген жері осы
Кір келтіру
Беті күю
Жер шұқу
Жүзі шыдамау
Құлағының ұшына дейін қызару т.б.
♦ Мағыналас қатарда тұрған фразеологиялық тіркестерде жалпы ұғым 
мен түсінік басты ерекшелік болғандықтан қатар жасайтын мағыналас 
тіркестер түрлік сипатпен емес ұғымдық сипатпен іріктеледі.
Ұғым жалпылылыққа негізделеді, ал түсінікке нақтылық тəн. 
Сондықтан, мағыналас фразеологизмдерді топтастырғанда тіркестердің 
мағынасы тепе-тең сөздер емес, мағынасы жақын, мəндес квазисиноним-
дер басты орында болады. 
♦ Мағыналас фразеологизмдер қатарын тілдегі адамдық фактор, яғни 
антропоцентризм тұрғысынан жалпы ұғымдық катыста біріктірілетін 
фразео-семантикалық тақырыптық топтар құрайды.
♦ Фразеологизмдердің басты ерекшелігі – бейнелілік, затты, құбылысты 
бағалау, сипаттау. Мағыналас қатарлар эмоцияның алуан түрлі реңктерін 
жан-жақты көрсете алады. Əсіресе, жоғары эмоция түрлерін ерекше си-
паттайтын синонимдік қатарлар саны жоғары дəрежеде.
♦ Мағыналас фразеологизмдер қатарларының доминанты, тірек сөзі 


179
болып жеке сөз де тұруы мүмкін немесе тірек мағына ретінде жеке фра-
зелогизм де болуы мүмкін. Мысалы, 
р е н ж у

қабағында кірбең болу 

 көңілі құлазу 

 тауы шағылу т.б 
Ал мына мағыналас қатарларға: 
бағы жанбау 

 сормаңдай болу

 
тұмсығы тасқа тию 

 басынан бағы таю т.б.
жеке сөз тірек сөз /до-
минант/ бола алмайды, мұнда тек ұйытқы немесе тірек мағына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет