47
2 ТАРАУ
Когнитивтік фразеология
2.1 Когнитивтік фразеологияның пəні,
мақсаты мен əдіс-тəсілдері
Тіл білімінде фразеология мен когнитивистика фразеологизмдердің
мағынасына қатысты бір-бірімен байланысты сөз етілетін бағыттар.
Тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері коммуниканттардың
тілдік санасында түрлі мағыналық реңктермен сақталуын жəне праг-
матикалық-дискурстық үйлесімін зерттеу фразеологияның теориялық
əдіснамалық негізінің тереңдеуін қажет етеді. Бұл өз кезегінде тіл білімін-
дегі когнитивтік зерттеулерге иек артады. Когнитивік лингвистканың
гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы ізденіс жетістіктерін тілшілер
бірден құптаған.
А. Киклевич: «Заслуга когнитивной лингвистики заключается в том,
что она – восстав против сформировавшей в ХХ в. традиции имманент-
ного структурного языкознания – выдвинула на первый план «человечес-
кий фактор», в частности ортажаемые в естественных языках структуры
и способы познания» деп атап көрсетеді. [2007, с. 70].
Когнитивтік лингвистиканың базалық ұғымдары «концепт», «фрейм»,
«гештальт», «схема», «сценарий» т.б. о баста антропологиялық білім
парадигмаларының түрлі когнитивтік ғылым салаларынан алынған.
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу-
лер қазақ ғалымдарының түрлі ғылыми еңбектерінен көрінеді. Атап
айтқанда,
тілдік таңбаның мағыналық, мазмұндық мəні арқылы
дүниені тану жағын қарастыру (Э.Д.Сүлейменова), адамзаттың этно-
ментальді дүниесінің тіл арқылы берілуі (Н.Ж.Жарқынбекова), эмоция,
гештальт-құрылым түріндегі концептілердің көрінісі (Қ.Жаманбаева),
сөз əрекетіндегі когнитивтік модельдердің типологиясы, (Г.Г.Гиздатов),
прозадағы контраст концептілердің тілдік көрінісі (С.Сүгірбекова),
концептілердің ұлттық-мəдени компоненттері (Ш.Елемесова), байырғы
ұлттық танымның көркем прозадағы тілдік бейнеленуі (Н.Аитова), кейіп-
кер тілінің когнитивтік мəні мен тілдік тұлға мəселесі (Ж.Сəткенова),
концептілік құрылымдардың поэтикалық мəтіндегі вербалдану ерек-
48
шелігі (А.Əмірбекова), жеке лексемалар арқылы концепт мазмұнының
берілуі (М.Күштаева, А.Смаилов т.б.) жəне т.б.
ізденістер қазақ тіл
білімінде когнитивтік лингвистиканың пəн ретінде қалыптасқандығының
айғағы. Сондай-ақ, қазақ лингвистерінің когнитивтік аспектідегі зерттеу
жұмыстарының нəтижесі қазақ тіліндегі «байлық-кедейлік, «өмір-өлім»,
«жүрек», «жан», «өзім-өзге», «үй», «парыз», «əйел», «тары» т.б.
концептілердің тілдік бейнелері сараланды. Когнитологияның қазақ
тіл біліміндегі қарқынды дамуы «элитарлық лингвистикалық пəн»
(Мокиенко) ретінде фразеологияға да жемісті нəтижелер
алып кел-
ді. Фразеологизмдердің қойнауларында жатқан экстралингвисткалық
ақпараттарға деген қызығушылық бұрынғыдан да жан-жақты əрі
тереңдей түсті.
Когнитивтік фразеология фразеологизмдердің семантикасын тіл-
дік жəне тілдік емес ақпараттар арқылы дүниені қабылдау, сондай -ақ,
тіл иесінің менталдық болмысының ерекшеліктерін терең, жан-жақты
қарастыруға мүмкіндік береді.
Фразеологиялық мағынының жасалуы мен қалыптасуын зерттеуде
когнитивтік лингвистиканың мүмкіндіктері мол.
Тіл мен танымның
сабақтастығы нəтижесінде концептөрістегі білім құрылымы мен фор-
масы жəне оның репрезентациялануы фразеологиялық зерттеудің жаңа
парадигмаларына негіз болады.
Лингвистикада ерекше ғылыми бағыт ретінде когнитивтік
фразеологияның қалыптасуы оның нысаны мен зерттеу пəніне байла-
нысты.
Достарыңызбен бөлісу: