Монография «Елтаным баспасы»


Жер-су аттарына байланысты айтылатын фразеологизмдердің



Pdf көрінісі
бет85/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

Жер-су аттарына байланысты айтылатын фразеологизмдердің
кейде кісі аттарымен қоса айтылатын тұстары бар. Себебі тарихи кісілер 
белгілі бір жерде туып өскендігімен жəне ұрпағына еліне үлгі етіп 
қалдырған ұлы ісімен өз есімін бір географиялық аймаққа паш етеді. 
Тарихшы Қ.Халид: «Менің өте таң-тамаша болатыным, қазақ оқымаған 
халық деген лақап айтылады. Ал, жағрафия, астрономия сияқты арна-
улы пəн оқымай білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған 
дəлме-дəл ат қойып сөйлейді» деп жазуында үлкен мəн бар. (1992:304). 
Тілімізде жер аттарына қатысты жасалған тұрақты тіркес құрамында 
қазақ жеріндегі ислам дінінің таралуына қатысты айтылатын: 
«Сайрамда 
сансыз бап, Түркістанда түмен бап, Арыстанбапқа түне, Қожа Ахмет-
тен тіле» 
деп айтылатын діни тілек тіркестерінде де тарихи мəн бар.
Қазақтар арасына кең тараған, əсіресе, атақты діни адамдар есімі. 
Мысалы, 
«Мəдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» 
т.б. 


124
Сондай-ақ, аты аңызға айналған əулие, пір тұтқан ел есіндегі есімдер: 
«Маңғыстауда – пір Бекет», «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бе-
кет», «Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айқандарын екі етпей-
ді».
Бұл мысалдардың барлығы 17-18 ғасырда Маңғыстау өңірінде өмір 
сүрген əулие, ұстаз жəне шеберлігімен, батырлығымен даңқы асқан Бе-
кет Мырзағұлұлына қатысты айтылған халық бағасы. 
Ел мен жер, туып өскен өлке тарихы да ұлт мəдениетінің алыс, тіпті 
елеске айналған қабаттарынан дерегі мол дүниені əкеледі. Тіл мəдениеттің 
барлық салаларына қатысты. Ұлт мəдениетінің ертедегі қалпын зерделей 
алғанда ғана, бүгінгі дəуір мəдениеті туралы, дəстүр жалғастығы тура-
лы пікір айтуға болады. Мəдениеттің сонау рулық, тайпалық, халықтық 
сатысынан бері қарай жалғастығын табуға себепші болған нəрсе – тек 
ұлт тілі. Олай болса, «ə
ркімнің туған жері – Мысыр шаһары» (əркімнің 
туған жері бір Мысы) 
тіркесіндегі ой астары тек туған жерге ғана құрмет 
қана емес, мəдени алыс-берістің географиялық кеңдігі. 
Алыс, қашықтық ұғымында айтылатын – «
Барар жерің Балқан тау, 
Ол да біздің барған тау» 
– тарихи оқиғаның дерек көзі. Шын мəнінде 
Балқан тау адам аңсаған арман жер емес, керісінше Шыңғыс ханның 
жаугершілік заманында бас сауғалаған қазақтар Түркіменнің Небит-дағ 
қаласының екі жағындағы Үлкен Балқан, Кіші Балқан тауларына дейін 
барған деген аңыздан туған тұрақты тіркес. 
Қазақ ұлтына етене жақын айтылытын тіркестердің бірі – «
Күлтөбенің
 
басында күнде жиын»
. Болсын болмасын, құдайдың құтты күнінде жиын, 
мəжіліс құра бергенді жақтырмай айтады. Бұл тіркестің шығуына да ер-
тедегі тарихи оқиға себеп болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет