Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет33/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Шілденің аптабында күзгі желтоқсанның қара суығы 
қалтыратқан жүдеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай 
аз 
ауыл болыстың зәуде нөкерлетіп келуінен әрі-сәрі (31). ... 
Күзгі жел айдаған қаңбақтай жиырма 
үй Шілмембет (31). 
Бұл – үйреншікті әдіс-ақ болсын: қазақ жазушыларының 
қай-қайсысы да айдай даланы, асқақ тауларды, мөлдір сулар-
ды, көкорай шалғынды т.т. теңеуге жиі-жиі жаратады (сірә, 
бұл – қазақтың табиғатқа жақын жүріп келгенінен, әлі де 
урбанизацияға – қалалық, өндірістік өмір тіршілігіне жаппай 
көшіп болмағанынан болар)...
Шерхан Мұртазаның табиғат көріністерін кәдеге асырғаны 
– теңеуден басқа тұстарда да байқалады. Мысалы, түрме ау-
ласында дәретханаға барар жолдың бойында сыртқы дуалды 
қаулап өскен қара сора бар. 
Кезінде орып тастауға ешкім 
құнттамаған қара сора сорлы жоңышқа емес не отын болып 
жарытпас, содан шаң қауып, гүлі түсіп қурап, Құдай қарғап 
қауқиып тұрғаны
(58). Бір қарағанда, дәл осы сөйлемдердің 
– қайдағы бір шаң басып, қауқиып тұрған қара сораны 
суреттеудің не қажеті болды деп ойлауға болады. Бақсақ, бұл 
қара сора 
– образ, бостан өмірдің сим волы, ол өмір бойы дала-
да тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскен Рысқұлға қырық 
құрақ құрым үйін («гүлі түсіп, қурап қауқиып тұрған») немесе 
Ақсу-Жабағылының қара орманын («Қаулап өскен қара сора») 
елестетеді, ал құрым үйінде болу не Ақсу-Жабағылының орма-
нын аралау – бостандықта жүрген күндердің символы. Міне, 
қауқиған қара сораны суреттеудің керек жері осында екен!
Сол сияқты Саймасай болысты атып өлтірмек болып, биікте 
тосын отырған Рысқұлға тау тұмсығындағы 
қара жартас
қаһарланған адам кейпінде көрінеді, ол адам – наладан жаны 
күйзелген, әлденеге тас түйілген Рысқұлдың өзі!
Уақиға барысын әсерлі етіп беру үшін жазушы табиғат 
көрінісін контраст ретінде береді. Адамы өлген Алсай ауы-
лы Дауылбай болыстың керегесін сындырып, айбат көрсетіп 
кетеді, енді Алсай ауылы Дауылбай болыстың қарсы қимылын 


64
(ауылды шабуын) күтіп отырады. Осы кездегі табиғат көрінісі 
әуелі 
Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу 
бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары 
жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-
әлсін әупілдеп иттер үріп қояды 
деп суреттеледі, 
«мұндай кеш-
те қыз ұзатса жарасады... ертедегі ерлік замандар туралы 
қисса тыңдар ма еді!
Бірақ 
«Алсай аулында оның бірі де жоқ. 
Қабақ қатулы
...». Енді
 қап-қараңғы айсыз түн түсті
... 
жан-
жақтан таулар түксиді. 
Міне, табиғаттың осындай екі сәтін 
контраст түрде беріп, жазу шы қаралы ауылдың үрейлі күйін 
әсерлі етіп суреттеген. Шәкірт Тұрардың тергеуші Семашкомен 
танысуы – өмірінің жаңа белесінің – көкірек көзінің жаңаша 
ашылуының басы болатын. Кейіпкерінің өмір жолындағы бұл 
сәтін жазушы тағы да табиғат арқылы аңғартады:
Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашық жа-
сыл жапырақтары күннен-күнге жайылып, сырғалары сал-
бырай бастады. Күзде жан тәсілім еткен сары жапырақтар 
қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы 
тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасы-
нан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрік етіп, мәңгілік 
өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ 
(300).
Әңгіменің (баяндау тексінің) жаңадан басталатын жері 
табиғаттың осы суретімен ашылады. Тегін емес. Бұл – Тұрар 
жастың әрі қарайғы өмірінің увертюрасы, құлақкүйі: жұлым 
күркеде туып, түрмеде біраз уақыт күн кешіп, бір өліп, бір 
тіріліп дегендей, тіршіліктің талай күз бен қысын өткізіп келе 
жатқан ақ терек – Тұрар бала болса, оның енді жазы басталғалы 
тұр. Жазушы Семашконы Тұрар оқып жатқан мектепке күзде 
не қыста келтірмей, жазға салым келтіруінде де, сол жазға 
салымдағы табиғаттың бір көрінісін емес, жапырақтары жай-
ыла бастаған ақ теректі суреттегенінде де гәп бар екен, мүмкін, 
жазушы дәл осыны ойлап әдейі жазбаса да, қаламы еріксіз осы-
лай жаздырған, ал қаламы – иесінің мәнері, шығармашылық 
стилі.
Ш.Мұртазаның табиғат көріністері – кейіпкерлерінің ажы-
рамас серігі, қатарласа жүретін копиясы болғандықтан, жа-
зушы кейде оларға жан да бітіреді: кейіптеу тәсіліне барады. 
Мысалы:


65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет