бозым
халі (22), шаруасы
шінжәу
Ахат шал (31),
ұлан
ас (36) («үлкен, ұлан-асыр ас берілді» деген мағынада),
шымалдай
құжынаған халық,
дуайпат
өгей шеше,
күпек
шашбау, Жылқыайдар
можан- томпай,
момындау кісі (131),
можан-томпай
шаруа құрып алған (219) (бұл сөзді өзге жа-
зушылар да қолданып жүргенін осы еңбектің өзге тұстарында
да айттық),
түңкелі
үй (254, 296), он тиын
шіріңкеден
құр
қаласың (288) сияқты сөздердің қайсысы жергілікті, қайсысы
көне сөз, қайсысы әдеби тілге ену мүмкіндігі бар потенциал
сөз екенін айырсақ, жазушының сөз қазынасының молдығынан
69
ха бар аламыз. Бұлардың ішінде
шымал, шінжәу, можан-том-
пай, түңке, шіріңке
деген
сөздер «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» тіркеліп, мағыналары көрсетілген, тек кейбірінің
тұлғалануында өзгешелік бар: роман тексінде
шінжәу
деп
берілген сөздің сөздіктерде тіркелген фонетикалық-графикалық
варианты –
шынжау,
сол сияқты біздің авторымыз
шіріңке
деп
берген сөзі «Түсіндірме сөздікте»
шірінкене
түрінде тіркелген,
мағынасы – «сауда-саттықта екі жақты келістіруші делдалдың
алатын ақысы» деп көрсетілген, мүмкін, бұл – көбінесе сауда-
саттығы активтеу болған оңтүстік өңірлерде қолданылатын
кірме сөз болу керек, сондықтан бір жерде
шірінкене
түрінде
қолданылуы әбден ықтимал. Сол сияқты біз тілін әңгімелеп
отырған шығармада
түңке
түрінде жазылған сөз «Түсіндірме
сөздікте»
түніке
вариантында тіркелген, мағынасы «үй
төбесінің шатырын жабатын қаңылтыр» деп түсіндірілген.
Жазушы
бұлым
деген сөзді бірнеше рет қолданған, контек-
ске қарасаң, ол – жер бедеріне қатысты сөз тәрізді:
Рысқұл су
жағалап, бір
бұлымды
айналып өтіп, тұйықтау тас қорымға
тартты
(91). Қазақ тілінің лексикалық қазынасын түгендеген
он томдық «Түсіндірме сөздікте»
бұлын
сөзі жоқ, ал
бұлың
сөзі зат есім емес, сын есім, яғни «бір-біріне жалғас, белең-
белең, қалтарыста» деген мағынаны білдіріп, негізінен
бел
сөзімен келетінін көрсетеді:
бұлың белдер.
Әрине, «Түсіндірме
сөздік» ешбір тұлғаны қалдырмай тіркеген деуге болмайды,
сондықтан «қалтарысты жер (бел)» ұғымында
бұлым
сөзі
де болуы әбден мүмкін. Шымал – «құмырсқаның кішкене
түрі» болса, жазушының
шымалдай құжынаған
деген образ-
ды фразеологизмі әдеби тілде көбінесе
құмырсқадай
немесе
қарақұрттай құжынаған (қаптаған)
деп айтылады. Демек,
варианттар тепе-тең, екеуі де қолданыста бар, тіпті
шымал-
дай құжынаған
деген аналогы әсерлілеу екені байқалады.
Можан-томпай
сөзі «Түсіндірме сөздікте» осы орфограм-
мада (жазылуында) беріліп, «момын, қақ-соғы жоқ» деген
мағынаны береді деп көрсетіледі. Жазушы (тек Ш.Мұртаза
емес, осы сөзді қолданған өзге қалам иелері де) бұл сөздің
мағынасын кеңейтіңкіреп қолданатын тәрізді. Айталық, осы
шығармада «Қырғызбай... Меркенің базарында делдалдық
қылып,
можан-томпай шаруа құрып алған»
(219) деген сөй-
70
лем бар, мұндағы
мо жан-томпай
«момын» деген емес, «кіші-
гірім, аз-маз, болмашы» (әлде «әжептәуір, едәуір» ме?) деген
ұғымда келген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |