89
Бұлардың барлығы да – жазушы қаламынан туған авторлық
дүниелер.
Индивидуалдық образды параллельдердің енді бір тобы
ұйқасқа құрылған болып келеді, әрине, ол – өлеңдегі сияқты
аяққы ұйқас емес, параллель құрылымның компонентінің ішін-
де өзара ұйқасқан сөздер болады. Іштеріндегі бір сөзі ұйқасып
келген параллель құрылымдар Ә.Кекілбаевтың екі кітабында
да едәуір мол кездеседі. Молдығы сондай, олар кейде тұтас аб-
зацты алып жатады:
Қолына тізгін тимесе де, еліне
елеулі,
халқына
қалаулы
азаматтың басы алтын, құйрығы күміс ботаға буаз боз інгендей
жапырып
отап,
сапырып суламай, тыраңдап аунап
,
бұртаңдап
туламай,
өз қадірін өзі біліп... анық баспағы шарт (169).
Әрі қарай да осылайша ұйқасты құрылымдар кетеді. Келесі
мысалдар да ұйқасты сөздермен келген параллельдерді таны-
тады:
Жау
сұғына түсем
де, қазақтың жүні
жығыла
түседі (122).
Ай астының
зоры
болам деп жүргенде, өз ұяластарының
қоры
бола жаздапты ғой (275). Жайса –
белге,
жапса –
көлге
сыймай-
тын мал (278).
Ал мына мысалдар ұйқастың басқа үлгісіне жатады. Бұл
жердегі «ұйқас» дегеніміз – шартты, яғни ұйқасқан сөздер ды-
быс үйлесіне қарай емес, сөз құрамына қарай, яғни морфемдік
сөйкестіктерге қарай қатарласады: көзінің
сұғы
мен бетінің
сұсы
мол Абдолла (53). Қазақтың
желкөз
керегесінің аржағында
желбуаз
әңгіме жетпей қалушы ма еді? (141).
Бұндағы ұйқас – дыбыстық емес, морфемдік екі сөздің
құрамында бір сөз келіп тұр
(жел–жел).
Бұл – өте сирек
кездесетін тәсіл. Мұндайда морфемдес (сөз құрамына енген
бөліктердің біркелкілігі) сөздер айтпақ ойға сай болуы керек:
желбуаз
әңгіменің қазақ ортасында тез жайылатынын бейне-
леп айту үшін сол ортаның айналасын
«желкөз
қабырғаның
аржағы» деп беру дәл түсіп тұр. Жазушы осындай сирек
«ұйқастарды» табуға келгенде ізденімпаздық танытқан. Мыса-
лы, «Елең-алаңдағы» мына сөйлемде морфемдес қатар парал-
лель құрылымдар емес, бір сөйлемнің ішінде келтірілген:
Бірақ қашан көрсең де асығыңды алдап ұтып алғысы
келіп жүретін
Достарыңызбен бөлісу: