85
рылған сияқты. Мұнда Әбілқайырдың орыс патшасына бо-
дан болуға елші жібергені, соның нәтижесіңде хан ордасы-
на патша елшілігінің келіп, бір жылдан астам уақыт ішінде
көрген-білгені, істеген әрекет-қарекеті, сол мерзім ішінде
қазақ қауымының «ел ұстағандары» (ел билеген хан, би, ба-
тырлардың) мен қара халқының тіршілік-тынысы, ой-санасы,
талап-мүддесі суреттеледі. Негізгі оқиға біреу, оқиға уақыты
шағын... бірақ «Үркерде» жазушы қазақ халқының бұл
оқиғадан бұрын өткен ұзақ тарихына, елдігін сақтау жолын-
дағы жойқын ұрыс-шайқастар көрінісіне барады, баяндай-
ды, суреттейді. Оларды хронологиялық тәртіппен бермейді.
Әбілқайырдың немесе өзге кейіпкерлердің еске түсіруі сияқты
ой елегінен өткізген стильде баяндайды. Тіл – автордікі, ба-
яндау, суреттеудегі үн (тон) – кейіпкердікі. Тіпті автордың өзі
айтып тұрған күнде де көзінің бір киығын кешегілердің таным-
түйсігі мен бүгінгілердің талғам-талабына тастап отырған.
Ол үшін тілдің көркемдік-стильдік амалдарына иек артқан.
Бұл амал-тәсілдердің бірқатарын өзіндік қолтаңба мәнеріне
айналдырған, бірсыпырасын активтендірген, бірсыпырасын
шебер жұмсаудың үлгісі ретінде берген. Енді солардың әр-
қайсысын фактілермен көрсетелік.
Ең алдымен, Ә.Кекілбаевтың бұл шығармасының тіліндегі
поэтикалық үн (белгі, сипат) көзге түседі. «Поэтикалық» деген
анықтауыш тек поэзияға (өлеңге) қатысты ғана емес, жалпы
бейнелілікке (образдылыққа), көркемдікке қатысты деген де
мағына береді. Сондықтан поэтикалық сипат тек өлең сөзде
ғана емес, прозалық шығармаларда да көрінеді.
Ә.Кекілбаевтың аталған тарихи романдарының тілдік-
стильдік мәнері поэтикалық сипатымен ерекшеленеді деп
түйсек, оны дәлелдеу үшін төмендегідей фактілерді келтіруге
болады.
Жазушы бір нәрсенің, кейде адамдардың сыны мен сырын,
белгісі мен қасиетін, сапасы мен салмағын бейнелеп (образдап)
сипаттайды. Мысалы, хан болу сияқты билік тізгіні қолдарына
тимей жүрген Өсеке ұрпағын «шаршы төр бұйырмай,
Достарыңызбен бөлісу: