139
байыпты, ақылды қылық-әрекетін, әрі Ораз-Мұхамедтің ішкі
жан дүниесінің иірімдерін көрсетуге арналған өте ұтымды, өте
үнемді (бір-ақ сөз) құрал болып шыққан.
Басқа жазушылармен салыстырғанда, мысалы, жоғарыда
өзіміз сөз еткен ұлы Мұхтар Әуезовтің, Әбіш Кекілбаевтың
көркем шығармаларындағы парцелляцияның көрінісіне қара-
ғанда, Мағауиннің «Аласапыран» романының екі кітабында да
парцелляцияланған тұстар әлдеқайда жиі кездеседі. Олардың
кез келгенін жоғарыдағы үлгімен таныстыруға болады.
Барлығында да парцелляцияның негізгі қызметі – стильдік
мақсат көздеу, ой екпінін түсіру, оқырман назарын аударту,
«материалдық аз шығынмен» (бірер сөзбен) көп нәрсеге
(білдірмек информацияға, ұсынбақ идеяға) қол жеткізу. Тағы
бір мысал келтірелік:
Ал қазір... соншама үзілістен соң, тұман пердесі жаңа ысы-
рылғандай. Бар түр-тұлғасы, сыр-сымбатымен көз алдына келе
қалды. Бірақ жақын тартқан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: