Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет76/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

қасиетті кітаптар 
айтады, ұлы ақындар айтады, ғұлама ғалымдар айтады
деген қайталама сөйлемдерді келтіріп, әрқайсысынан соң, 
олардың айтқан сөзінің мазмұнын келтіреді де үш сөздің 
үшеуінің де соңын біртектес сөйлемдермен бітіреді: 
Сөз аяғы 
тұлдырсыз уағызға айналар еді, Сөз аяғы тұрлаусыз хикаяға 
ұласар еді, Сөз аяғы тиянақсыз тауарихқа тірелер еді.
Бұлар 
– бір сөздің, не бір сөйлемнің бұлжымай қайталануы емес, 
мазмұндас қайталамалар, яғни сөздері әртүрлі болғанмен, ай-
татын идеясы біркелкі: кім айтады, сөз мазмұны немен тына-
ды. Бұл жердегі қайталама құбылысы сөйлемнің синтаксистік 
құрылымы мен сөйлем мүшелерінің морфологиялық тұлға-
ларының біркелкілігі, кейбір сөздердің әрқайсысында қай-
талап келуі 
(айтады, сөз аяғы) 
және синонимдес сөздердің 
қолданысы 
(тұлдырсыз – тұрлаусыз
– 
тиянақсыз, уағызға 
айналар еді – хикаяға айналар еді
– 
тауарихқа айналар еді)
арқылы жасалған. Міне, авторға бұл типтес қайталамалар үшін 
қаншама қажеттіктерді табуға тура келген.
Жалпы қайталама типтес бірыңғай конструкцияларды 
келтіру де – Мағауиннің сөз мәнерінің бір белгісі, олардағы 
қайталанатындар да – жеке сөздер, тіркестер, сөйлемдер емес,
морфологиялық тұлғалар мен синонимдер. Мысалы: тіл 
орта- 
қтығы туыстырған,
мекен 
бірлігі тоғыстырған,
тіршілік 
жайы табыстырған
бұл ат төбеліндей... жұрт (ІІ, 115). Төңке-
ріле дөңгеленген дүниеден 
талай пенде басы кетіп көшті, 
талай пенде жасы жетіп көшті.
Мұндай құрылымдарды 


144
қайталама десек те, параллель түзілімдер десек те болар. Сірә, 
соңғы танымымыз дұрысырақ, бірақ осы параллельдікті жаса-
уда сөз бен тұлғалардың қайталап отыруы қатысады.
Бірен-саран болса да шығарма беттерінде «абсолютті» 
қайталамалар да бар (онсыз, сірә, бірде-бір жазушы болмайтын 
шығар). ... Орыс ұлының 
жаңа
жеріндегі 
жаңа 
ұрпақ отыруға 
тиіс 
жаңа
үйді жабдықтап бітеді (І, 161).
Егер біз шығарманы бастан-аяқ тілдік-стильдік бітімнің 
барлық қырынан талдауды көздеген ғылыми ізденіске ба рып 
отырсақ, оның синтаксистік құрылымы бойынша әлде де біраз 
жалпыға ортақ не авторлық даралық белгілерді тапқан болар 
едік, ал біз бұл жұмыста қазақ тіліндегі тарихи романдар-
да көзге түсетін кейбір стильдік-тілдік белгілерді анықтауды 
көздедік. Сондықтан жазушының жалпы шығармашылық 
мәнерін емес, тарихи роман ұсынудағы стильдік сұраныстар 
үдесінен қалайша шыққандығын ғана көрсеттік.
Бір-екі ауыз сөз – тіл маманы ретінде өзіміз байқаған 
жаңсақтықтар жайында. Арыстанның ұрғашысына жал бітіріп 
қателескен Лермонтовтан бастап, тегі, жазушылардың қай-
қайсысынан да жеке сөздердің мағынасынан жаңылысқан 
сәттерін ұшыратады екенбіз. Мұхтар Мағауин де, Әбіш 
Кекілбаев та 
алдияр
сөзін дұрыс түсінбей, оны 
Алла жарға
ауыстырыпты. Бұған себепкер – бірқатар ғалымдардың, 
соның ішінде ұлы Шоқан Уәлихановтың, ірі тіл маманы акад. 
Ісмет Кеңесбаевтың 
алдияр 
деген сөздің төркінін тануда 
қателескендері
24
болса керек. 
Олар бұл сөзді арабтың 
Алла,
парсының 
жар 
сөздерінің 
қосылуынан жасалған деп табады да мағынасы «Алла жар 
болсын» деп түсіндіреді. Ал атақты түрколог акад. К.К. Юда-
хин 
алдаяр 
сөзі – хандардың, монархтардың, билеушілердің 
құрметті титулы, орыс тіліндегі «ваше величество» деген-
ге сай келетін тарихи көне сөз деп түсіндіріп, түптөркінін 
бұл ға лым да араб пен парсының екі түбірінің тіркесінен 
шығарады
25
. Ал біз бұл терминнің этимологиясын арнайы 
іздестіріп, оны монғол тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет