7. Қол қимылдарын түзету, жазып үйренуге дайындау
Жазу
дағдыларын
қалыптастыру
мақсатында
жүргізілетін
жаттығулардың түрлері:
1.Жобаны немесе үлгіні көшіру.
2.Нұсқаны көшіру.
3.Нүктелердің арасын қосу.
4.Түсті бояумен және түзу сызықтармен әр бағытта шегінен шығармай
шималау т.б.
Осындай жаттығу жұмыстардың дайындығынан өткеннен кейін балаға
дәптер беріледі. Жазу кезінде партада қалай отыруды, дәптерді қалай
пайдалануды, оны күтіп ұстау жолын балаларға алдын ала түсіндіріп айту
қажет.
II-кезең. ӘЛІППЕ КЕЗЕҢІ
1. Сауат ашу кезеңінің ерекшеліктері
Әліппе кезеңі көмекші мектепте бір жылға созылады, ал әліппеден кейінгі
кезең 2- сыныпқа қалдырылады. Сауат ашу басқа мектептердегідей талдау-
жинақтау әдісімен жүргізіледі. Оның ең басты ерекшеліктері төмендегідей:
1.
Дыбыстар мен әріптердің кезектілігі сауат ашу кезеңінде олардың
сөйлеу тіліндегі қолданылуы жиілігіне байланысты анықталады.
2.
Айтылуы ұқсас дыбыстарды бірден, қатар беруге болмайды.
3.
Алдымен тез қабылдап, игере алатын дыбыстар өтіледі.
4.
Оқуының негізгі бөлігі ретінде буынды алады.
5.
Сауатын ашу барысы әліппеге дейінгі, әліппе кезіңдегі және әліппеден
кейінгі оқу кезеңі болып бөлінеді.
6.
Жазу, оқыту қатар және бір мезгілде жүреді.
7.
Сауат ашу барысы тәрбиелік, түзетулік және жетілдіру сипатында
болады.
Орыс тілін оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ балаларының
сауатын ашу кезеңінде де дыбысты аналетикалық-синтетикалық талдау
тәсілін қолданудың тиімділігі анықталады. Арнайы мектепте дыбыстар мен
әріптерді оқып-үйрену кезектілігі өзгерген, ол бірнеше факторлармен
сипатталады.
Біріншіден,
дыбыстарды
оқып-үйрену
тәртібі
олардың
артикуляциядағы әрекеттеріне байланысты. Жасалу жолы ұзаққа созылатын
дыбыстар (м, а, о, л, т) бірінші кезекте оқып-үйретіледі. Бұл дыбыстар
созылып айтылатын болғандықтан артикулляция аппаратының келесі
айтылатын дыбысқа ыңғайланып дайындалуына мүмкіндігі болады.
Екіншіден, дыбыстырды және әріптерді оқып-үйрену жиілігіне
байланысты болады. Балалардың көпшілігі мектепке әр түрлі сөйлеу тіл
кемістіктерімен келеді. Балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс кемістіктерін
толығымен түзетуге логопедке мүмкіндік беру үшін бұл кемістіктерді есепке
алып, дыбыстарды өтуді кейінгі мерзімге қалдырады.
Буындық құрылысын оқып-үйрену жүйелігі де өзгертілген. Буындық
құрылысты өту келесі ретпен қарастырылады: дауысты дыбысқа тең
буын(Д); қос дыбысты буын(ДЗ); үш дыбысты тұйық буын(ДЗ); тура ашық
буын(ДЗ); сол буындық құрылыстар, бірақ жіңішке дауыссыздармен
тіркескен үш дыбыстық буын; сөздің басындағы немесе соңындағы
дауыссыздармен тіркескен төрт дыбыстық буын (ЗДЗД). Үш және одан да
көбірек дауыссыздармен тіркескен басқа буындық құрылыстарды оқыту
келесі оқу жылына қалдырылады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін
дамыту; мұғалімнің нұсқауы бойынша қарапайым тапсырмаларды орындау,
әңгіме, ертегі, тақпақтарды мұқият тыңдап түсінуге, мұғалімнің көмегімен
суретке сүйене отырып қысқа әңгіме, ертегілерді айтуға дағдыландыру,
қимыл әрекеттер, сурет, сұрақ бойынша жай сөйлем құрастыруға үйрету,
дыбыстарды дұрыс айта алмайтын және қол қозғалысында ақауы бар
балалармен арнайы жұмыс жүргізу. Оқушылардың естіп қабылдау қабілетін
дамыту. Сөзді есту (ұғу). Фонематикалық қабылдау қабілетін дамыту.
Айналадағы қоршаған ортадан естілетін әртүрлі дыбыстарды ажырата білу
(тарсыл, сыңғыр, ызыңдау, гүрілдеу, т.б). Оқушыларды мұғалім айтқан
сөздермен сөйлемдерді анық қатесіз қайталауға дағдыландыру және
дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөздерді (тас-қас, қара-қала, мал-май, т.б)
айыра білуге төсілдіру. Оқушылардың көріп, қабылдау қабілетін жетілдіру
және дамыту, кең таралған түстерді ажырата білу, түзу сызықтар мен
фигуралардың қарапайым бірлестіктерін көру түйсігі арқылы қабылдап қайта
жаңғырту.
Жазуға үйретуге арнайы дайындық. Жазу жұмыстарын жүргізу, сурет
салу кезінде партада дұрыс оытруын қадағалау. Қол мен саусақтардың
қимылын жеделдету және қозғалыс үйлесімін қалыптастыру, түзу сызықтар
бойынша қағазды қайшымен қию, жапсыру және ретімен орналастыру,
кішкентай таяқшалармен түрлі-түсті қағаз жолақшаларынан әртүрлі
фигуралар құрастыру. Жаппай және жеке жұмыс барысында оқушылардың
жалпы даму деңгейі мен сауат ашуға дайындық дәрежесін зерттеу. Әліппеге
дейінгі кезеңде оқушылар «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» сияқты
ұғымдармен танысады.
Достарыңызбен бөлісу: |