Тиісті сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты алып
тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп, түрленетіні байқалады. Сөздегі
дыбыстардың саны көбейсе не азайса, сөздің мағынасы өзгеретіні айқындала
бастайды. Сөзде басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтынын сөздегі дыбыс
санын көбейту амалы мен ойын элементін ендіре отырып, қызғылықты түрде
түсіндіру-тиімді әдіс. Ән-әнші, әншілер, ө-өзен, өзендер. Ескертетін бір жайт,
осындай осындай тәсіл қолданудың барысында мүғалім әлгі дыбыстарының
санына қарай әртүрлі мағына ұстайтын сөздерді бірінен екіншісі, одан
үшіншісі өрбіген сөздер деген тәрізді жаңсақ ұғымды жас балаларға айтып
қоюдан сақтану мәселесі. Оқушыларға үйретілетін бастапқы ғылыми
ұғымның дұрыс болуына айрықша жауапкершілікпен қарау керек, өйткені
жас баланың психологиялық бір ерекшелігі- ең алғашқы алған әсерін
(көргенін, істегенін, ұғынғанын) қатерінде ұзақ мезгіл сақтай алатындығы.
Ендеше, оларға я теріс берілген ұғымды түзетіп, дұрыстап қайталап
түсіндіру мұғалім үшін өте қиын емес.
Дыбыстарды,
оның жазудағы таңбасы әріп деп аталатыны
оқушыларға үйретіледі. Осы мәселе 2-ші сынып қазақ тілін оқуға түскенде
дыбысталады. Мұнда «Сөз дыбыстардан құралады, дыбыстар жазуда әріппен
таңбаланады» деген ережелер беріледі. Ал, практикалық жұмыстада сөз
ішіндегі дыбыс пен әріптер айтылады, олардың қанша екені сұралады.
Белгілі тапсырма бойынша не дауысты, не дауыссыз дыбыстардың асты
сызылады. Сөйлемдегі кейбір сөзге фонетикалық талдау жасатылады. 2-ші
сыныпта өтілген материалдың негізгі тақырыптары 3-ші сыныпта оқу жылы
басында қайталанады. Бірінші сыныпта жеті дауысты дыбыс (а, е, о, ө, й, ү, ұ
және олардың емлесі.
Достарыңызбен бөлісу: