Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет31/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 


19-20 сабақ 
Тақырыбы: 
Дыбыс. Буын. Сөз. Сөйлем. 
Мақсаты: 
Осы ұғымдарды графикалық түрде және жолақшалар түрінде 
белгілеу және ұғымдар туралы түсініктерін салыстырмалы әдіспен анықтау. 
 
10. ӘЛІППЕ КЕЗЕҢІНІҢ САБАҚ ҮЛГІЛЕРІ 
1-2 сабақ 
Тақырыбы: А а
дыбысы
Сабақ әліппеде 22 те көрсетілген. Оқулықтағы тақырыптық сурет 
бойынша әңгіме жүргізіледі. Алма туралы оқушылар өздері әңгімелейді. 
Алма ағашында көп алма бар. Алма пісті, т.б.
-Олай болса, 
алма 
деген сөз қандай дыбыстан басталады?- дейді мұғалім. 
-А дыбысынан басталады,- деп балалар өздері айтады.
-Онда 
а
дыбысын айтып көрейік. 
А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, 
а
дыбысын дұрыс айтуға 
үйрету қажет. 
А дыбысы қандай әріппен таңбаланатынын көп әріптің ішінен оқушылардың 
өздеріне тапқызу қажет. Мынау- бас әрпі, ал мынау кіші әрпі деп бірден 
ажыратып көрсеткен жөн. Оқулықта 
а
-ның бас әрпі мен кіші әрпі баспаша әр 
жазбаша жазылып, сол бойынша барлық бала қосылып хормен қайталайды.
Полотноға 
А а 
әрпі ілінеді. 
Алма 
сөзін буынға бөліп көрсету керек (
Ал-
ма
). 
А
дыбысы сөздің басында және соңында естілетінін балалар өздері 
тұжырымдап айтады.
-
Алма
сөзінде неше буын бар? 
-Екі буын бар. 
-
А 
дыбысы қандай дыбыс? 
-
А 
дыбысы- дауысты дыбыс.
-Олай болса, дауысты дыбысты мынадай шартты қызыл түсті 
дөңгелекшемен белгілейміз! 
А
-ны бірнеше рет хормен созып қайталату керек.
Алма, алмұрт, анар 
сөздерін буынға бөлдіріп, 
а 
дыбысының қай 
буында тұрғанын өздеріне тапқызу керек. 
Алма 
сөзінде а дыбысы сөздің 
басында және соңында келеді. 
Алмұрт 
сөзінде 
а
дыбысы сөз басында келеді. 
Анар 
сөзінде 
а
дыбысы сөз басында, сөз ортасында келеді. 
Осыдан оқушылар өздері мынадай қорытынды шығаруға тиіс: 
1)
а
дыбысы барлық буында болады; 
2)
а 
дыбысы сөз басында, сөз ортасында, аяғында да келе береді. 
Аа 
әрпін жазуға үйретуден бұрын 
Аа
-ны жазудың жазба үлгісін 
көрсетіп, 
а
-ның бас әрпі мен кіші әрпінің элементтерімен таныстыру қажет. 
Алдымен қаламмен ауада бірнеше рет жаздырып, жаттықтырып алып, 
дәптермен жұмыс жүргізу қажет. Дәптерде жүргізілген штрихтарды бастыру 
арқылы жазуға үйренеді. Бұрын жазу дағдысы бар балалар екінші жолға 
өздіктерінен жазып жаттығады. Дәптердегі суреттерге сәйкес берілген 


сөздердегі 
а
әрпін бастырып жүргізеді. 
А
әрпінің сөздің қай жерінде келгенін 
аңғарады. Сабақты кесте арқылы бекітуге болады. 
А
-дауысты дыбыс. 
А
дыбысы сөздің барлық буынында келеді. Сабақта 
«Әліппе серігінің» материалдары да пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет