сөйлемдер құрастыру; оқушыларды қатыстырып
әңгімелеу арқылы бұл
сөйлемдердің мазмұнын түсіндіру; «ара» сөзінің сөйлемдерде әр түрлі
мағынада қолданылып, екі түрлі ұғым беретінін түсіндіру ( бірінші сөйлемде
ара
сөзі адамға бал беретін жәндіктің атын білдірсе,
екінші сөйлемдегі
ара
сөзі еңбек құралының аты екендігін түсіндіру); оқушылардың арадан басқа
тағы қандай құрал-саймандарды білетінін анықтау,
ара
сөзін
қатыстырып
логикалық жаттығулар жүргізу
(Ара, балға, балта, күрек- саймандар.
Саймандар: ара, балға, балта, күрек).
2.
«Ара бал жинайды», «Ара еңбек құралы»
сияқты сөйлемдерді сөздерге
ауызша талдау арқылы ондағы сөздердің санын, орын ретін анықтау (бірінші
сөз-
ара,
екінші сөз- ...); сөйлемнен
ара
сөзін
бөліп алып, оған дыбыстық
талдау жасау (ашық буын кестелерін және басқа дыбыстық талдау
тәсілдеріни қолдану);
ара
сөзінен
р
дыбысын бөліп алу, оны баспа
Р
әрпімен
таңбалау,
Р
-дің дауыссыз екенін түсіндіру.
3. «Сергіту минутын» өткізу.
4. Кеспе әріптермен
тор мен нар
сөзін құрастыру, оны суреттен ататқызып,
текшемен белгілеу.
5. Әліппе бағандарында берілген сөздерді буынға
бөлген қалпында әрбір
буындардағы әріптерді көру арқылы мұғалімге қосылып, хормен оқу және
әрбір оқушының өздігінен
жеке оқуын ұйымдастыру; сөздегі дауысты және
дауыссыз дыбыстарды таптыру.
Достарыңызбен бөлісу: