Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі


Өзіндік тексеріске арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет38/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 
Өзіндік тексеріске арналған сұрақтар: 
1. Мүмкіншілігі шектеулі оқушылардың мәтінді қабылдау ерекшеліктері. 
2. Оқу сабағының мақсаты мен міндеттері. 
Әдебиеттер: 
1.
Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной 
школе. М., 2004 
2.
Бағдарлама. Арнайы білім беру бағдарламасы. «ӘБЕО орталығы» 2009. 
3.
Гнездилов 
М.Ф. 
Методика 
обучения 
русскому 
языку 
во 
вспомогательной школе. М., 1965. 
4.
Комаров К.В. Методика обучения русскому языку в школе для детей с 
тяжелыми нарушениями речи. М., 1982. 
5.
Колеватова Р.С. Особенности чтения на первом этапе обучения грамоте 
– сбор. науч.руд. Свердловск 1983. 
6.
Өмирбекова К.К, Коржова Г.М, Мовкебаева З.А, Оразаева Г.С, 
Коррекция нарушений шипяших звуков у учащихся вспомогательной
школы. Учебно методическое пособие. Алматы, 2008 
 
2. Оқушылардың оқу дағдыларының ерекшеліктері: 
1.
Дұрыс оқу дағдысын дамытудың алғышарттары 
2.
Жылдам оқу дағдысын дамытудың алғышарттары 
3.
Түсініп оқу дағдысын дамытудың алғышарттары 
4.
Мәнерлеп оқу дағдысын дамытудың алғышарттары 
Арнайы мектептердің оқушыларына әдебиеттік оқу сабағын толық 
дәрежеде меңгертіп, оларды еркін оқи алатын жағдайға жеткізу мектептегі 
басқа да сабақтардан жақсы үлгерудің ең маңызды алғышарты болып 


табылады. Сонымен бірге бұл сабақтан тыс уақытта да сыртқы ортадан 
хабардар болып негізгі көзі болып есептеледі. Міне, осының бәрі мектеп 
оқушыларының адамгершілік, эстетикалық және тіл дамытуына мүмкіндік 
туғызатын маңызды жайы болса керек. Жоғарыда айтылғандардың барлығы 
да әдебиеттік оқу сабағына үнемі көңіл бөліп, бағзы тұрақты бағытта жүйелі 
түрде жүргізіп және оқыту әдістерін жетілдіріп отыру керектігін көрсетеді. 
Арнайы мектептердің бір ерекшелігі - әдебиеттік оқу сабағын саналы 
түрде тез игеріп, мүдірмей оқуға жаппай үйрету 3-сыныптан басталады, ал 3-
сыныпқа дейін баяу, буын буынға бөліп оқыту жүргізіледі. Ал осы оқу 
жылының аяғына дейін балалар бойында тәрбие жұмысының жемістері
саналы түрде ойлай білу және өз бетімен білім ала білу қасиеттері кәдімгідей 
жетілуі керек. 
Зерттеушілер 
(М.Ф.Гнездилов, 
Н.К.Сорокина, 
И.В.Белякова, 
В.А.Сумарокова, З.Н.Смирнова, Р.И.Лалаева,т.б.) орыс тілінде оқытатын 
арнайы мектептер оқушыларын әдебиеттік оқу сабағын оқытудың 
ерекшелігіне арналған еңбектерінде, бұл сабақты үйретудің белгілі кезеңдері 
мен шектері бар екенін атап айтады. Әдебиеттік оқу сабағын жүргізу әдісі 
негізінен үш реттілік бойынша жүргізіледі : талдау, жинақтау, жалпылау.
Бұл кезеңдер едәуір ұзақ мерзімге созылады. Оны кәдімгі дұрыс дамыған 
балалар топтарындағы әдебиеттік оқу сабағының көлемі және сапасымен 
салыстыруға болмайды. Ақыл ойы кем балалар психикалық және жоғарғы 
таным функциясының бұзылу дәрежесіне қарай әдебиеттік оқу сабағын әр 
түрлі дәрежеде меңгереді. Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, 
кейбір оқушылар жоғары сыныпқа көшкенде де әдебиеттік оқу сабағын оқу 
процесінде басқалармен тең дәрежеде жылдам оқи алмайды. 
Арнайы мектептерде оқушыларды орыс тілінде оқытатын психологтар 
мен педагогтардың әдебиеттік оқу сабағын оқытуға арналған көптеген 
еңбектері жазылып, тәжірибе қалыптасқан. Ал біздегі мұндай қазақ 
балаларына әдебиеттік оқу сабағын үйретуге бұдан бұрын айтарлықтай көңіл 
бөлініп зерттелген емес. Осы арада зерттеу жұмысының мақсаты негізінен 
ақыл есі кеш дамып жатқан қазақ балаларының өз орталарына лайық тиімді 
әдістерді жинақтау, оқу құралдарын дайындау, дұрыс және тез оқи алатын, 
мәнерлеп оқи алатын дәрежеге жеткізудің әдістерін іздестіру. 
Зерттеу барысында төмендегідей мәселелер шешілді. 
1.
Ана тілі сабағын әр түрлі кезеңде оқитын ақыл – есі кем балаларының
ерекшеліктері зерттелді. 
2.
Ана тілі сабағында оқушыларға кездесетін негізгі қиындықтар 
анықталды. 


3.
Ана тілі сабағын оқытуды қалыптастыруға арналған әдістеме 
нұсқаулар жасалды. 
Ақыл-есі кеш дамып келе жатқан балаларға әдебиеттік оқу сабағын оқыту
әдісінің ерекшелігін ескере отырып, мынадай әдістемелік тәжірбие жасадық. 
Әрбір оқушыға жалпы мектептің 2-сыныбына арналған әдебиеттік оқу 
кітабынан (Авторлары: Бекбаева К.Б, Бекежанова Г.Ж.) «Кітап» деген 
мәтіннің үзіндісін бердік. Мәтіннің (үзіндінің) мазмұны барлық сыныптың 
оқушылары үшін қызық және қарапайым тілмен баяндалған. Зерттеу жеке 
оқушылармен жүргізілетін педагогикалық тәжірибе ретінде жасалады. 
Тәжірибеге Алматы қаласының №7 көмекші мектебінің 8 оқушысы 
қатыстырылды. (Мәтінді балалар бірінші жарты жылдықта өткен.) Әрбір 
оқушының дұрыс, тез және түсінікті оқуына бірдей талап, бірдей тапсырма, 
бірдей шарт қойылды. Негізгі мақсат – оқушылардың әдебиеттік оқу 
дәрежесінің толық жетілгенін анықтау. 
Не себепті біз оларды негізгі көрсеткіш ретінде таңдап алдық? Бұл 
сұраққа жауап беру үшін біз берілген түсініктің түп тамырын ашып 
көрсетуіміз керек. 
Дұрыс оқу – сөз құрамындағы дыбыс-әріптерді бұзбай оқу. Ал жылдам 
оқу дегеніміз – мәтінді шапшаң оқи отырып, саналы түрде қабылдау. 
Қалыпты жағдайда жылдам оқу дегеніміз – екпінмен дауыстап оқудың 
сөйлеудің екпінімен сәйкес келуі, ал саналы оқу оқушының анық, дәл оқып, 
мәтіннің мазмұнын терең түсінуімен айқындалады. Хаттамада оқуға кеткен 
уақыт, оқу әдісі және сұрақтарға берілген жауаптар тіркелді. 3-сынып 
балаларының дұрыс оқуын талдау кезінде ақаусыз оқып жүрген балалардың 
өзі сөздегі әріп саны көбейген кезде мүдіріп, қатені көп жіберетіні 
анықталды. Үш әріптен тұратын сөзді барлық оқушылар қатесіз оқиды. Төрт 
әріптен тұратын сөзден 30 пайызы қате жіберді, ал 5-6 әріптен тұратын сөзді 
оқығангда оқушылардың 40-50 пайызы жаңылысты. Ал 8 және одан да көп 
әріптен 
тұрытын 
сөздерді 
оқығанда 
балалардың 
60 
пайызы 
мүдірді.Барлығына тән ортақ қате қайталау, орын ауыстыру болып келеді. 
Оқу кезінде оқушылардың бір дыбысты қайталай беруі дауысыз 
дыбыстардың сөздерде көп кездесуінен, яғни буын-буынға бөліп оқуы нашар 
жетілгенінен, сонымен бірге көру арқылы қабылдау қабілетінің төмендігінен 
де болуы керек. Көптеген жағдайларда олар әріптеп оқып, міндетті түрде 
буындарды бірнеше рет қайталайды. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет