Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет36/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


3 ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
1. Оқу және тіл дамытудың әдістері 
Арнайы мектеп жұмысында оқу сабағы білім беру және тәрбиелік 
міндеттерді жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Оқу 
сабағының ең басты мақсаты – балалардың бойында дұрыс, тез, саналы және 
мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және шығарма мәтінімен өздігінше 
жұмыс істеуге үйрету. Бірақ балаларды оқуға үйрету негізгі нысана емес. 
Мұнда олардың есею сондай – ақ адамгершілік тәрбиесі басты назарға 
алынады. Ең алдымен, оқу сабақтарында оқушылар туған табиғаттың 
әсемдігін сезініп, біздің республикамыздың өткені және қазіргісімен таныса 
алады. Шығарманың тәрбиелік әсер күші оның нақты көркемдігіне 
байланысты. Сондықтан да мұғалім балалардың жеке әсерлерін жан жақты 
ескеріп отыруы керек. 
Оқу сабақтарының тәрбиелік және білімдік бағыттары бір бірімен тығыз 
байланысты. Сондықтан да бізге бұл мәселені тартымды байланыста 
қарастырып, біртұтас тәрбиелік білімдік процесте жүргізу – бірінші талап. 
Осы тұрғыда оқу сабақтарының тәлімдік тәрбиелік міндеттері тек қана 
мазмұндық жақты ғана емес, сонымен бірге әр түрлі әдістемелік жақты да 
қамтиды. Бұл – мұғалім оқушылардың тәлімдік қызметін басқарумен қатар, 
олардың жан жақты дамуына қол жеткізді деген сөз. 
Сыныптық оқу сабағының тәлімдік және тәрбиелік міндеттерін тұтас 
процесс ретінде біріктіре білудің бұлтартпас шарты – оқушылардың көркем 
шығарма немесе ғылыми көпшілік мақаланы қабылдауы және талдауы 
сияқты қоғамдық маңызы бар бағалы пікірлерді дамытуға мұғалімдердің 
ерекше көңіл аударуы болып табылады. Арнайы мектепте оқу сабағы жалпы
міндеттермен қатар, ақыл – есі кем балалардың қабілетін жақсарту парызын 
атқарады. Олардың сөйлеу мәнері, оқу қарқыны артады. Логикалық ойлау 
жүйесіндегі кейбір кемшіліктер түзетіледі. Шығарманы оқу үстінде 
атқарылған тиісті жұмыстар образдық қабылдаудағы кемшіліктерді түзетуге
көмектесіп, оқушылардың сөздік қорын көбейтіп, белгілі бір жағдайда 
өздігінен сөйлеу әдісін қалпына келтіруге жәрдемдеседі. 
Ана тілінде оқытатын көмекші мектептер сыныптарындағы әдебиет 
сабағын оқытудың негізінде (қазіргі дидактикалық және әдістемелік негізде)
кітап оқуды үйрену және оқу қабілетін дамытып, қалыптастыру сияқты аса 
маңызды псохологиялық құбылыстар мен принциптер жатыр. 
Әдістемелік 
және 
дидактикалық 
принциптерді 
талдау 
кезінде 
психологиялық факторлардың шарттылығы болмақ. Оқушылардың оқыту 


барысында заттар мен құбылыстар туралы түсінік беру үшін материал
мазмұнын баяндағанда олардың психологиялық ерекшелігін, ақыл – есінің
дамуы жағынан баяулығын өмір туралы түсінігінің аз екенін, тілінің 
кемістігін, ойлау мен қабылдау қабілетінің төмендігін үнемі ескеріп отыру 
керек. Арнаулы психологиялық әдебиетте ақыл – есі кем оқушылардың 
әдеби шығармаларды қабылдау ерекшеліктері айрықша қаралады. 
Психологтар Н.К.Сорокина, В.Г.Петрова, В.А.Сумарокова, И.В.Белякова 
және басқалардың зерттеулерінде әдеби шығармаларды түсіну тек таза түсіну 
түйсігі ғана емес, оны эстетикалық тұрғыдан да түсіну қажет деп көрсетілген. 
Оқушылардың эстетикалық сезім түйсігінің төмендеуі шығармаларды 
талдағанда олардың кейіпкерлер және шығарма туралы пікір айтуын 
қиындатады. Ондай оқушыны шығарманың түрі, мазмұны, оқиғаның өрбіп 
даму себептері емес, тек көзге көрініп тұрған сырт қимыл – қозғалысы ғана 
қызықтырады. Оларға шығарманы талдаған кезде әңгімедегі оқиғаларды 
терең түсіндіру үшін, өзіңді сол оқиға кейіпкерінің орнына қойып түсіндіру 
керек. Осы әдісті кеңінен қолдану жақсы нәтиже береді деп көрсетеді 
жоғарыдағы педагог – ғалымдар. Психологтар оқушының адамдық 
қасиеттерінің дамуына ерекше мән береді. Сондықтан ойының дамуы кеміс
балаларды осыған үйрету қажет–ақ. Шығармаларды талдау кезінде оқиға 
дамуының себеп – салдарын, кейіпкерлердің іс - әрекеттерін түсіндіру 
өмірдегі соған ұқсас оқиғалар және оның не себепті болғаны айтылып, сұрақ 
қою арқылы жеткізіледі. Ақыл – есі кем оқушыларға тән қасиет – олар
шығармалардағы кейбір қызықты көріністерді ғана естерінде сақтай алады. 
Әдетте, олар шығарманың мән – мазмұнын, оқиғаның дамуының бір 
жүйемен өрбуін түсіне бермейді. Осының салдарынан оқиғаның негізгі 
мазмұны түсініксіз қалып, кейбір қосымша оқиғалар басты тақырып болып 
қабылданады да, шығарма өз мән – мазмұнын жояды. Психологтардың 
түсіндіруі бойынша, оқушылардың шығарманы осылай теріс мәнде ұғынуы 
шығарманың кейбір сөйлемдер мен сөздерін селқос, мәнсіз қабылдауына 
әкеліп соғады. Баланың сөйлеу қабілетінің нашарлығы шығарманың мән – 
мазмұнын түсінбеуіне әсер етеді. Оқушылар көбіне синоним сөздерді 
түбірлес сөздермен шатастырып алады. Ол сөздерді мағынасына қарап емес, 
айтылуына қарай ғана ұғынады. Өзі оқып шыққан сөйлемдерін дұрыс 
түсінуіне кері әсер ететін күш – ол баланың бұрынғы өз тәжірбиесін 
қолдануы. Сынып мұғалімі оқиға желісін балаға баяндағанда әр оқушының 
өзін соған еліктіре, оқиғаны қызыға түсінуіне жетелеуі қажет. Көмекші 
мектеп оқушыларына тән қасиет – шығарманы оқығаннан кейін баланың ой 
өрісі кейіпкерлер іс әрекеттерінің өрбуін толық елестете алмауы. Сондықтан 


олар шығарманы үстірт түрде ғана қабылдап, шын мәнін терең ұға білмейді. 
Осы тұста мұғалім дидактикалық шарттарды қолдануы керек. Ол мына үш 
нәрседен тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет