Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет63/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
bektaeva kzh mumkindikteri shekteuli balalardy kazak tiline 1

Әдебиеттер
1. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной 
школе. М., 2004 
2. Бебешина Н.Н. , Самсонова Ф.Н. Уроки русского языка во всп.школе. 
М., 1970. 


3. Барская Н.М. Методика обучения грамматике и правописанию. М., 
1992. 
4. Гнездилов М.Ф. Методика обучения русскому языку во всп.школе.М. 
1965 
5. Комаров К.В. Методика обучения русскому языку в школе для детей с 
тяжелыми нарушениями речи. М., 1982. 
14.
Қазақ тілі сабағында мүмкіндігі шектеулі балаларды
байланыстырып ауызша сөйлеуге үйрету 
1)
Сөздің мағынасын түсініп айту 
2)
Дыбысты дұрыс айту 
3)
Көркем сөздерді меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу, әңгімелесу. 
4) Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері: 
а. Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату. 
ә. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету. 
б. Суреттерді көрсетіп, әңгіме құрату. 
в. Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету. 
г. Өз тәжірбиесі бойынша әңгіме құрату. 
д. Өздігінен әңгіме құрату. 
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тілін дамытуға байланыстырып 
сөйлеуге үйрету тіл дамыту сабақтарында басты орын алады. Бағдарламада 
жұмыстың бұл түріне арнайы тақырыптар берілген ( 2-9 0-5 сыныптарға 
дейін) 
Байланыстырып сөйлеуге үйрету барлық сабақтың мақсаты. Тіл дамытуға 
байланысты компоненттер ескеріле отырып сабақ кешенді түрде жүргізіледі: 
дыбысты дұрыс айту, сөздің мағынасын түсініп толық сөйлем құрастыру, 
осы сөйлемдерді байланыстыра отырып мәтін құрастыру. 
Байланыстырып сөйлеуді жетілдіре отырып, жеке сөздердің тура 
мағынасы мен ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына, яғни 
сөздің сематикалық жағына көңіл бөліп отыруы қажет. Ұқсас және біртекті 
заттарды атайтын жалпы есімдерді (киім, жемі, тағам, мүлік, мал т.б.), 
антоним, синонимдерді, теңеу, салыстыру мағынасын беретін бейнелік 
көркем сөздерді үйрету. 
Байланыстырып сөйлеуді дамыту сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу 
ісі мен тығыз байланысты. Себебі сөздің дыбысталу мәдениетін меңгерту 
жеке сөйлемдерді аңғаруға, сөйлемнің басталу, аяқталу кезін сезініп, үн, 
ырғақ, дауыс қарқынын ажырата білуге негіз болады. 
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері: 


І. Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату. 
ІІ. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету. 
ІІІ. Суреттерді көрсетіп, әңгіме құрату. 
ІҮ. Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету. 
Ү. Өз тәжірбиесі бойынша әңгіме құрату. 
ҮІ. Өздігінен әңгіме құрату. 
І. Әңгімелесу әдісі.
Диолог түрінде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. 
Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып, оны өз 
ойын, көрген түйгенін жүйемен, рет- ретімен айтып беруге дағдыландырады. 
Әңгімелесу сабағы бағдарлама мазмұнын меңгертуге, баланың алған 
білімінің тиянақты саналы болуына, диолог түрінде сөйлеуге жаттықтырып, 
сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. әңгімелесу 
сабақтарының тақырыбы, бағдарлама мазмұнына сәйкес белгіленеді. 
Әңгімелету әдісі: баланың монолог түрінде сөйлеуге үйретеді. Әңгімелету 
бағдарламада көрсетілген тақырыптарға сәйкес, барлық сабақта жүргізіледі. 
ІІ. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету. Мұндай сабақтарда алға 
қоятын мақсат балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру 
оқылған шығарма мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс 
байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйрету. 
1) Кіріспе ретінде әңгімелесуде Баланы оқылатын шығарма мазмұнының 
дұрыс түсінуі, зейінін жаңа сабақ мазмұнына аударуы ескеріледі 
2) Шығарма оқу. Шығарманы киіпкердің іс- әрекетіне қарай дауыс, үн 
қарқынын өзгертіп, мәнерлі оқу. Баланы шығарма кейіпкерлерінің мінез-
құлық ерекшелігін байқауға, өздігінен әділ баға беріп, сипаттап айта білуге 
үйрету. 
3) Оқылған шығарма туралы әңгімелесу. Әңгімелесуден соң қойылатын 
сұрақтар шығарма мазмұнын баланың қаншалықты түсінгенін айқындау 
мақсатын көздеу керек. 
4) Шығарманы қайталап оқу. Шығарманы оқыр алдында балаларға оны 
мұқият тыңдап, түсініп алыңдар, қайталап әңгімелеп бересіңдер деп ескерту 
қажет. 
5)Әңгімелеп айтқызу. Бұл сабақтың ең басты бөлімі. Балалар оқылған 
шығарманың мазмұнын өзгертпей, жүйелі түрде әңгімелеуге тиісті. 
Сабақтың қорытындысын балалар жасайды. Шығарма не туралы еді,оны 
кім әңгімелеп береді. Тәрбиелік мәніне мұғалім көп көңіл аудару керек! 
ІІІ. Сурет мазмұнын әңгімелеу. Балалардың сурет мазмұнын түсіну, 
қабылдай білу дағдыларын біртіндеп қалыптастырады. Сюжетті, шағын 


сюжетті және жеке затқа байланысты суреттер бойынша әңгімелеп беруге 
балаларды үйрету керек. 
ІҮ. Ойыншықтар көрсетіп әңгімелету. «Менің сүйікті ойыншықтарым», 
«Ойыншықтар туралы жұмбақ шешу» т.б. тақырыптарға сюжетті әңгіме 
құрату. Балаларға әртүрлі характерді, іс-әрекетті бейнелейтін («Түлкі мен 
тырна», «Бала мен қозы»т.б.) ойыншықтар беріп сипаттау. Бір-бірінің 
әңгімесін қайталамауды ескерту. 
Ү. Өз тәжірбиесі бойынша әңгіме құрату. Бұл сабаққа мұғалім көрнекі 
құрал пайдаланбайды. Өздігінен әңгіме құрап айтуға балаларды үйретеді.
Мысалы, «Біз зоопарке барғанда не көрдік?», «Балалар кітапханасында», 
«Бақша алаңында не көрдік?» «Көктемде адамдар не істейді?», «Шөп шабу», 
«Құстар қайтты» т.б. 
ҮІ. Өздігінен әңгіме құрату. Бұл м.ш.б. әңгімелей білуге үйретудің басты 
бір саласы. Мұндай балалар бір оқиға мазмұнын өздері ойдан құрастыру 
үйренеді. «Мен орманда қалай адастым?», «Мен кім болғым келеді?», «Менің 
досым…» Өздігінен әңгіме құрастыру тәсілдері: әңгіменің тақырыбын ойдан 
табу, айқындау, әңгіменің басталуы, аяқталуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет