422
13-Тарау. Жүрек-қан тамырлар жүйесі
ды, олардын мөлшері адамның жасы ұлғайған сайын арта түседі. 60—70 жас-
тан аскан адамдарда сырткы кабыкшада бойлай орналаскан жазык бұлшык ет
жасушаларының шоғыры пайда болады.
Көктамырлардың кабырғасында дамитын
өзгерістер артериялардағы
өзгерістерге үксас. Бірак, көктамырлардың кабырғасында өзгерістер өмірдің
бірінші жылында-ак басталады. Адам туар алдында сан көктамыры мен аяктың
тері асты көктамырларының ортаңғы кабыкшасындатек айналмалы орналаскан
бұлшык ет жасушаларының шоғыры ғана болады.
Аяғын басып, тұра бастаған
(алғашкы жылдын сонына карай) және дистальды гидростатикалык кысым
жоғарылаған кезден бастап кана бойлай орналаскан бұлшык ет жасушаларынын
шоғыры дамиды. Балаларға карағанда (1:1), ересек адамдарда көктамырлардын
диаметрі артериялардың куысынан үлкен (2:1) болады. Коктамырлардың куы-
сының кеңеюі олардың кабырғасының серпімділігінің төмендігіне, ересектерде
кан кысымынын жоғарылауына байланысты.
50—60 жаска дейін тамырдың тамырлары орташа тарылған күйде болады,
65—70 жастан кейін олардың куыстары ашылады.
Егде жастағы адамдардың көптеген мүшелерінің
лимфа тамырлары көп
мөлшерде ұсак варикозды кеңеюлер және бұлтиып шығулардың болуымен си-
патталады. 35 жастан аскан адамдарда ірі лимфа сабауларының және кеуделік
өзектің кабырғасының ішкі кабыкшасында
коллаген талшыктарынын саны
жоғарылайды. Бұл үдеріс 60—70 жаска карай едәуір артады. Осы мезгілде оны-
мен катарласа бұлшык ет жасушаларының және эластикалык талшыктардың
саны азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: