6.1. Жалпы морфологиялық сипаттамасы және
жіктелуі
131
Мезотелий жасушалары —
мезотелиоциттер
— жазык, пішіні көп бұрышты,
шеттері тегіс емес (6.3-сурет,
а).
Жасушаның ядросы орналаскан бөлігі
«калыңырак» болады. Олардың кейбірулерінің
ядролары біреу ғана емес,
скі немесе үшеу, яғни иолиплоидты болады. Жасушалардың бос бетінде
микробүрлері аныкталады. Мезотелий аркылы серозды сұйыктыктың бөлінуі
және сіңірілуі өтеді. Оның беті тегіс болғандыктан ішкі мүшелердін сырғуы
жеңіл жүреді. Мезотелий кұрсакжәне кеуде куысында орналаскан мүшелердін
арасында жабыспалардың
пайда болуына кедергі жасайды, олардың түзелуі
мезотелий закымданған жағдайда ғана мүмкін болады. Мезотелиоциттердің
арасында көбеюге кабілетті, аздифференцияланған (камбиальды) түрлері де
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: