130
6-Тарау. Эпителий тіндері
бағаналы болып келеді, олардын ядролары да бір денгейде, яғни бір катарда
орналасады. Мұндай эпителий изоморфты деп те аталады (грек тілінен
isos —
бірдей). Жасушаларының пішіні мен биіктігі әр түрлі, ядролары әр деңгейде,
яғни бірнеше катарда орналасатын жасушалардан тұратын эпителий көп
катарлы немесе жалған көпкабатты (анизоморфты) деп аталады.
Көп кабатты эпителийдің
мүйізденетін, мүйізденбейтін және ауыспалы
(өтпелі) түрлерін ажыратады. Жоғарғы қабаттың жасушаларының жазык
мүйізденген кабыршыктарға дифференциялануына байланысты, мүйіздену
үдерістері жүретін эпителийді
көп қабатты жазық муйізденетін
деп атайды.
Мүйіздену жүрмесе эпителий
көп қабатты жазық муйізденбейтін
деп аталады.
Ауыспалы эпителий
катты созылуға үшырайтын мүшелерді — куык,
несепағар және т.б. тыстайды. Мүшенін көлемі өзгерген кезде эпителийдің де
калындығы мен кұрылысы өзгеріске ұшырайды.
Морфологиялык жіктелумен катар ресей гистологы Н. Г. Хлопиннін
кұрастырған
онтофилогенетикалық жіктеуі
де колданылады.
Негізгі жасушалык диффероннын эмбрионалдык даму көзіне байла
нысты эпителийдін келесі түрлерін ажыратады: эпидермалдык (терілік),
энтеродермалдык (ішектердің), целонефродермалдык, эпендимоглиалдык
және ангиодермалдык.
Эпителийдің
Достарыңызбен бөлісу: