Бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ә. НҰрпеИс. ҚаН меН тер



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата21.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#142382
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
0d581f528880c6ae74bf3685d2ef0add

Бірінші кітаптың соңы


332
екіНШі кітап
серГеЛДеҢ



333
БіріНШі БӨЛім
Жалғыз түйелі шолақ көш күн кештете Көлқораның 
құлауына ілікті.
– Ау-ыл!
– Ауыл! Ауыл көрінді! – деп, түйе үстіндегілер шу-
лап қоя берді.
Түйе жанында екі келіншек, екі жігіт жаяу-жалпылап 
келе жатқан-ды. Оқшау хабарға олар да еңсесін тіктеді.
– Ауыл дейсің бе, әй? Қара-құра көріне ме?
– Жайылып жүрген мал көп. Бай ауыл болу керек.
– Ендеше құдай берді! Адаспай, дәл тапқан екенбіз.
– Мынау соның аулы деп ойлайсың ба? Ол өзі малды 
жігіт пе еді?
– Ойбай, малды. Тоғы шайқалмаған жігіт. Тері-терсек 
жияды, табыскер. Жарықтық, жері де жақсы екен. Әй, 
Қалау, байқайсың ба, алабұтасы, ащылық сораңы кілк-
кілк етеді. Нағыз түйе ұстайтын жер екен!
– Қазаны қандай екен иттің?
– Тіл тигізбе...
– Ой, енесін... асқа тойғызса болды.
– Не көрініпті...
Екеуінің де қасы-кірпігі шаң. Жақ жүндері үрпиіп 
кеткен. Ылдиға құларда жұлығынан шұлғауы шыққан 
қайыс етікпен борбас кебірді бұрқылдатып, сырғанақтап 
сөйлей түсті. Әсіресе, иықты, ірі қара жігіт ауыл қарасын 
көргелі жағы тынбады. Мына елдің жері, суы, шөбінің 


334
реңі жайында неше түрлі топшылау айтып, сөйлеп келеді. 
Олардан кейініректе екі келіншек түйеден қалмай, ке-
бежеде бастары қылқиған балалармен қатарласып келе 
жатыр. Әлсін-әлі ас сұрап қыңқылдаған жас балаларды 
алдарқатып: «Шыдаңдар! – деп жұбатады, – әне, Ебейсін 
ағаңның үйі көрінді. Кішкенедесін жетеміз. Ой, сосын, 
несін айтасың, отты маздатып жағар. Ыссы астың буын 
бұрқыратып алдарыңа қояр. Сен же, мен же болармыз».
Бұлар ауыл шетінде мал қайырып жүрген кісіге 
жолығып, Ебейсіннің қыстауын сұрап алды. Мұржадан 
түтін будақтаған ығы мол, үлкен үйді көргенде, балалар 
кебежеден мойнын созып, қып-қызыл тұмсығымен ілгері 
жақтан аңқып қоя берген малдың, қидың, көң-қоқырдың 
иісімен дем алды.
Бұлар бөтен үйдің қорасына баса-көктеп кіруге 
именді. Көш басындағы ер-азамат келген бойда хабар-
лас қылды да, сыпайылық сақтап сыртта иіріліп тұр. 
Ірі қара төбет қора түбінен бой көрсетіп үріп келеді. 
Әлі шам жаға қоймаған үлкен үйдің терезесінен кешкі 
оттың болымсыз қызғылт сәулесі жылтырады. Есік 
ашылды да іштен күбіландай төртпақ кісі шықты. Бұлар 
Ебейсінді тосырқап таныды. Бұрынғыдай емес, ел ішінің 
тері-терсегін жинап, қалаға қатынап, сауда басындағы 
кісілермен араласқалы татар байларына еліктеп бойын 
күтіп ұстайтын бопты. Қара мақпал тақия, қара загірен 
бешпент киіп, тыраштанып алған тақуа Ебейсін үй ал-
дында иіріліп тұрған жұпыны, жүдеу кісілерге жатырқай 
қарады:
– Көрмеген кісімсің ғой.
– Мені білесіз... Мен Төлеу...
– Кім?
– Тө-леу. Төлеумін.
– Төлеу?.. Жоқ, білмеймін.


335
– Құдай-ау, не дейді?.. Өткен қыста Құ-дайменде 
болыстың оқудағы інісі екеуің біздің үйге қонып 
кеткенсің... Содан кейін де талай-талай қонғансың... 
Шұқырда отырған жалғыз үй...
– Шұқыр?.. Қай шұқыр?..
– Апыр-ай, қалай десем екен? Қырда... шұқырда, 
жалғыз үй.
– Жоқ, есімде жоқ.
– Не дейді?! Аға-еке-ау...
– Ии-и, пақыр, қой әрмен! Халық үстінде жүрген 
азаматтың бір түнеп кетпейтін үйі бар ма? Соның бәрі 
есіңде тұра ма? – деді де, Ебейсін бұрылып жүре берді.
Төлеу бөгемек болғандай ілесіп ұмтыла түсті де, 
тоқтады. Саудагер жігіттің сол ана загірен бешпенттің 
жағасын керіп, жырта жаздап бара жатқан қызыл қоңыр 
мойнына, сосын күдірейген шошқа жон бітеу жауыры-
нына көзі түсіп еді. Осынша жалынып-жалбарынғанда 
оның бір сөзге иманы бүлк етпеген керең түрінен қатты 
түңіліп, мұздай тер маңдайынан бұрқ етті. «Ойпырым-
ай, бұндай да адам болады екен ғой». Төлеу есін жия ал-
май, сасқалақтап жан-жағына алақ-жұлақ қарады. Күн 
қызарып батуға таяп қапты. Ауа бұлыңғыр. Кешкі жел 
шұғыл суытып, бар әлем шаңытып тұр екен. Төлеу күзгі 
күннің қатқыл суығын енді сезгендей, иығы құнысып, 
бүгежектеп ықтап кете берді. Сыртта иіріліп тұрған 
қатын-баласы есіне түскенде есі шығып, сасқалақтағаны 
сонша жаңа ғана беті қайтып қалған кісінің соңынан 
қайта жүгірді. Бара сала «ағалап» шалғайына оралып еді, 
Ебейсін қолын қағып жіберді. Төлеу қайта жармасты.
– Аға-еке-ай, үй ішім, бала-шағам... Қараңғыда қайда 
барам...
– Онда менің шаруам қанша?!
– Мұсылмансың ғой.


336
– Мұсылмандықты саған бердім.
– Астафиралла... Дәм-тұзымды талай татып едің ғой. 
Ақысын алсаң да...
Ебейсін тоқтай қалды. Етігінің тұмсығына қарап, ой-
ланып тұр.
– Бәлкім... сататын бірдеңең бар шығар?
– Бар... бар...
– Нең бар?
– Бір құнаншам бар.
– Құнанша дейсің бе? Сосын?
– Сосын, бір жалпылдақ тайлағым бар. Алдына 
мұрын тесер бұйда-сайма.
– Бұйда-сайма... бұйда-сайма дейсің, ә?
– Иә, иә, бұйда-сайма!
– Жүр, көрелік!
– Қолдағы мал қайда қашар дейсің... әуелі бала-
шағаны жылы жерге орналастырсақ... Шешемнің де 
үзірі бар еді...
Ебейсін қайырылмады. Түйе үстінде жардай боп 
отырған ірі сүйек кемпірге көзі түсті. Өзінің әне бір кезде 
Құдайменде болыстың оқудан қайтқан інісін алып келе 
жатып осы кемпірдің үйіне тоқтағаны есіне түсті. Кемпір 
де оны бірден таныды. Амандасқалы қалың киімді бойы-
мен қалауыштан еңкейе беріп еді, бірақ Ебейсін рай бер-
мей, тұсынан тезірек өтіп кетті. Екі келіншекті кісі екен 
деп елеген де жоқ.
Ебейсін құнаншаны көре сала қолын бір сілтеді:
– Қой, мынауың нашар. Біздің ауылдың сүт 
тайлағынан да төмен...
– Аға-еке-ау...
– Әй-й, аға-мағаңды қой!..
Ебейсін нар қоспақтан туған қос өркеш тайлақтың ал-
ды-артына шығып жалақтап жүр. Тайлақтың әуелі омы-


337
рауына үңілді. Қолтығына қолын сұқты. Жүнін ұстады. 
Құйрығын көте-ріп, олай-бұлай қарады да, сосын бұ да 
дәл ана Теміркеше қолын сілкіп кейін шегіне берді.
– Шаһарлы жердің базарына салсаң өтпейді. Мал 
ғып тұтынуға тағы кеміс. Мынауың сұлама өркеш, салқы 
төс, бақырауық жайсаң болғалы тұр екен. Мұндай мал 
жүріске де нашар. Көш жер жүрмей қолтығы ойылып 
қалады. Тегін берсең де алмаймын.
– Аға-еке-ау, не деп тұрсың?.. Сен айтқандай керіс 
қоспақ емес, түс нардың тұқымы, ата мал! Мұсылмансың 
ғой...
– Әй, пақыр, саудаға мұсылманшылық жүрмейді. 
Мына түйеңді сатпайсың ба?
Саудагер жігіттің қырағы көзі жас балалар мен 
сырқат кемпірдің астындағы сары інгенді шалыпты; өзі 
көріп жүрген түйелерден сөгерлігі артық, балақ жүні 
желкілдеген сирақты сары інгенге көзі түскен бой-
да ындыны кетіп, алды-артына шығып жалақтап жүр 
еді. Кемпір оған түйе үстінен түйіле қарады. «Мұндай 
екеніңді бұрын білсемші» деді ішінен. Сосын:
– Әй, балам... – деді Төлеуге, – түйенің басын жете-
ле. Басқа ауылға барайық. Енді кідірсең мына қара бет 
түйені қойып, мені саудалар.
Төлеу түйенің басын кейін бұрды. Кебежеде мойны 
қылқиған жүдеу балалар қыңқылдап ас сұрай бастап еді, 
қара кемпір зекіп қалды:
– Түйеден лақтырып жіберейін бе? Тыныш 
отырыңдар! Күшіктей қыңсылап, бір жағынан сендер де 
жан алып біттіңдер ғой. Барды бермей отыр дейсіңдер 
ме?
– Бала ғой, ес білсе сөйте ме?..
– Сен қыз, тыныш отыр!
Қыз тоңғанын сездірмей, тістеніп отырған-ды. Кемпір 


338
ұрысқаннан кейін мұрындарын тартқылап бүрісіп жым 
бола қалған бөпелерін бауырына қысып:
– Ертегі айтайын ба?.. Ертегім ертек, екі құлағы сел-
тек, қырғауылы қызыл екен, құйрық-жалы ұзынн... – дей 
түсті де, тоқтай қалды. Айғанша апасының көңіліне бола 
жас балалар жоқ күлкіні зорлағандай әншейін ыржиып 
езу тартты. Мұрындары қып-қызыл. Еріндері көгеріп, 
дірдектеп, қалш-қалш еткен кішкентай балалардың 
қылқанақ тісі тісіне тимей сақ-сақ етеді. Қыз сырт ай-
налып, бетін бұрып алды. «Айналайындар-ай, қор 
болдыңдар-ау», – деді ішінен.
Сырқат ана да күнұзын түйе үстінде ырғалақтап 
мазасы кетіп келе жатқан-ды. Ебейсіннің қыстауынан 
былайырақ ұзап шыққасын бір кезде бұлардың алдынан 
бөрік бас нар шоқалақтар кездесті. Селдір қамыс, қызыл 
сирақ түзген, жыңғыл, сораң жынысып, теңіз өңірінің 
кәдімгі көңілсіз бытпылдығы басталды. Бір кезде жел 
астында сусылдаған қамыс сыбдырынан басқа бұларға 
ілгергі жақтан әлдебір алып күштің ыңыранған сарыны 
жетті.
Түйе үстіндегілер болмаса, Төлеу оны сезген жоқ; ан-
да-санда әлде бір қаңбақ қасынан қалбаңдап жосып өтеді. 
Ондайда түйе үріксе де, Төлеу түк сезбейді. Иығы түсіп 
кеткен. Үнсіз. Жағалаудың бытпылдық қалыңдығы ара-
сынан әзер-әзер жол тауып, түйе басын жетелеп келеді. 
Дәл қазір оның басында ыстық ас пен маздап жанған от-
тан басқа ой жоқ. Керек десе, қайда бара жатқанын, неге 
бара жатқанын, бағанағы имансыздан кейін тағы кімнен 
бір түнеп шығатын ық-пана сұрап «әке, көкелеп» аяғына 
жығылатынын бір Алла білмесе, бұл біліп келе жатқан 
жоқ.
– Қазинесі кең құдай-ай, көрсетпегенің көп екен ғой, 


339
– деді кемпір күрсініп. Жаны қиналған ана енді бірде 
Төлеуге жыны түсіп:
– Сорлы бала, теңіз... теңіз деп ынтықты да тұрды. 
Сондағы тапқан Жиделібайсыны осы ма? Адыра қалсын. 
Жері кең болса да, пиғылы тар ел ғой мынауың, – деп еді.
– Елге тіл тигізіп қайтесің. Әлгі жалдаптан басқа 
кімге пана сұрап бардың? – деп, қыз анасын қайырып 
тастады.
Төлеу үнсіз. Басқа үміт қалмаған соң ілгері жақтан 
талып естілген әлгі сарынның сырын білмесе де, әлдебір 
тірліктің тынысы шығар деген дәмемен түйенің басын 
жетелеп, бүгежектеп келеді.
* * *
Ертеңіне Ебейсін көрші ауылдарды аралап, соғымға 
сойған малдың тері-терсегін жинап жүр еді. Оның бұл 
жаны, тәні сүйетін кәсібі. Қырдан көшіп келген кісілер 
қораға таяу арада ғана кірген. Төсек-орны жиналмай, 
абыр-сабыры шығып жатқан ауылдардың иттері алды-
нан арсылдап үріп шықты. Оған онша иманы селт ете 
қоймаған Ебейсін семіз сары атты сипай қамшылап ел 
шетіне кірді. Бұл кезде қазан-ошағын қондырып, пешін 
жөндеп, отынын есік алдына үйіп, соғымын сойып алған 
үйлердің қайсына кірсе де, қазан толы ет буы бұрқырап 
пісіп жатқан үстінен шығады. Ол осылай ел ішінен тері-
терсек жинап жүрген үстіне бір күні Тәңірбергеннің 
атқосшысы ақикөз жігіт кеп:
– Мырза шақырып жатыр. Кәне, дереу атқа мін, – деп 
еді, Ебейсін есітпеді ме, бұрынғыдай елп ете қоймады. 
Соған таң қалған жігіт мынаның міз бақпағанына ыза-
ланып:
– Әй, саған айтам... – деп, дауысын көтере бастап еді.


340
– Әкіреңдеме! Менің де шаруам бар, – деді Ебейсін.
– Шаруаң қашпас. Мырза тез жетсін деп жатыр!
– Кете бер.
– Сен ше?
– Көрерміз дедім ғой.
Ақикөз жігіт кеткесін Ебейсін «барсам ба, жоқ па?..» 
дегендей ойланып тұрды да, ықылассыздау атқа қонды. 
Жаңа ғана етке тойып, буы бұрқырап шыққан жігіт күзгі 
қара суыққа қыңбады. Түлкі тымағын көзіне басып киді 
де, қарсы алдынан қадалып соғып тұрған қатты желге 
тура қарап тартып кетті. Күн қанша суық болғанмен 
семіз сары аттың қос бүйірі тақымын қыж-қыж қайнатып 
келеді. Қыр басына көтеріліп, үлкен айдау жолға түскесін 
Ебейсін ендігі қалған жерге қам жемеді. Басқа жаққа 
бұрылмай тура тартып отырса, мына жол бай ауылдың 
дәл үстінен түсіретінін білді.
Ебейсін таяу арада ғана Шалқардан қайтып келе жа-
тып жолшыбай мырзаға соғып, базарға қосқан малының 
пұлын беріп кетіп еді. Енді неге іле-шала іздеу caп, 
соңынан кісі шаптырып жатқанын түсінбегенсіп, бергі 
жағынан өзінше дал болғансыса да, арғы жағында бір 
өзі білетін күдік маза бермей келеді. «Сұм неме біліп 
қоймаса не қылсын?..» деді ішінен. Сосын тон киген 
ауыр денесі ат үстінде шайқалақтап келе жатып: «Қап, 
не қыласын» деді тағы да ішінен, «із-тұзын білдірмей, 
алысқа көз асырып жібергенде әлде қайтер еді».
Ауылда адам-қара көп екен; қашанда келім-кетімі 
үзілмейтін бай ауыл, әсіресе, Жасағанберген ауруға 
шалдығып, оқуын тастап келгеннен бері қонақтан көз 
ашпай қойып еді.
Тәңірберген күндізгі қонағын әдетте бәйбішенің 
үйінде қабылдап, кіші әйеліне тек жатарда баратын. 
Тұтынған дағдысын қатты ұстайтын мырзаның осы 


341
қазір де қонақтар арасында отырғанын білген Ебейсін ат 
басын үлкен үйге туралады. Қырда жайылған дуадақтай 
төрде бір-бір жастықты қолтықтап, теңкиіп-теңкиіп 
жатқан жуандар үстіне сәлем беріп Ебейсін кіргенде ба-
старын көтерді.
– Ә, Ебейсін... Е, бәрекелді, бері кел! Мында отыр.
– Ал, бала, ауыл-аймақ аман ба? Қалай, бала-шағаң 
сау ма?
Ебейсін шұрқырасып жатқан мына жуан дарға онша 
омырауын аша қоймады. Қайсысы қай елдің байы, қай 
рудың «қара сақал», «ақ сақалы» екенін түстеп таныды. 
Бас-басына қолдасып амандасып жатып мыналардың май 
жаққан етіктің қонышындай жылтыраған сақал-мұртына 
қарап, бұл үйдің сыбағалы қонақасын жеп алғанын білді 
де, ішінен мықтап бір боқтады.
– Ебейсін қарағым, таяуда қалаға барып қайтыпсың 
ғой. Базарға түскен боларсың. Ол жақта мал сыңайы 
қалай екен?
– Мал арзан...
– Апыр-ай, ә?! Арты жақсылық болса жарар еді...
Бұлардың үстіне Тәңірберген кірді. Аман даспақ 
болғалы қос қолын соза түрегелген Ебейсінге ол көз 
қиығын да салмай, киімшең бойымен төрге шықты. 
Ебейсін бұған онша зәбірлене қойған жоқ. Онан гөрі, 
қайта қонақтар ыңғайсызданып, жалма-жан тымақтарына 
жармаса бастады.
– Тәңірбергенжан, біз енді жүреміз. 
Тәңірберген жай ғана басын изеді.
– Бауыр сенікі болғанмен Жасанжан бәрімізге ортақ, 
жөні басқа бала ғой. Сары жамбас боп жата бермей, 
біздің ауылға да кеп, бой жазып қайтсын.
Тәңірберген бұл жолы да үндемеді. Қонақтар бір-
біріне қарап, ымдасып алды да, жапырылып түрегеле ба-


342
стады. Олар жөнеліп кеткесін де Тәңірберген үй ішіндегі 
жандарға түсін бермей, біраз үнсіз сазарып отырды да, 
Ебейсінге бұрылып:
– Әй, алаяқ! Бірге тумасаң да осы ауылдың бір ада-
мындай боп жүруші едің. Сүйтсе, кісі хақын жеуге кел-
генде, сен қара бетке алыс-жақынның бәрі бір екен ғой – 
деп еді, Ебейсін мырс етіп күліп жіберді. Онда да бөккен 
балшықтай тобарсыған беттің бір жері бүлк етпей, тек 
бір танауымен мырс етті.
– Сен енді басқаны қойып, бізге ауыз салмақ екенсің 
ғой. Ар қайда?
Ебейсін оған таңдана қарады. Өңінде: «Не деп 
отыр мынау? Ары не?» деген сұрақ бар. Ол әдетте ел 
ішінен жүн-жұрқа жинап, қала шығып базар базарлап 
қайтқанда, жол бойы келе жатып алған, бергенін есептеп, 
мынау «пайдам», мынау «залалым», немесе «ұтқаным», 
«ұтылғаным» деген екі ауыз сөзбен тоқетерін түйіп, 
бүйірінің бір жағына тыға салушы еді. Өзі өз болғалы 
өмірден түйгені осы: Ұту, Ұтылу. Ұтсаң – өрісің тола 
мал. Қазаның тола – ас. Қатын қойныңда. Ал, ұтылсаң?.. 
«Ой, оның жайы белгілі ғой» деп, ар жағына бармай, 
қолын бір сілтейтін.
Ебейсін бас-аяғы екі ауыз сөзбен айтылатын осы бір 
оп-оңай нәрсені м ы н а н ы ң қиындатып, адамның ми-
ына кірмейтін қайдағы бір «ар-мар» дегеніне түсінбей: 
«Ақымақ екен ғой мынау!» деді ішінен. Көзін жерден 
көтермей, басын бауырына тығып отырып, артының 
іздеушісі мықты малдарды сол жолы Жем бойы мен 
Ырғыз, Торғайдан келген Шөмекей саудагерлеріне са-
тып, алысқа көз асырып жібермегеніне ғана өкінді.
– Не қылса да... менен бір қате болды, – деді міңгірлеп.
– Қате емес, бұл қиянат. Бізге көре, біле тұра істеген 
қиянатың. 


343
Жас мырза былайғы уақытта қырына алғысы кел-
генде, жұртқа ұқсап бет жыртысып, қызыл кеңірдек 
боп керілдесіп жатпай-ақ арғы жағындағы ойын көбіне 
қасы мен қабағынан аңғартып, сыртын суық ұстап оты-
рып та жылан арбаған торғайдай тұралатып тастаушы 
еді. Осы жолы мынаған, мына имансызға күні бұрын 
әзірлеп қойған ауыр сөздің бәрін айтты. Оған неғұрлым 
опасыздықтарын тізіп, бірінен кейін бірін бетіне басқан 
сайын, о да соғұрлым бұның өмір бойы өзіне істеген 
озбырлықтарын бірінен соң бірін есіне алып, беті бүлк 
етпей сазарып алды. Өзгесін қойғанда өткен жылы осы 
Тәңірберген сенімді жігіттерден қол ұйымдастырып, 
ел жата түрікпен жеріне аттандырмады ма?! Сапары 
сәтті болып, түрікпеннің жылқысын қуып әкелмеді ме?! 
Және жау қолынан алған сонша көп жылқыны тағы да 
осы мырзаның ақылымен, өкшелеп соңынан қалмай 
қойған қуғыншыны ізінен адастыру үшін тура ауылға 
тартпай, әуелі сонау Адай, Табын елінің үстін басып, 
орағытып келмеп пе еді?! Тағы да осының айтуы бой-
ынша, балықшы ауылға таң алдында жұрт шырт ұйқыда 
жатқанда келмеп пе еді? Онда да, жылқыны аулақтағы 
бір тасаға иіріп тастап ауылға жалғыз өзі кеп хабар бер-
меп пе еді?! Сонда бұл сүргінге ұшырап, қан сорпасы 
шыққан жылқыларды бір күн орнынан қозғамай, солығын 
басып, тынығып алғанын жөн көрсе де, бұл айтқанға 
көнбеді. Өзінің әдеттегідей сауысқандай сақтығына 
бақты да, біреу-міреудің көзіне түсіп, әйгіленіп қалар деп 
қорыққаны сонша, керек десе, бұлардың атының терлігін 
де құрғатпай, келген ізімен қайта қуып, түрікпеннен 
әкелген жылқыларды Ұры шыңының қалың шатқалына 
көз асырып жібермеді ме?! Бұны да ел ұйқыда жатқан 
бейқамда, бір жанға із-түзін білдірмей істегендіктен, 
шеттен келген сонша жылқы суға батқан тастай жым-


344
жылас жоқ боп кетті емес пе?! Сүйте тұра, бұған «кісі 
хақы» деп қожаңдайды. Түрікпен жылқылары кісі хақы 
емес пе? Сонша тегін олжадан бұған қотыр тай да бер-
меген еді ғой. Ер-азаматы бес қаруы белінде, аты белде-
уде байлаулы тұратын жауынгер елдің жылқысын қуып 
әкету бұған оңай боп па еді?
Ебейсін үндемеді. Тәңірберген нәсілсіз хайуан деп ит 
терісін басына қаптап, жер-жебіріне жетіп жатқанда да 
бұл жұмған аузын ашпай, қабағы салбырап, тобарсыған 
қалың бет ішкі сезімін сыртына шығармай тұнжырап 
алған-ды.
– Әй, залым, есітемісің?.. – деді Тәңірбер ген.
– Нені, мырза?
– Малымды жедің.
Ебейсін түкке түсінбегендей, иығын қиқаң еткізді.
– Малымды қайтар!
– Мақұл, мырза. Ақшалай аласың ба, әлде малдай 
қайтарайын ба?
Тәңірберген аузына сөз түспей қалды. Ебейсін 
қойнынан бір буда ақшаны алып базардағы машықпен 
бір-бірлеп санады да, Тәңірбергенге ұсынып еді
Тәңірберген қолын соза қоймады. Азсынып отыр деп 
ойлаған Ебейсін:
– Ауылдық жерде мал түк емес. Мен саған базар 
нарқымен беріп отырмын – деп, ақшаны алдына тастай 
салды.
– Жоғал!.. Шық үйден!..
– Жарайды, мырза. Екіншілей базарға басқа кісіні 
жұмсарсың – деді де, Ебейсін салғыласпай, тұрып жүре 
берді.


345
* * *
Биылғы күз жылдағыдан ұзаққа созылды. Жауын-
шашынсыз ызғырған қара суықтың зәрі сынбай, үйде 
де, түзде де жан біткеннің зықын алып қылшылдаған 
қалпымен қарлы қысқа қалай кіріп қалғанын жұрт 
байқамай қалған-ды. 
Кешегі, сол қара суықта Төлеудің үйі құдды көзге 
түртсе көрінбейтін тастай қараңғыда ұшқан көбелектей, 
сүрініп-жығылып, қаңға-лақтап жүріп қара жардың 
басындағы балықшылар аулынан бір-ақ шықты. 
Алғашқы жауған қармен аралас-құралас қимылдап, 
Мөңке бастаған балықшылардың көмегімен өздеріне 
баспана салып алды. Есіктің орнына алаша ұстамақ 
болған Төлеу мен Қалау қайта-қайта қолын демімен 
үрлеп, бүрсектеп жүргенде, мына жақта Айғанша екі 
жеңгесімен бірге жабылып әуелі балшық иледі. Сосын 
әр үйге бір кіріп, қалған-құтқан кесектен бір мойын пеш 
салды.
Айғанша орасан көңілді. Қолы, беті балшық. Оған 
қарап жатқан жоқ. Қайта аға-жеңгелеріне жәрдемдесіп, 
жұртпен бірге өзінің де аянбай, өліп-тіріліп жұмыс 
істеп жатқанына мәз. Пеш дайын. Қазір қазан орна-
тады. Ошақта от жанады. Сосын жеңгелері қазанға ас 
салар-ау! Ой, сосын ошақтағы от алдында отырып ас-
суланғасын осы күндері бастан кешкен қиындықтың 
бәрі, ұмытыларын ойлап, қабағы түсіп кеткен аш 
кісілердің арасында жалғыз өзі ауық-ауық мұрнын тар-
тып қойып, ұшып-қонып жүр.
Қара кемпір қызын жаңа көргендей, жымиып күліп 
қояды. Әттең, не керек, осы кішкентай, бір жапырақ 
қыздың талабын құдай ана екі шіркінге бермеді ғой.


346
– Қазан көтеріңдер, балалардың қарны ашты, – деді 
кемпір келіндеріне.
– Отын жоқ қой, әже, – деді Төлеу.
– Ой, заман-ай! «Әйел ерге, ер жерге қарайды» деген. 
Балам-ау, отын болмаса, құдай айтқан түйе бар. Қолыңа 
кетпен ал, қасыңа келіншектеріңді ерт. Үй сыртындағы 
қоңырлықтан сүт пісірімде бір түйе отын шауып әкелесің.
– Ой, қойшы. Күн суық... Кісі бетінен басады.
– Жұмыс істесең – жылынасың.
Төлеу бұрқылдап сөйлеп жүріп, күпісін киді. Белін 
буды. Ағаш төсекте бөксесін көрпемен орап отырған 
сырқат шешесінің алдынан әрлі-берлі өтіп жүріп, 
халін сұрамақ түгіл көз қиығын да тастамады. Апыр-
ау, осы шіркін кімге ұқсаған? Әкесі марқұм ақ жарқын 
ашық болатын. Үйір-үйір мал кең далаға сыймай жат-
са да, қашан көзін жұмғанша қатын-баланың қамын 
жеп, жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді. Өзінің де 
қол қусырып отырған кезі болмапты. Әттең, не пайда, 
кәрілік пен сырқат қос қабаттап құртты ғой. Әсіресе, 
осы жолғы сырқат өзіне қатты батты. Оң жақ бүйірден 
қанжар ұшындай қадалып тұрып алды. Құйттай қозғалса 
тұла бойы қан қақсап, жаны бірге шыға жаздайды. 
Іштен жабысқан дерт сүйек-сүйегін сырқыратып жатса 
да, бала-шағаның берекетін қашырмайын деп, дыбыс 
шығармай тістеніп алады. Бірақ кәрі дененің қажары 
қаншаға жетерін кім білсін?..
Кемпір күрсінді. Таң атқалы тыным көрмей жүрген 
қызын ойлап, ана жүрегі елжіреп отыр.
– Айғаншажан-ай, шаршадың-ау. Балам, азырақ дем 
алшы.
– Жоқ, жоқ, апа...
– Салқын тиер, тым құрыса сыртыңнан киім ки.
– Жоқ, апа, дәнеңе қылмайды.


347
– Әй, қыз, айтқанды тыңдайсың ба, жоқ па? Қайт 
кейін...
Айғанша бір шелек үйіндіні сыртқа ала жөнелді. Қап, 
мына қызды-ай, сорлы балаға салқын тимесе қайтсін?.. 
Құдай қылса қайтесін. Осының бәрі Қалаудан ауыспай-
тын шаруа. Сорлы керенау, жалқау. 
Қалау есікке алаша ұстағасын басқа шаруа бастан 
асып жатса да қайырылмай, жүк үстіне құлай кетті. Қара 
тонмен басын бүркеп алды.
– Әй, жарқыным, тұр. Ана қызға жәрдемдес. 
Қалау тон астында қимылдап қозғалақтай түсті де, 
қайтадан тым-тырыс бола қалды.
– Әй, тыңдайсың ба, саған айтам...
Қалау бұл жолы да басын көтермей, тон астынан 
күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті. Сыртта ит үрді. Түйе 
бақырды. Әлде кімнің ата-бабадан бастап боқтаған бейпіл 
даусы шықты. Қара кемпір балықшылар естіп қала ма 
деп жерге кіріп барады. Балжан мен Кенжекей үйге бір-
бір құшақ отын кіргізді. Әкелгендері от тисе ие бермей 
лаулап ала жөнелетін томар жусан. Кешегі жаңбырдан 
кейін екі-үш күнгі жадыра шуақта басы шашақтанып, 
бүрлене бастапты. Қатарынан екі құшақ жусан ішке 
кіргенде, әлгінде ғана өлі кесек пен су топырақтың сыз 
иісі кісі тынысын ауырлатып тұрған үйде кенет дала 
шөбінің иісі бұрқырап қоя берді.
Кенжекей от жақты. Жалпылдақ отын лаулай 
жөнелді. Қара қазан асты қапелімде қызыл шоққа то-
лып, от сәулесі жарқылдап, түнеріп тұрған үйдің түкпір-
түкпірі қапелімде көңілденіп шыға келді. Қазандық ал-
дына төсек жайылды. Сырқат кемпір мен бала-шаға отқа 
жақындады. Қалау да тон астынан басын көтерді.
– Тамақ істедіңдер ме, әй? 
Айғанша сықылықтап күліп:


348
– Жұмысы ауыр ғой, тамақ беріңдер, – деп еді. 
– Әй, қыз... тиіспе маған, сасыңды жұлам. 
Күлкісін тыя алмай, сықылықтап жатқан қарындасына 
тағы бірдеңе дегелі оқтала түсті де, осы кезде үйге қарай 
беттеп келе жатқан әлде біреулердің аяқтарының дыбы-
сын есітіп еді, іле-шала үйге үсті-басы сықырлаған екі 
балықшы кірді.
– Кеш жарық!
Олар қолына ұстай келген балықты қазандық жанын-
да жатқан отын үстіне тастай салды. Тірі сазандар сап-
сары бауыры ошақтан түскен от сәулесіне шағылысып 
бір-екі шоршып аударылып түсіп еді, бұрын балық 
көрмеген балалардың көзі атыздай боп, аналарының ба-
уырына тығылды.
Мөңке мен Дос бел шешіп отырмады. Өздерінің 
үстіне көшіп кеп, ірге тұрғызып жатқан кісілермен әлі 
үйренісе қоймаған. Әңгіме де туа қоймады. Әрі-бері 
үнсіз отырғаннан кейін екі балықшы мыналардың жаңа 
қоныстарына құтты болсын айтты да, үйді-үйлеріне 
кетті.
Кенжекей мен Балжан балық союға кірісті. Кішкентай 
балалар аузын ашып қызықтап қапты. Қалау мен Төлеу 
балық сойып жатқан екі келіншекке ентелеп кеп, үстіне 
төніп тұр. Көп ұзамай балыққа тоятынын білген ағайынды 
жігіттер көңілденіп, жымыраңдап күле бастады.
– Апыр-ай, берекет теңізде екен ғой.
– Асылы, қара жерге қолдан егіп астық шығарғандай 
емес, рахат өмір мыналарда екен. Қорадағы малың 
секілді үй іргесінде ыңыранып жатқан теңізден балықты 
ұстап әкеп соя береді-ау, шамасы.
– Төлеу аға, сен... сен уылдырығына қара. Майға 
бөктірген сөк сияқты. Ойбай, әне бір аппақ қуығы не?
– Әй, балаларым, – деді қара кемпір.


349
Қалау мен Төлеу соққы астында бұққандай, мойнын 
ішіне тартып ала қойды.
– Жаңа тілектің үстінде тұрсыңдар. Реті келді. 
Тайлақты сойыңдар! – деді кемпір.
Қатар отырған екі жігіт бір-біріне көзінің астымен 
қарап, күліп жіберді. Төлеу атып тұрып апалақ-құпалақ 
пышақ іздей бастады. Ең аяғы үй шаруасына арам өліп 
бара жатса да араласпайтын Қалау да алақанына түкіріп 
құлшынып шыға келді. Асыққанда таңырайған шолақ 
танау әшейіндегіден қаттырақ шуылдап, ыржалақтап 
әркімге бір қарады. Онан есік алдында күйіс қайырып 
жатқан тайлаққа жетіп барып, алды-артына шығып, 
«осының бәрі ет-ау» деп ойлады. Тайлақтың қарамына 
көңілі толған жігіт жабу сыртынан қомын, өркешін ұстап 
көрді. Әсіресе, тіп-тік өркеш жас қыз емшегіндей тері 
астында тырсылдап, тып-тығыз май саусағын батырмай 
қайта теуіп жібергенде, Қалау «о-оһо» деп күліп жіберді. 
«Әлгілер қайда? Істері бітпейді. Неге кесігіп жатыр?» 
Қалау енді аға-жеңгесіне ызаланды.
Әйелдер арқан іздеді. Өреше жақта табақ, шелек 
даңғырады. Көп ұзамай пышағын, арқан-жібін, ыдыс-
аяғын алып, сырқат кемпірден басқалары дабырлап 
сыртқа шықты.
Қара кемпір іште жалғыз. Жаңа қонысқа орналасып 
жатқан балаларына әркездегідей көңілін аққа ұйытып,
Жаратушы Иеден тілек тілеп отыр. Тілі – дұғада. Құлағы 
– сыртта. Әне, тайлақ бақ етті. Иттер ырылдады. Іле-
шала Қалау мен Төлеу ырсылдап, жылы буы бұрқыраған 
етті ішке көтеріп кіріп келе жатты. Әйелдер тай қазанға 
толтыра ет салды. От жақты. Ет піскенше шыдамай, 
өкпе-бауырды турап қуырдақ қуырды. Көңірсіген ет иісі 
қапелімде үй ішін алып кетті.
Көңілді кісілер даусын жарыстырып қау-ықылдасып 


350
жатыр. Үлкен-кішінің қолында бір-бір қасық. Майлы 
қуырдақ. Быжылдап жатқан қара қазанның маңында 
үңіреңдеген сойдауылдай, сойдауылдай екі жігіттің өзде-
рімен бірге көлеңкелері де ерең-сереңдеп, ашқарақтана 
ұмтылады. Үй сыртындағы уілдеген жел, сүйегіңнен 
өткендей суық, өкірген теңіз осы қазір мыналардың бірде-
бірінің ойын бөлген жоқ. Кешегі қара суықта ығы жоқ 
мидай жазық даламен күн-түн қатып көшкендері, онан 
безбүйрек Ебейсіннен көрген зәбір-жапа мыналардың 
қазір бірде-бірінің есінде қалмаған. Майлы қуырдаққа 
керелеп тойып алған екі еркек жиі-жиі күліп, әзілдесіп, 
алдындағы асты бір-біріне ысырып «сен же», «мен же», 
мәре-сәре.
Ертеңіне кеш оянды. Түндегі еттің тоғы басылмаған. 
Денелері ауырлап, сүлесоқтанып ұйқы қыстап, қайта-
қайта кекіреді. Есіней береді. Асқа да, іске де ықылассыз. 
Төлеу қатындарына:
– Тұрыңдар, етті тұздаңдар, – деп еді.
– Сабыр ет, балам, – деді кемпір.
– Неге, әже?
– Қалған етке көршілерді шақырып жіберіңдер.
– Ой, әкесінің аузын! Сақырмаймыз – деді Қалау.
– Ақылыңды шашпа, балам. «Көп тілегі – көл». Ба-
тасы тиер.
– Батасын басына шайнап жақсын. Әкесінің аузын... 
– деп, Қалау боқтап жіберді.
– Ертеңгі күні өзіміз аш отырамыз ба? – деді Төлеу.
– Әй, ақылсыз немелер! Сендердің ертеңгі күндеріңді 
ойлағасын айтып отырмын ғой. Адам күні – адаммен...
Қалау мен Төлеу көнбеді. Қалау шешесіне сыртын 
беріп бұртиып отырды да, түсініксіз әлде бірдеңелерді 
міңгірлеп кетті. Ал, Төлеу қаһарын қатын-балаға төгіп, 
үйдің ішіне бықпырттай тиді.


351
Қара кемпір ішінен тынып, шөгіп қал ған. Ақылының 
жеткен жері осы болғасын, айт-айтпа, ұрыс-ұрыспа, онан 
не пайда?! Құлқынның қамынан басқа уайым-қайғы жоқ. 
Ертеңгі күн есіне кіріп шықпайды. Тайлақ еті таусылған 
соң қайтем дейді екен бұл пақырлар? Ел ұлтаны – 
балықшылар. Мал-дүние болмаса да, іргесі ажырамай, 
басы бүтін отырған жандар. Жөн білген кісіге ендігі жер-
де мына тас бауыр дүниедегі жалғыз жанашыр жақының 
да, тума-туысқаның да осылар. Жан бар жерде қаза бар. 
Ертеңгі күні үй ішінен біреу ауырса, кіріптарлық көріп 
қиындық іс басына түссе, жер басқан пендеде көзіне 
көрінетін қасындағы қара да осы балықшылар ғой. Сол 
миына кіре ме екен мына шіркіндердің? Кешегі күні 
ошағыңа таған қылып қақсаң да қасыңнан орын бер, 
босағаңа паналат деп қысылып келгенде, басқа емес, 
осылар құшағын ашып қарсы алмады ма?! Ер-азаматы 
жабылып үй салып берді. Енді, әне, балығын бөлісіп жа-
тыр. Хан бол, қара бол, әркім сыйлағанның құлы. Орайы 
келіп тұрғанда от басыңды көрсет. Таныс. Біліс. 
Қара кемпір түрегелді. Келіндеріне ақылын ай-
тып, өзі басқарып-төскеріп жүріп, тайлақ етін түгелдей 
көтеріп әкеп екі қазанға бөліп салды да, ауылдастарға 
хабар берді. Қонақтар келгенше буулы жатқан теңді 
шешкізіп, өздерінің әне бір төрт құбыласы түгел, шар-
шысына кеп шалқып тұрған кезінен қалған көне шапан, 
көне ішіктерді шығарды. Ал, түгі қырылған көне кілем, 
көне текеметтерді төр алдына жайғанда жаңа ғана жел 
ызғыған жүдеу үйдің іші жайнап кетті. Қара кемпірдің 
өзі де таңырқап қарады. Әне бір қарны ашқанда Төлеу 
орта қап астыққа сатпақ боп жатқанда ақырып-жекіріп 
алып қап еді. Соңыра, бұл өлгесін өздері білсін, көзі 
тіріде айырылар ойы жоқ. Жер түбінен атадан балаға 
мирас боп, қолдан-қолға өтіп келе жатқан мына дүние, 


352
басқаны білмейді, бұған көне көздей бәрі ыстық. Бұның 
қайсысын алсаң да баяғы құдіретті ата-бабалардың 
ұлылығының ізі жатыр. Мына көне кілем, көне текемет-
ке арғы-бергі заманның небір игі жақсыларының тәні 
тиді, иісі сіңді. Күйеуі болыс боп тұрған баяғы айбарлы 
кезде осы үйдің төрінде осы кілем, осы текемет жатып 
еді-ау! Ой, дүние-ай, соның бәрі, енді мінекей көрген 
түстей! Айтсаң нанбайды. Өзгені қойғанда, алдымен 
өзінің бауырынан өрген балалар нанбайды.
Қара кемпір теңнен шыққан көне киімдерді бір-
бірлеп қарап шықты. Жас кездегі досын көп жыл өткесін, 
қартайған шағында қайта көргендей. Өзі сияқты бұлар 
да тозған. Жеңінің аузы қиылған. Түгі қырылған. Бояуы 
оңған. Жылдар бойы жүк астында жатып умаждалып, 
мыж-мыжы шыққан көне киімдердің кәдімгідей ажары 
тайып, әжім түскен көне беттей.
Тыстан осы үйге беттеп келе жатқан кісілердің топыр-
лап басқан аяқтарының дыбысы естілді. Көңілі бұзылып 
бара жатқан қарт ана теп-тез бойын билеп ала қойды 
да, орнына барып отырды. Балықшылар өз үйіне кел-
гендей, ештеңеден именбей қауқылдап сөйлеп кіріп еді, 
төрге жайып тастаған қызыл ала төсенішті көргенде тіл-
жағы байланғандай тына қалды. Алдымен кірген Мөңке 
мен Дос та құдды күн сәулесі көзін қарығандай, жана-
ры жасқаншақтап жалма-жан өздерінің аяқ киімдеріне 
қарады. Кейін кіргендер де алдындағы үлкендердің та-
сасына тығылып, бойын тасалап тұрып қалды.
– Әй, аяқтарыңды шешіңдер! – деді Мөңке.
Бәрін байқап, бәрін көріп, біліп отырған кемпірдің 
ұзақ аурудан қажыған ажары ішінен түлеп жымың етті. 
Ой, заман-ай! Бұлардың баяғы шаршысына кеп тұрған 
шағы еді-ау! Үйіне келген кедей-кепшіктер де дәл мы-
налардай төрге беттей алмай, қипақтап-сипақтап тұрар 


353
еді де, есік алдынан кетер еді. Ол кезде бұ да ықыласы 
түскендерге ғана рай білдіретін...
– Неге іркілдіңдер, төрге шығыңдар! – деді кемпір.
Балықшылар жапырлап аяқ киімдерін шеше бастады. 
Мөңке мен Достың соңын ала төрге шыққан жас жігіттер 
абайламай бір нәрсені бүлдіріп алатындай, қол-аяғын 
жаза алмай берекеті қашып отыр. Іштеріндегі қайсы 
бір батылдауы кемпірдің көзін ала бере көне кілемнің 
мап-майда түгін ескек қажап көк мүйізденіп қалған 
алақанымен абайлап ақырын сипайды.
Қара кемпір оны да байқады. Енді көре қал, мына-
лар бұны қаумалап ортаға алып ата тегін, руын сұрайды. 
Арғы-бергі тегінде батыр болған, бай, би болған, бо-
лыс болған кім бар? Түп-тұқиянның бәрін біліп, бәріне 
көзін жеткізгенше көңілдері көншімейді. Соны білгесін 
енді бұ да өзінің қай атасында қора толы қой, үйір-үйір 
жылқы, мыңғырған мал болғанын есіне түсіре бастады. 
Өзінің күйеуі жеті жыл болыс боп, жалпақ елді билеп 
тұрған сонау заманда қыз ұзатып, келін түсіргенін де, 
есіне түсіріп, енді мыналар қашан сұрар екен деп іштей 
әзірленіп отырған-ды.
Бірақ ешкім үндемеді. Сөзге шорқақ Дос басын бауы-
рына алып, томаға-тұйық отыр. Анда-санда қазан жаққа 
көзінің астымен қарап қояды. Мөңке кемпір күткен 
жаққа тіпті аяқ баспады. Кеш бойы ол кемпірден қайда 
бір келіспеген нәрселерді сұрап, жер шалғай, алыс жол-
да қиындық көрген шығарсыңдар деді. Бұл жақ қонысқа 
жаман болмас деді. Онан ырызық-несібесі бірыңғай суға 
қарап отырған кісілердің қыр қазағынан біраз айырмасы 
барын айтып, қайда бір келіспеген өнімсіз әңгімелерді 
ежіктеп кетті. Атақонысын, жер, суын тастап, кәзіргідей 
қыстың көзі қырауда қиындық көрген кісілердің 
көңілін делбегісі келді ме, келесіде қарт балықшы теңіз 


354
жағасының тірлігін тіпті асырта мақтап, күнделікті 
қазандық балығы мен шабындығын, отын, суын көйітті. 
Соның бәрінде де қара кемпір оның сөзіне онша жөндеп 
құлақ аспай, салғырт тыңдап, шала ұғып отыр. 
Жастар жағы үнсіз. Үлкендер алдындағы өздерінің 
дағдылы ибалылығын сақтап, шәкірт балаша монтия-
монтия қапты. Қонақасыдан кейін ғана тілдері шыға ба-
стады. Бір топ жас араларындағы әнші, домбырашылар-
ды ортаға алып, өз алдына оңашалана қалды. Бетінен оты 
шыққан қараторы жігіт домбыра тартты. Онан осындағы 
әдет бойынша ауылдың алты аузын айтты да, домбыраны 
қасындағыға ұсынды. Ол қысылып қап, арғы жағындағы 
біреуге асырып жіберді. Домбыра осылай қолдан-қолға 
өтіп, жүздерін жел қаққан жылтыр қара жігіттерді ара-
лап шықты. Жаңағы қараторы жігіттен кейін жеке ән 
салуға ешқайсының жүрегі дауаламады. Үй толы халық 
тұйыққа тірелгендей, аңтарылып қалып еді, сол кезде әлгі 
жігіттердің арасында үркердей боп бірыңғай отырған 
он шақты қыздың ішінен біреу шырқай жөнелді. Қара 
кемпір көзін уқалап жіберіп, қайта қарады. Бәтір-ау, мы-
нау... мынау, Айғанша ма, әй? Бәсе, ертеден бері біреу 
бірдеңе десе де бетінен оты шығып, ернін тістей алатын 
осы ауылдың ұялшақ қыздарын өзінің қасына жиып, 
әр қайсына әлденені сыбырлап, қайсы бірін «саған не 
болды?» дегендей жұлқып қап, жігерлендіріп отырған 
сияқты еді. Ән бастар алдында да Айғанша қасындағы 
қыздардың құлағына бірдеңе деп сыбырлап, бастарын 
шұлғытып құптатып алды да, салмақты жүзін жоғары 
көтеріп, сезімге шабатын сыршыл дауыспен шырқай 
жөнелді. Балықшы жігіттер қыз әніне іле қосылып, 
өздерінің суыққа қарлыққан әлем-тапырық дауыстары-
мен дүрілдетіп әкетті.


355
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең, неге аяйын аттың терін?!
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім?!
Ән үзілгенде қараторы жігіт ұшып түрегелді:
– Осындай жігітті де күйікке салған қыз шіркін 
қандай қатал еді?!
Жұрт ду күлді. Ұялшақ қыздар бетін бір-бірінің таса-
сына жасырып, төмен қарап кетті. Тек есік алдында бетін 
мұздай босағаға сүйеп тұрған осы ауылдың келіншектері 
жаңағы қараторы жігіттің не дегенін, мына жұрттың 
оған неге күлгенін аңдамай қап, бір-біріне қарады. 
Мына ән келіншектердің қайда бір жан-дүниесінде 
үнемі сырқырайтын да жүретін ең бір жанды жерін та-
уып, сол жанды жерін шымшып үзіп алғандай болды. 
Баяғы ата-ана үйінде өткен өздерінің қыз кезін, елін, 
жерін, суын, аға-жеңгесін еске салып, жаны жабырқап 
мұңайып тұр. Кенжекей көзінде құйыла жаздап тұрған 
жасты жалма-жан кірпігімен көлегейлеп, ұйқысы кеп 
қыңқылдай бастаған құшағындағы кішкентай қызына 
бетін басып отырып қалды. Әшейінде өңін алдырмай-
тын Балжан да тап қазір көңілін құйын соғып өткендей 
құп-қу. Ал балықшылар әлгі бір ала қалжың, ақтай 
күлкіден тыйылып, жаңағы тоя жеген жас тайлақтың 
етінен кейін денесін ауырлағандай төр алдында теңкиіп-
теңкиіп жатыр. Күні бойы ашық теңіз үстінде тұла бой-
ын суық алып келген кісілер енді қазір бұл жалғанда 
қандай қиындықты бастарынан кеше жүрсе де, өздерінің 
өмірінде де аз ба, көп пе, осындай қуанышты шақтар да 
болғанын ойлап тірлікке тәубе қып жатқандай. Кісі-қара 
лық толы үйде су сепкендей тынып қалған жұрт кенет 
селк етті. Еңсесін шұғыл көтеріп, бәрі бірдей дыбыс 
шыққан жаққа қарап еді. Осының алдында ғана Қалау 


356
қара көлеңке бұрышта жарға жауырынын сүйеп қалғып 
отырған-ды. Осынша жұртты баурап әкеткен ән кенет 
кілт тоқтағанда томай құлақ жігіт қасақана дәл осы сәтті 
тосып отырғандай қор етті де, өз даусынан өзі селк етіп 
басын көтеріп алды. Бірақ, беті бүлк еткен жоқ. Өзіне 
жан-жақтан оқтай қадалған көзді көріп қабағын қайта 
жұмып ала қойды.
Қара кемпір кісілерден қысылса да, бірақ іле-шала 
басқа бір уытты, әсерлі жайға бой алдырып, қызын жаңа 
көргендей таңырқап отыр. Бұрын да қызының ақжарқын, 
ашық мінезін ұнатып, балаларымның ішіндегі әкесіне 
тартқан жалғыз осы қарағым деп жүретін. Бүгін соған 
көзі әбден жетті. Айғанша бір дегеннен-ақ балықшы 
ауылдың қыздарын билеп-төстеп, ұршықтай үйіріп алды. 
Қызының әнші екенін бүгін білді. Бұдан бұрын да та-
лай топқа түсіп, ысылып алған сияқты. Әнді бастағанда 
тұс-тұстан өзіне сұқтана қадалған көздерден құйттай 
да қымсынбай, әдемі қара қасын керіп тастап, бетінің 
ұшына қызғылт қан тепсінген нұрлы жүзін жоғары 
көтеріп, бар жанымен беріле айтады екен. Ой, дүние! 
Дүние! «Қызым үйде – қылығы түзде» деген осы...
Көп боп қосылып айтқан әнді қара кемпір өз өмірінде 
осы ауылдан көріп отыр. Бұл өздерінде үрдіс емес. Халық 
бас қосқан небір айт, той, бастаңғы, шілдеханаларда 
бұлар мықтағанда бір-екі кісі, әрілегенде кейде үш 
кісі айтқаны болмаса, дәл мыналардай үй толы кісінің 
бәрі қосылмайтын. Және мыналар жазбастан Батақтың 
Сарысының әнін айтты. Сарының әнін бұ да жақсы 
көретін. Әне-е бір жылы Сарының сүйген жары – Қыз 
Қосанды көргені бар. 
Онда өзінің келіншек кезі. Ерте көктем болатын. 
Шіркін, несін айтасын, қазақ үшін көктем айының орны 
бөлек қой! Қыс бойы әр шұқырда бір-бір үй көрбасыр 


357
боп отырған жандар зарығып күткен көктем айына 
әрқашан қуана-қуана қауышып еді-ау! Сонан, ой, дариға-
ай, қыс кетіп, қар астында көміліп жататын жарықтық 
қара жердің де өңі кіріп, қыр ала қанаттана бастағанда 
теңіз жағасын қыстаған ауылдар жапа-тармағай, ұбап-
шұбап қырға көшер еді ғой! Жастар бойын сәндеп 
киінер еді. Жүйрік атқа мінер еді. Кеш болса жас қыз, 
сұлу келіншектің аулын сыртынан торуылдап, сақ құлақ 
ит пен қора күзеткен қойшының таң алдында талықсып 
қалғып кеткенін аңдып жүргендері. Есебін тапқан епті 
жігіт әлгі бір таң алдындағы тәтті ұйқының бір тұсында 
қырағы, сақ ата-аналардың аузын аңқайтып кетпеуші 
ме еді! Сол күннің ертеңіне әлгі қу шұнақ жігіт түк 
көрмегендей жымсиып көшке соғып, түнде өзі ыстық 
құшағынан шыққан сылқым қыздың жанынан атын 
әдейі ойқастатып, күміс ер-тұрман күнге шағылысып 
жарқ-жұрқ етіп өтер еді. Тіл қатуға жер тар. Көштегі 
кісі-қарадан қысылып, көңілдегі мен көкейдегіні көзбен 
жолдап, қыз жүрегіне шоқ тастап кетер еді! Айт-айтпа, 
өткен күнде белгі жоқ. Өз қызығы өзімен. Қыз Қосанмен 
кездескен сол көктемнен бері қанша уақыт өтті. Енді 
міне, үлбіреген уыз бетке жексұрын әжім түсті.
Қыз Қосанды алғаш көргенде алақанат жер әлі дег-
ди қоймаған-ды. Малды-жанды ауылдың сәні бөлек 
қой! Әне, тырнадай тізілген ұзын шұбалаң көштің ал-
дынан терең сай кездесті. Ауыр жүк артқан түйелер сай-
дан тайғанақтап, сабырлап әзер-әзер өтіп, арғы бетке 
көтеріле бергенде сәні-салтанаты оқшау тағы бір көшке 
кездесті. Иттер ырылдасып тұра қалды. Екі ауылдың ер-
азаматы анадай жерде ат үстінде иіріліп, тілдесіп алды 
да, сосын қауқылдасып, үзеңгі қағысып бірге кетіп ба-
рады.
Жас жігіттер көшке қайырылып соғып, көңілі кетіп 


358
жүрген қыздан қолүздік мүше алып, бірін-бірі шаужай-
лап, қау-қауласып шаба жөнелді. Шұбалаң ұзын көш 
әлгілердің соңында жосылып қалған ат тұяғының ізімен 
жүріп келе жатқан-ды. Екі ауылдың ер-азаматы алысқа 
ұзамаған. Ілгергі жақтағы бір қырдың астында бұларды 
тосып қарайлап тұр екен. Сол жолы екі ауыл қатар қонып 
еді. Көкке тойған ұсақ малдар жедел қоңданып, алды 
төлдеп, жіпсіз байланған екі ауыл бір жұртта ұзағырақ 
отырып еді. Күн санап жас төл көбейді. Сауылатын мал-
дар мен ақүрпіленіп желіндеп тұрған аналық малдарды 
өріске жібермей, ауыл іргесінде, ана жер, мына жерде 
шұбартып жатты.
Қардан жаңада ғана арылған дала күндіз көктем 
айының шуағына бусанып, алыста сағым ойнап, жаз 
нышаны анық белгі бере бастап еді. Қатар отырған екі 
ауылдың бет алдындағы тобылғылы сайдың күнгей 
қабағындағы баурайда балапан көк масаты түктеніп қап 
еді. Басы бүрленіп келе жаткан көде, бетеге, жусандардың 
түбірінде көк қылтиып, ертең әлі-ақ дүркіреп әл бер-
мей кететін құдіретті жас күштің алғашқы қуанышты 
белгісіндей кісі көзіне шоқтай басылады. Несін айта-
сын, қыстаудан шыққан ауыл көңілді! Түндігін ашып 
тастаған аппақ ақ үйлердің ішінен тыстағы көктем иісі 
бір сәт үзілмей, үнемі танау жарғандай тыныс ашылып, 
жан біткен жанның қол-аяғы құп-қунақ, жеп-жеңіл, сер-
гек. Жас жүрек лүпілдеп ілгергі, алдағы күннен әлдене 
аңсап, әлденеге қиялданып, арман үздіге бастаған шақ 
қой, ол! Ат тұяғы баспаған әлдебір алысқа сапар шеккің, 
жолға шыққың кеп ауаланып тұрғаның. Қатар қонған екі 
ауыл бір-біріне ерулік беріп, кезек-кезек шақырысып, 
араға аяқ-табақ қатынап қалған. Әсіресе, жастардың 
жолы болды. Екі ауылдың қыз-бозбаласы күн батса ауыл 
сыртындағы қара жалға жиналып, таң атқанша асыр caп, 


359
ақсүйек, белбеу соқ, көрші-көрші, хан көшін ойнады. 
Енді бірде алтыбақан тепті. Алтыбақанға қыз бен жігіт 
қатар тұра қап, кезек-кезек аспандап жүріп қосылып ән 
шырқады. Ол күндері екі ауылдың жастарының аузында 
– Қыз Қосан. Бәрі ынтық. Бәрі әнін соған арнады. Сөзін 
соған бағыштады. Бірақ, биік қабақ, ашаң бойлы, ақ сұр 
кыздың жүзі салқын. Со жылы Сары екінші рет қолға 
түсіп, Жармола түрмесінде жатқан-ды.
Бір жолы алтыбақан теуіп жүрген қыз бен жігіт 
аңдамай Сарының әнін шырқасын. Жаңа ғана дала-
ны басына көтеріп жатқан жастар кенет тына қалды. 
Келесі кезекте ән айтқалы әзірленіп тұрған Қыз Қосан 
кезегіне шықпай, ай сәулесі астында мұңды жүзі боза-
рып, алтыбақанға сүйеніп тұрып қалды. Осыдан кейін 
ойын-сауыққа ешкімнің зауқы шаппай, күндегіден ерте 
тарап еді. Ертеңіне Қыз Қосан аулы көшіп кетті... Ой, 
опасыз сұм дүние! Өткен күнде белгі жоқ. Сен, бірақ, 
бұл дүниеге енді қайтып оралмастай біржолата із-
түзсіз өткенмен, сенің соңыңнан біз білмейтін, бізге 
беймағлұм тағы бір жас буын ертең әлі-ақ көктемдегі 
көктей қаулап келер. Бір кездегі біз сияқты олардың да 
ертең өздерінің қарсы алатын атар таңы, келер көктемі, 
өздерінің үздігіп күтер арманы, қызығы мен қуанышы 
болар-ау. Қыз Қосан тепкен алтыбақанға біз білмейтін 
басқа бір қыз бен жігіт қатар тұрып, олар да ай сәулесі 
астында ынтығына арнаған әнін айтып үздікпес дейсің 
бе?! Сүйтіп, жыл сайын жастық дәурен басына қайталап 
бір соғып отыратын мына қара жер сияқты, адам өмірі 
де дүниеге бір ұрпақтан кейін бір ұрпақ келіп үнемі жа-
сарып отырар-ау!
Қара кемпір кенет көңілсіз тартып, ірі денесі көрер 
көзге кішірейіп шөгіп кетті. Шам майы таусылды. Үй 
іші қоңырайып, қайта жүдеп, бұрыш-бұрышта отырған 


360
кісілердің тұлғасы қарауытып, зорайып көрінді.
Мөңке мен Дос түрегелді. Кемпірдің құлағына 
еңкейіп бірдеңе деді. Бірақ қара кемпір түкке түсінбеді. 
Ол тек тап жаңа осы үйдің төрінде шалжайып жатқан 
кісілердің әлденеге әлгі екі қарт балықшымен шалғайласа 
тұрып, Төлеу мен Қалаудың қолын қысып, есікке бет-
теп бара жатқанын көрді. Енді қайтып үй ішіндегі әнге 
де, әңгімеге де зауқы шаппады. Иә, тән тозады. Жан 
да тозады. Тек тозбайтын да азбайтын темір сүйек бір 
пәле – адамның жады ғой. Күндердің күнінде адамды 
титықтатып құртып, ішінен кеміріп жеп жататын жалғыз 
жебір жау болса, ол, тегі, осы жадың болар-ау.
Қара кемпір шаршады. Өз денесін өзі ауырлап 
тезірек жатқысы келді. Тезірек жатып, тезірек ұйықтаса, 
көзі ашық, көңілі ояуда берекетін алған бар-бар нәрсенің 
бәрін ұмытар еді, оған бірақ... мына жастардың әзір та-
райтын түрі жоқ. Бәрінен бұрын Айғанша талатын емес. 
Қараторы беті нұрланып, гүл-гүл жайнап кеткен. Қоңыр 
көлеңке үйде қап-қара көздің жанарына шоқ түскендей 
қаттырақ ұшқындап, бір әннен соң бір әнді шырқап отыр. 
«Е, Алла, біз көрмеген қызықты осы қарағым көргей еді!» 
деп ойлап, бейуақ кеште балапан басқан ұяда қонақтап 
қалған әлде бір үлкен ана құстай ұйқы қысқан көздің ағы 
әлсін-әлі айналып кетіп отыр.
* * *
Келесі күні қара кемпір төсек тартып жатып қалды. 
Алғашқыда алып-жұлып бара жатқан ештеңе болмас, 
аяғына мініп кетер деп еді. Бірақ, күн санап денесін 
топырақ басқандай, тұла бойы зіл тарта бастады. Ауру 
дендеген дене әл-дәрменнен айырылып, көз жанары 
сөніп кетті. Бетінің бері қарамасын кемпір де, үй іші де 
білді. Үй іші тегіс ұйқыда жатқанда бұл күнде-күнде 
таң атқанша кірпік ілмей шығады. Түнімен қайдағы-


361
жайдағылар ойға оралып, өзінің ертеректе дүние салған 
ата-анасын, кіндік кесіп, кір жуған жерін, басынан кеш-
кен баяғы балдай тәтті жастық шағын, қатар-құрбыларын, 
оң босағада өткізген қызықты қыз дәуренін ойлай-ой-
лай, ақыр соңында күйеуін есіне алады. Бұрын бұндай 
жағдайда ылғи дұғасына кіргізетін. Бұл күндері ішінен 
күбірлеп: «Көп ұзамаспын, қасыңа мен де барармын. 
Күт, күт мені» деп, тынысы ауырлап, демін әзер алып 
жатыр.
Өмірінің ақырғы күндерінде қара кемпір бір жанның 
бетін көргісі келмеді. Балалардың қылығы жынына 
тиеді. Шіркіндерде талпынып, талап қылайын деген ой 
болсай-шы. Кежегесі кейін тартқан тоғышар сорлылар 
қызыл іңірде жатқанына қарамастан күнде сәске түсте 
шаққа оянады.
Қонақтар кеткен күннің ертеңіне бұл үй ішін қағып, 
сілкіп, от басын сыпырып отырыңдар деп еді. Кірген-
шыққан кісілердің аяғының астында шаң боп жатқан 
мына бір іліп алар азғантай дүниесі құрғырды жинап, 
жүк арасына буып-түйіп тастаңдар деп қанша қақсаса да, 
не келіндер, не балалар құлақ аспады. Уһ, құрысыншы! 
Өзіңнен күш кеткесін кімнің сөзін кім тыңдайды?!
Осы бір ит ырғылжыңмен үш күн өтті. Төртінші күні 
де ас-сусыз ызғыған үйде ешқайсысы тұра қоймады. 
Еркегі де, әйелі де оқта-текте көзін ашып, басын көтере 
түседі де, қайта жатады. Сонан олар сәске түсте шаққа 
тұрды. Үзақ ұйқыдан беттері іскен. Аш балалар төсектен 
тұра сала ас сұрап аналарына қыңқылдап жатыр.
Төсектен керіліп-созылып тұрған Төлеу сыртқа 
шығып еді, іле-шала ышқыр бауын шала-пұла байлап, 
ішке жүгіріп кірді.
– Түрі жаман!.. Ғаламат! Дауылға ұшы рамай, баспа-
на салып алғанымыз қандай абырой болды.


362
– Қасқа кедейдің күні осы да, отырса да – тәубе, тұрса 
да – тәубе.
– Әже-ай, мені тақымдай бердің-ау. Баяғыңды аңсай 
бермей, барға қанағат қып тыныш отырмайсың ба?
– Мына шіркін не дейді? Баяғысы не, мен кешегі 
күніме зар боп отырған жоқпын ба?
– Ол күн де жоқ... аңсамай-ақ қой.
– Мейлің, мен жасарымды жасадым. Жалғанның 
жақсылығына да, жамандығына да тойдым. Ендігі қалған 
өміріме рахат тілеп отырғам жоқ, иман тілеп отырмын. 
Кәрі саулықтың жасындай өмірім қалды ма, жоқ па?.. 
Бір тұтам тірлікте сендермен мал үшін жаманатты бо-
латын жайым жоқ. Тиіспей, тыныш отыр әрмен... Мал 
сенің өзіңе... кесер келлеңе керек. Қала берді ана үпірлі-
шүпірлі сары қарын балаларыңа керек.
Төлеу тіл қатпады. Екі келіншек екі жерде бүрісе кап-
ты. Жақ жүні үрпиген жүдеу балалар ойынға зауықсыз. 
Жел ызғыған мұздай үйде бұйығып, аналарының ба-
уырына тығылады. Әлгіден кейін кемпір де үнсіз. Ит 
өмірдің аяғы осылай ырым-жырым боп аяқталарын білді. 
Басқасы басқа, ана көзінің қарашығындай кішкентай 
қарақтары қыңқылдап ас сұрағанда қайда кетерін білмеді. 
Сорлы балалардың аузына ас әкеп салатын әкенің сиқы 
анау. Қатыгез өмірдің қызығы қалмай бара жатқанын 
байқаған сайын осы күні күнәкар көңіліне қайдағы бір 
кісі жаны түршіккендей ой келетін боп жүр. «Байсыз, ба-
ласыз өмір сүрмеген екем» деп ойлайды. Онда екі ұлдың 
тірі күйігін тартпас еді. Мына келіндері де басқа бір дені 
дұрыс кісіге әйел боп, кім біледі, сорлылардың бағы 
ашылып, түндігі бүтін үй астында түтін түтетіп отырар 
ма еді, қайтер еді?! Онда мына пақыр балалар да жарық 
дүниеге келмес еді ғой. Жөргегінен жоқшылықтың за-


363
рын тартып, жер бауырынан нәр ала алмаған көктей 
шерлеп өспес еді.
Уһ, қайтейін, баяғы асып-төгіліп жатқан ағыл-тегіл 
байлық көзден бір-бір ұшты. Оны аңсап отырған бұл 
жоқ. Өз басы осы күні жоқшылыққа көнді. От басының 
тыныштығын тілейді. Құдай мыналарға бақ бермесе де, 
талап бермегеніне қынжылады. Осы шіркіндер бірдеңе 
десең арс етіп бетіңнен ала кетеді. Ата-ана байғұс 
ұрысса, ақыл айтып ұрсады да. Сен қайбір өзегіңді жа-
рып шыққан балаңнан өш алайын, есеп айырайын деп 
ойлайсың?! Теңіз жағасына келгелі Төлеу өнімсіз істің 
соңына түсіп алды. Етік жамайды. Желіде түйесі толып 
тұрғандай мұрындық жонады. Әне, енді таспа сыдырып 
отыр. Қалау күпімен басын бүркеп қорылдап ұйықтап 
жатыр. Осыдан тек ас ішерде оянады. Ас үстінде қазан 
ұстаған әйелмен жағаласып, қасығы қолында жүргенін 
көргісі келмей, дені сау кезде бұл сыртқа шығып кететін. 
Ол бүгін тіпті кеш оянды. Жастық батқан беті ескі етіктің 
қонышындай мыж-мыж. Басын көтерген бойда қазанға 
қарады. Бүгіндікке от жанбай, қазан астындағы қоламта 
мұздап қалған екен.
– Мына үй кісіні астан өлтірер.
Қалауда мойын жоқ. Бастың құр өзін көпшіктей кеуде-
ге апарып қондыра салғандай бас пен иық тұтасып, күдіс 
жауырын күдірейіп тұратын домаланған бадамша жігіт. 
Бас болса болмаса да домалақ. Мұрын мес түйініндей 
доп-домалақ. Құлағы екеш құлағы да домаланған томай 
құлақ.
Кенет Қалау кіші жеңгесі үй ішіндегілерге сыртын 
беріп, баласы мен екеуі өз алдына оңашалана қалғанын 
байқады. Бұның тегін емес екенін біліп, қасына 
жақындап барып еді, шынында да, Балжан баласына 
жұрттан жасырып күлше беріп жатыр екен. Күлшені 


364
көрген Кенжекейдің кішкентай қызы қыңқылдап анасы-
на жетіп барды:
– Aпa... нан!.. Нан бер.
– Айналайын, далаға бар, ойнап келе ғой.
– Нан, нан бер!..
– Қарағым-ай, жанымды жеп болдың ғой. Бар болса, 
анаң сенен аяп отыр дейсің бе?..
– Әне, анада нан бар... 
Кенжекей шыдамай Балжанға барып:
– Мына балаға наныңның шетінен бір үзіп берші! – 
деп еді, 
– Е, саған нан ба? – деп, Балжан зілдене мырс етті.
– Әй, залым! Мен өзіме сұрап тұрғам жоқ, мына есін 
білмейтін нәрестеге бір үзіп берсең нең кетеді?..
Балжан күндесіне атып жіберердей түсі бұзыла 
қарады; ол, бірақ, ауыз ашып үлгірмеді. Шар ете қалған 
жас бала даусына жалт қарады. Құдды күшігін қорғаған 
қаншықтай Қалаудың қолын күлшеден тайдыра қағып 
жіберді де, баланы бауырына тартып алды:
– Аулақ жүр! Ойнайтын кісің мен емес.
Қалау еркек басымен әйелден беті қайтып қалғанына 
ыңғайсызданып, оған енді қалай тиісудің ретін тап-
пай біраз тұрды. Сосын ыржалақтап күліп, жеңгесінің 
қасына тақымдасып қатар отырды да, санынан шымшы-
лай бастап еді, бірақ, Балжан былқ етпеді. Қанын ішіне 
тартқан сұп-сұр жүзін сырт салып, шімірікпей отыра 
берді. Қалау түк шықпасын білгесін тұрып кеткісі келіп 
еді, бірақ, «енді қайтер екен» деп бұларды бағып отырған 
үй ішіндегілердің назарын байқады. Енді жеңгесіне тіпті 
қатты өшігіп, қаны қайнап, кеждікке біткен кішкентай 
томай құлақтың ұшы дуылдап қызара бастады. Кеше 
тайлақ сойғанда тас қайраққа жанып ұстарадай 
қылпылдап тұрған сары мойнақ пышақ қолында отыр 


365
еді. Ызасы қайнағаны сонша: «Ой, әкеңнің көрі... Сен 
қатынды қайтсем екен...» – деп, кіжініп отырды да, 
қолындағы өткір пышақтың ұшын Балжанның балты-
рына пісіп алды. Қан шыт көйлектің сыртынан бұрқ 
етті. Үй ішіндегі жандардың үрейі ұшып кетті. Балжан 
міз бақққан жоқ. Үш жағы сүйірлеу пісте мұрнының 
жұқалтым танауы дір еткені болмаса, бәз баяғы безерген 
сұп-сұр қалпы сазарып отыра берді.
– Туһ, залым! Сесеңді сігейін, мына имансызда жан 
жоқ сығар – деді де, тұрып кетті.
Ішке Айғанша кірді. Қолында кендір жіпке сағалынан 
тізген он шақты қылыш балық. Үйге жеткенше асығып, 
омыраулап желге қарсы жүгіргесін бе, аптығын баса ал-
май тұр. Соған қарамастан екі бетіне қан ойнап, күлімдеп 
кіріп келгенде, ертеден бері бүрісіп отырған жандар ба-
старын көтеріп алды.
– Балық...
– Балық...
– Алақай, Айғанша апам балық әкелді – деп, 
әсіресе, аш балалардың ажары кіріп, шулап жатыр. Түсі 
өзгермеген тек қара кемпір.
– Сен неғып жүрсің? Қолыңдағы не?
Айғанша балықты есік жақта жатқан бір құшақтай 
қамысқа тастай салды да, екі жеңгесіне иек қақты:
– Сойыңдар!
Кенжекей мен Балжан түрегелді. Айғанша бет-
аузының құмын сүртіп, көзіне түскен шашты қолының 
сыртымен кейін қарай қайырып тастады. Анасының 
жаңағы сұрағына бұнан әлі де жауап күтіп, көзін айыр-
май отырған қатал кескінін байқады.
– Әй, қыз, қайдан келдің?
– Ұрыспайсың ба?
– Бірдеңені бүлдіріп келген шығарсың?


366
– Ештеңе де бүлдіргем жоқ... апеке, тек ұрыспашы.
– Жарайды, айта ғой, қайдан келдің?
Айғанша анасының жібімей қойған қатал кескініне 
күле қарап, екі бетін алақанымен қысып өзіне қарай 
бұрды:
– Өзің-ақ айтшы! Ана жақта жалғыз үй төбең шо-
шайып отырушы едің ғой. Ал, бұл жақ... Aпa, бұл жақ 
сондай көңілді!..
– Жә, болды!
– Бұл жақ керемет. Ана жағың ауыл, мына жағың 
ауыл... Сосын ақ үйлі промсол.
Төлеудің де діңкесі құрып отыр екен.
– Бәсе, Айғаншажан, анаңа өзің айтып ұғын-
дыршы...
– Апам түсінеді ғой. Солай ғой, апа, бұл жақ көңілді 
ғой, ә?
– Мына шіркін қайтеді? Кісіге тығылмай, ары отыр-
шы. Қарық болсаң келдің ғой, Жиделібайсыныңа. Өзің 
қайдан келдің?
– Мен бе? Мен бағана промсолға барып едім... 
Қатындар балық сойып жатыр екен.
– Сойса қайтеміз?
– Жоқ, жай айтам... Ақысына балық береді екен.
– Ал?
– Сосын бір орысқа бардым да, мен де балық сойы-
сайын дедім...
– Кет әрмен!
Сонда да болса Айғанша анасына тығылып, оның 
жаңа ұрыспауға уәде еткенін есіне салып еді; ашулы 
кемпір ауырып отырғанына қарамай орнынан тұрып, 
келіндерінің қолынан сойып жатқан балықты жұлып 
алды да, сыртқа апарып итке тастады. Ізінше қайтып 
келіп, қызына қадала қарап:


367
– Ой, әдепсіз! Қыз арын аяққа таптап... Орысқа жал-
данып, жұмыс істегеніңнің алды-арты осы болсын! – 
деді.
Үй іші қара кемпірдің қандай қатал мінезін де көтеріп 
үйренген-ді. Тек қолдағы баланың кішісі болғасын 
басқаларға қарағанда Айғанша еркелеу өссе де, анасы 
шын тіктелгенде бұ да жым болатын. Айғанша ас сұрап 
қыңқылдай бастаған балаларды бауырына қысып алды 
да, құлазыған үйде көз жасын күшпен тежеп булығып 
отырып қалды. Қалау қабағын қарс жауып, бірдеңе 
деп бұрқылдап отыр. Аузындағы астан қаққан анасына 
Төлеудің де атарға оғы жоқ. Ауру кемпірге бата алмаса 
да, ызасын кімнен аларын білмей, үй ішіндегі әлі жететін 
бала-шағаның қыбын бағып қапты.
Осы кезде есік ашылып, ішке Мөңке кірді. Қолында 
бір асым балық. Жағаға көшіп келгелі Төлеудің үйіне 
жиі қатынап, қамқорлық етіп жүрген-ді. Ол, әсіресе, 
қазіргідей қазан қайната алмай отырғанда бұларға қол 
ұшын беріп, жүдеу жандарды жарылқап тастайтын. 
Төлеу ұшып түрегелді:
– Төрге шық, Мөңке аға.
– Рақмет, шырағым. Осы арадан кетем. Шаруам бар...
– Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді...
Қара кемпір мырс етті. Төлеу анасына ызалана 
қарады. Мөңке үй ішінен ештеңе байқамаған сыңай та-
нытып:
– Төлеу шырағым, – деп әңгіме бастады, – балалы-
шағалы жігіт көрінесің. Ұялма, бізден асымдық балық 
алып тұр.
– Рақмет, Мөңке аға. Әуелі құдай, одан қалды өздеріңе 
сеніп отырмыз.
– Бізде қайбір бақ-дәулет асып-төгіліп жатыр?.. Тір-
лігің – теңіз. Тек әйтеуір қара жерге қолдан егіп шығарып 


368
жатқан жоқпыз. Құдай берген ырзық-несібе болғасын, 
барымызды бөле-жара көрейік деген ой ғой біздікі.
– Дұрыс қой... Құдайдан қайтсын. Әй, не қып 
отырсыңдар, қазан көтеріңдер!
Кенжекей маздатып от жақты. Жалпылдақ отын 
лезде тұтап қызыл ұшқын сіркіреп, сытыр-сытыр жа-
нып ала жөнелді. Күні бойы көлеңке басып тұнжырап 
тұрған бұрыш-бұрыштарға лапылдап жанған жалпылдақ 
отынның сәулесі түсіп, үй ішіне қабақ жапқызбады. 
Сырқат кемпірден басқаның бәрі ентелеп қазанға 
жақындады. Қалау ғана қозғалған жоқ. Ін аузын баққан 
мысықтай беті буланған қазанға қыбыр етпей қарап 
қапты. Балық маңына біреу жақындай қалса, түсі 
бұзылып кетеді. Қазан қайнағалы Төлеу де мазасыз.
Сүр балықтың иісі шыққан кезде ол, әсіресе, шыда-
мынан айырылып:
– Отты, отты молырақ сал – деп, Кенже кейдің жа-
нын ала бастап еді. Қазанға ас әкеліп салатын азаматтың 
түрін ұнатпаған Мөңке:
– Әй, жарқыным, – деді ақырын, – келешекте қандай 
ойың бар?
– Ол жағын ойлағам жоқ, Мөңке аға...
– Сөз болғаныңа. Мына балалардың келе ше гін сен 
ойламағанда кім ойлайды?
– Бәсе десейші...
– Әй, апа, қойшы... сен тыныш отыршы! 
Қара кемпір үндемеді, Төлеу тағы да үңіреңдеп 
қазанға бір, Кенжекейге бір қарады. Астан басқаның бәрін 
ұмытып, осы қазір ол карт ана мен қарт балықшының 
жақтырмаған салқын назарын да сезбеді.
– Енді түсір, езіліп кетер.
– Жә, шырақ, – деді Мөңке, – қазандағы балық 


369
қайда қашар дейсің? Сен, кәне, ендігі тірліктің жайын 
ұқтыршы.
– Қайдан білейін... қолдағы бірлі-жарым қараның 
ағын ылаждамасақ...
– Жарайсың!.. Бұл араға түйенің түкке керегі жоқ.
– Неге?
– Теңіз жағасында отырған кісі бір-жар түйенің 
желінін тартып жүрек жалғай алмайды. Ал, теңізді 
саусаң, өзіңдей қайратты жігіт бір үйді асырайды.
Жаңа ғана жайраңдап отырған жігіт кенет жүні 
жығылып, сүмпиіп кетті.
– Төлеу қарағым, қармақ жұтқан балықтай кейін 
тарта берме. Үлкеннің тілін алатын бала болсаң, сен 
басқаны қой да, балыққа түс.
– Ей, балам, басыңды көтер! Мөңке ағаңның ақылын 
ал! Мынау жөн білген кісіге жалғыз түйесін беріп сатып 
алатын ақыл, – деді қара кемпір.
– Жоқты айтасың-ау... Балықты қалай аулаймын?
– Е, балық аулаған кісі сенен кем бе?
– Кем емес, әрине. Бірақ, ол менің істемеген кәсібім 
ғой.
Мөңке күйіп кетті:
– Баланың сөзін соқпа. Балықшы боп теңізде туған 
кісі жоқ. Ықылас қойса үйренбейтін несі бар?..
– Ықылас жоқ қой. Құрысын, қашаңғы қақсай берейін, 
– деді кемпір, кем талап балаларынан қажығанын жа-
сырмай күрсініп.
Мөңке ертеден бері үлкендердің әңгіме сіне арала-
спай, пеш түбінде қос тізесін құшақтап отырған қызға 
қарады:
– Осы балам болмаса, сірә, басқаларың жұмысқа 
қырсызсыңдар-ау деймін, – деді де, Мөңке түрегелді.


370
* * *
– Ау, суға бармайсың ба?
– Е, саған, барған ба.
– Есің дұрыс па? Үйде бір ұрттам су жоқ.
– Жоқ болса, қайтер дейсің, сен барарсың.
– Мен өткен жолы әкелгем.
– Бұл жолы да әкелерсің, – деді Балжан. Кішкене 
баласын алдына алып, құрақ көрпе үстінде күйеуімен 
тақымдаса қапты. Кенжекей өзін күнде-күнде осылай 
ызаға булықтырып қойып, шімірікпей безеріп алатын 
күндесінің бедірейген бетін жүгіріп барып осып-осып 
алғысы кеп кетті. Тым құрыса тілдегісі кеп еді, бірақ 
оған аузына айыз қандыратын сөз түспей іші күйіп дір-
дір етіп тұр еді.
– Әй, селтиіп неғып тұрсың? – деді Төлеу. Кенже-
кей аузын ашса көзінен жас қосыла шығатындай, үні 
шықпай, ішінен тынып тұрған-ды. Төлеу түрегелді. Бір 
шаруамен сыртқа шығып бара жатқан сияқты еді, есік ал-
дында тұрған Кенжекейге қатарласа бере тоқтай қалды.
– Суға бар!
– Күнде-күнде мен...
– Иә, сен барасың! Күнде-күнде барасың. 
Кенжекей қозғалмады. Төлеу әйелдің үстіндегі 
қақпа шекпеннің жағасын ұстады да, дәл алқымнан 
сығып сүйреп ала жөнелді. Кішкентай қыз бала шырыл-
дап анасының шалғайына жабыса беріп еді, оны Төлеу 
аяғымен қағып жалп еткізді. Содан кейін әй-шайға 
қаратпай сыртқа сүйреп алып шықты да:
– Өлтірем... Бар, су әкел! – деді.
Ашқылтым кермек суға үйренген балықшылар тұщы 
су іздемейтін; тек қырдан көшіп келгендер балықшылар 


371
ішкен суға көндікпей, ауыз суды айдамалдап Ақбауырдан 
алдырып отырған-ды.
Кенжекей түйеге міне сала тайрақтатып желе 
жөнелді. Ауылдан ұзап, бір қырдың астына түскесін да-
ланы басына көтеріп зарлап қоя берді. Кешегі қара да-
уыл басылған. Бірақ күн бүркеу. Сұрғылт бұлт сіресіп 
көк жүзін басып алған. Қыламықтап қар түседі. Кешегі 
дауылда түбін қазып тастаған кара кеңірдек жусан жол 
бойы желіп келе жатқан түйенің құлбақайын қағып, 
қайта-қайта сүріне берді. «Мына сорлыға не болды?» – 
деді Кенжекей. «Үйде Еркем де жоқ еді. Сорлы баланы 
жұбатса болар еді-ау».
Кенжекей келе сала түйені құдықтың жанына шөгерді 
де, асығыс-үсігіс ыдыстарын суға толтыра бастады. Су 
ішкісі келген түйе қайта-қайта мойнын созып шелекке 
ұмтыла бастап еді. Кенжекей шелекпен басына салып 
қалды. Үркек інген атып тұрды. Кенжекей бұйдаға жар-
масты.
– Өй, жамандатқыр, шөк! Шөк!
Сары інген бақ етті. Кенжекей онан сайын ызаланып, 
ұрғалы ұмтыла түсті де, тоқтай қалды. Осы жануардың 
түйе боп бақырғанын көргені осы. Кенжекей, су толты-
рып жатқан ыдыстарын қоя салды да, жалма-жан түйені 
суаруға кірісті. Жағаға көшіп келгелі бір үйлі жанның 
ауыртпалығы сары інген мен бұның мойнына түсті. 
Отын тасиды. Су тасиды. Бір үйлі жанның жүрген-
тұрғанда мінетін көлігі де осы. Өзінің де, бұның да 
баяғы күнін ойласа көкірегі қарс айырылады. Баяғыда 
басқа түйелерден сөгерлігі артық еді. Екі өркеші бала-
дай, еді. Балақ жүні желкілдеген сирақты сары інгеннің 
қазіргі түрі тым аянышты. Шұлғауыма салам деп Төлеу 
мойын шудасын күзеп алып, бишараның ұсқынын 
қашырып жіберді. Осы күндері күйеуі мен күндесінен 


372
көрген зәбірін есіне алып отырып, «жазығың болсын, 
болмасын, әркім өзінің әлі жеткеніне зәбір береді екен 
ғой» деді ішінен. Сары інген адамның ырқына көнбейтін 
асаулығының арқасында Төлеу мен Қалаудан таяқ жеді, 
зәбір көрді. Тентек жігіттер бұның басын да жарды. 
Көзін де шығара жаздады. Бұны ұзатқанда әке-шешесі 
еншісіне берген сары інгенді бақыртып сабап жатқанда 
араға түсе алмағасын, білмегенсіп сырт айналып кететін.
Сары інген қыста туып еді. Алғашқы көрген жас төл 
болғасын үй ішінің қуанғанын айт! Кенжекейде тіпті ес 
қалмады. Тостағандай қап-қара көзі мөлдіреген әп-әдемі 
ботаны қасына барған кісінің бәрінен қызғанды. Сауы-
ны болғанда ғана сауыншы әйелді бауырына жібергені 
болмаса, басқа кезде сары інген әлде қалай біреу-міреу 
ботаның қасына жақындай қалса да, кісіні шайнап та-
стайтындай тісі шықырлап жынданып кететін. Ол тіпті 
ауыр толғақтан кейін денесін жия алмай, тұла бойы аяз 
қысқандай қалшылдап тұрғанын сезбеді. Ана жатырының 
шырыны әлі кеуіп үлгірмей, мап-майда бұйра жүні була-
нып тұрған көк шулан ботаның үстіне түсіп, ыңырсып 
иіскелеп өліп баратты.
Кенжекей қыста туған ботаны ауыз үйге алғызды. 
Күнде-күнде анасы екеуі астын құрғатты. Берегірек 
келгесін қолымен жем берді. Соған үйренген бота ал-
дына қойған жемді алмай, кішкентай Кенжекейдің 
соңынан қалмай, ыңырсып еріп жүріп мап-майда маса-
ты тұмсығымен қолын иіскелейтін. Кенжекей әлде қалай 
жасқаса да, бала мінездес бота көңіліне ауыр алып қап 
«фуф!» деп, ыстық демін бетіне бүркіп қалатын-ды. Бота 
өскесін тіпті сұлуланып, жібек жүні желкілдеген тайлақ, 
онан сирақты сары інген болды. Кенжекейдің ыңғайына 
қараған үй іші сары інгенді дәл бір киелі малдай 
қастерлеп еді-ау! Басқа боталарға жұрт сірге кигізіп, ерте 


373
суалтып жатқанда, сары бота қашан сүт тайлақ болғанша 
енесінің бауырында арда еміп жүрді. Бері келгесін де 
өзге түйелерден бұның күтімін бөлектеп, мұрны кеш 
тесілді. Жүк артпады. Мінбеді. Кенжекейді ұзатарда 
ғана үстіне малындырып кілем жапты. Тұлымына үкі 
тақты. Ұзатылған қыздың жасауын артып, қалауыш ор-
тасына қыздың өзін отырғызды. Асау інген жол бойы кез 
келгеннен шошып, шөп басы сыбдыр етсе де елеңдеп, 
үркіп, бұйдасын ала қаша бергесін, Кенжекей басқа 
көлікке ауысып мінгісі келіп еді, ол, бірақ, соны күйеуіне 
қалай құлаққағыс қылудың есебін таппады. Әсіресе, 
құдалардан қысылды. Жақсы көретін жеңгесі қыз көшіне 
еріп келе жатқан-ды. Кенжекей желек астынан бұрылып 
көш соңында келе жатқан жеңгесіне жалтақ-жалтақ 
қарады. Бірақ жеңгесі байқамады. Бір топ қызбен ат 
үстінде бірдеңеге мәз боп күлісіп келеді екен. «Ұзатпай 
жатып ұмытқаны ма?» деп ойлады. Жақын кісілер ара-
сында келе жатып та жалғыздығын сезе бастады. Қайран, 
қыз дәурені қысқа ғой. Ата-ана мәпелеп өсірген кешегі 
тірлігінен алдағы өмірдің мүлде... мүлде басқаша бола-
тынын, жүрегі құрғыр ауылдан шықпай жатып сезіп еді-
ау. Ата-анасы ұзатып caп тұрып қыз астындағы түйенің 
тізгінін қабағы түксиген ірі қара жігіттің қолына берген-
де, бұл өзінің ендігі тағдыры түгелдей осының қолында 
болатынын білген-ді. Алдағы күнде өмірінің дәл осы-
лай болатынын қайдан білсін... Алдағы күнді білмегесін 
де алдын ала ойлап, басын қатырғысы келмеп еді. 
Неге екенін қайдам, оны ойласа дәл бір түбі көрінбей 
қарауытып жатқан суға түскелі тұрғандай жүрексінді. 
Ата-ана қолынан сары інгеннің бұйдасын алып жатқан 
иықты ірі қара жігітке де жүрегі дірілдеп қарап еді. Бірақ 
сол бойда өзін-өзі жұбатып, «ата-ана аясынан кетсе де, 
алдында қайын ене, қайын ата, құдай қосқан қосағым 


374
бар» деп ойлап еді. Енді міне, сол құдай қосқан қосағы 
екі күннен бері алдына түсіп ап, үн-түнсіз түйе басын 
жетелеп жортып келеді. Неге үнсіз? Не ойлап келеді? Өз 
басындағы қиындық оның басында да бар ма?
Кенжекей ірі қара жігітті көзінің астымен бақты да 
отырды. Жігіттің қақпақтай жауырыны мен сұңғақ бой-
ына сүйсінді. Тек оның қамшы сабын сығымдап ұстаған 
қолының сырт жоны қарауытқан жүн екен. Күжірейген 
желке бітімінен де бір аңғар кісінің морт сынатын кеждігі 
мен қыңырлығын байқап, соңырағы күні оның осы 
мінезінен зәбір шекпесем қайтсін деп ойлады. Онымен 
алғаш кездескен түнді есіне алды. Үш күнге созылған 
той таң алдында ғана тараған-ды. Үш күнгі ырду-дыр-
дудан шаршаған қыз жақсы көретін сырлас жеңгесі 
қолтықтап әкеп ауыл шетіне оңашалап тіккен ақ отауға 
кіргізе сала зып беріп, жып-жылдам тез шығып кеткесін, 
алақтап жан-жағына қарап, жүрегі дірілдеп тұрды да, 
сосын шала-пұла шешініп қалжыраған бойымен төсекке 
құлай кеткен-ді.
Жеңгесі қайта кірді. «Еркем, – деп құлағына сыбыр-
лады, жас жуған бетін қайын сіңлісінің дуылдаған өрттей 
ыстық бетіне басып, – ал, айналайын, құдай бұйрығы... 
әзірлен. Оны қазір келіншектер әкеледі», – деді. Бұл 
есін жиям дегенше жеңгесі шамды сөндіріп шығып 
кетті. Сыртта біреулер күбірлеседі. Сосын жырқылдаған 
жәркелеш топ арасынан бір кісі бөлініп шығып, бұл 
жатқан үйге жақындап келе жатты. Жаңа жеңгесі жауып 
кеткен сықырлауық есік ашылды. Кенжекей қараңғыны 
бетке ұстап келген мына кісінің с о л... с о н ы ң анық 
өзі екенін білді де, іргеге қарай ытқып түсті. Шама-
сы келсе, шыға қашатын түрі бар. Бірақ кереге көгіне 
тіреліп, үстіне жамылған торғын көрпе астында бір уыс 
боп дір-дір етіп жатқан-ды. Сүйткенше сықырлауық 


375
есіктің жақтауын иығымен қағып-соғып о да ішке кірді. 
Қыз жатқан төсектің жанында тұрып ысылдап-пы-
сылдап шешінді де, ұлықсат сұрап жатпастан көрпені 
серпіп тастап бұны бас салып құшақтай алды. Кенжекей 
қарсыласпады. Дөрекі жігіттің ыстық демі денесін өртеп 
барады. Едірейген тікендей мұрт күн тимеген тамағының 
астын қытықтады, Қыз қыбыр етпей шыдап бақты. Со-
нан таң атқанша шыдамсыз әупірім жігіттің құшағында 
тілсіз талықсып, өз ұятына өзі өртеніп шықты. Ертеңіне 
назарын тіктеп бір жанның бетіне қарай алмады. Келесі 
күні де беті өртеніп, үйде де, түзде де көзін төмен салып 
жүрді. Кешегі бұлғақтаған қыз дәуренінің ақыры осы-
мен ақи-тақи бітіп, осыдан былай қараған бұның ендігі 
тірлігінде үш ұйықтаса түсіне кірмеген мүлде басқа бір 
өмірдің басталғанын білді. Бірақ... ол не өмір? Не тірлік? 
Оны білген жоқ. Сол түннен бетін өртеген ұят қана 
есінде. «Құрысын қыз дәурені. Бір көрінген қызғалдақтай 
қысқа екен ғой». Жол бойы осы ой басынан шықпай 
келе жатқанда қыз көші Хан жалына ілікті. Келіншектің 
түсуіне туралап, таяу арада ғана көгі тапталмаған жа-
сыл сабатқа аударылып қонған үлкен ауылдың ақ үзікті 
үйлері анадайдан құжынап қоя берді. Келіншектің келе 
жатқан хабары жеткелі жолына қарап отырған ауылдың 
кәрі-жасы дүркіреп сыртқа шықты. Қызыл-жасыл 
киінген үкілі, сәукелелі, шолпылы қыз-келіншектер 
ұбап-шұбап алдынан шықты. Таяққа сүйенген кемпір-
шалдар. Қызықты тамашалап шапқылаған балалар. Жа-
стар жағы ән шырқап, қалғандары улап-шулап келіп 
қалған шұбар ала жиынды көргенде қыз астындағы 
сары інген құлағын жымып ала қойды. Асау інген әлден 
үркектеп, танауы шуылдап, басын жетелеп келе жатқан 
аттылының алды-артына шығып ойқастай бастады. Кен-
жекейде ес қалмады. Қызыл-ала топ тақап келе берген-


376
де кемпірлер көйлегінің етегіндегі құрт-ірімшікті уы-
сын толтыра көсіп алып шаша бастады. Және бәрі жаңа 
түскен жас келінге шашуға тырысып, мұз кәмпит, қатқан 
құрт-ірімшіктер Кенжекейдің сәукеле киген басына са-
тырлап жауып кетті. Тастай құрттың бірнешеуі тұп-тура 
бетіне, маңдайына тиіп, қайсыбірі көзін шығара жазда-
ды.
Есі шыққан Кенжекей қолына іліккен әлде бірдеңеге 
жабысып ұстай алды. Тас бұршақтай тасырлап жатқан 
тастай бірдеңелердің қайда тиіп, қайда тимей жатқанын 
ойлауға да шамасы болған жоқ. Ол тек үркек сары 
інгеннің жанары жалтылдаған көзін көрді. Оқжыландай 
қайқақтаған басын көрді. Сосын танауы шуылдап, 
Төлеудің қолынан бұйдасын жұлқып, ойқастап жүрген 
сары інгенді көргенде тіпті зәресі ұшып, тілі жеткенше 
Тәңіріге жалбарынғанын ғана біледі. Соның арғы жағы... 
Құрысын, сонан арғысы есінде қалмапты. Сары інгеннің 
бір кезде бұйдасын жұла-мұла ытқып атылғанын біледі. 
Сонан кейін... иә, сонан кейін әлгінде бұлар Хан жалы-
на көтерілгенде ілгергі жақта көгалда отырған ақ үзікті 
ауыл, қызыл-жасыл улаған-шулаған шұбар ала жиын, 
қыздар, қатындар, бала-шағалар бір-бірімен араласып 
дүние ұйқы-тұйқы болды да кетті. Түйеден құлап бара 
жатқан келіншектің басындағы сәукеле бұлғаң етіп, 
тулаған түйенің аяғы астына түсті. Кенжекей «өлдім 
екен» деп ойлаған еді...
– Сол арада өліп кеткенім дұрыс еді, – деді Кенжекей.
Құрысын, той бұзылды. Өмір де бұзылды. Сонан бұл 
тобығы шығып, төсек тартып бір ай жатты. Кенжекей 
сары інген жайын кейін білді. Кенжекейді жыққаннан 
кейін есіріп алған інген тайрақтап тулап, қыз жасауы 
қирағаны қирап, сынғаны сынып, ен далада шашылып-
ты. Аттылы кісілер жабыла қуып, қолы жеткені сойыл-


377
шоқпармен басқа, көзге сабалап шаққа ұстапты. Төлеу 
сойып тастамақ болған екен, қайын енесі араша түсіпті. 
Сары інген кісіге көнбейтін бас асаулығынан жазсын. 
Ал, бұл... бұл ше? Кенжекей жаулығының шетімен жа-
сын сүртті. Жерге басын салып жатқан сары інгеннің 
қасында қолы ештеңеге бармай жаны жабырқап отыр 
еді. Мына арадағы бай ауылдан бір әйел келді. Бас-аяғы 
түзу. Киімі таза. Бірақ бұның да жүдеу өңі сынық. Аяғын 
анадайдан ерекше бір сәнмен ырғаң-ырғаң басып кеп, 
әуелі шелегін, сосын иығынан иінағашты алып жерге 
қойды. Сосын бұның алдында ма, әлде бар кездегі өзіне 
тән ұяңдық па, Кенжекейге тура қарамай, бетін ары са-
лып, бір қырындап тұрып амандасты.
– Сәлемет бол! – деп, бейтаныс келіншекке білдірмей, 
көзінің астымен іркіліп, ұзағырақ қарап қалғанын 
Кенжекейдің өзі де байқамады, – құрбым, айыпқа 
бұйырма, бұрын көрмегесін танымай жатырмын.
– Мен... мына ауылданмын.
– Осы арада Тәңірберген деген байдың ауылы бар 
деп естіп едім.
– Иә, соның ауылы.
Кенжекей бір ысырылып, бейтаныс келіншекке 
жақындай түсті.
– Құрбым, атың кім? 
Келіншек үндемеді. Әлгінде бетін алып қашып, бір 
қырындап отырған күйі қыр жақтан соққан қара суық 
астында дір-дір қаққан жусанды сипап отырып қалды. 
Кенжекей оған таңдана қарады.
– Біз де бөтен кісі емеспіз. Балықшы ауылданбыз. 
Қырдан көшіп келген, кірме боламыз, – деді Кенже-
кей.
Бұлайша өзі тиіп айтпаса да, Ақбала мына келіншектің 
балықшылар аулынан екенін бір дегеннен білген-ді. 


378
Қашаннан бері баласы мен бұрынғы күйеуінен хабар ала 
алмай жүргенде, «тілегенге сұраған», мына келіншектің 
кездескеніне қуанып еді. Кенжекей «бала жылап қалатын 
болды-ау» деп ойлап, әңгімелері ұзап бара жатқанына 
ішінен қиналса да, бірақ, ойламаған жерден сөздері жа-
расып, әңгіме қызығына түсіп кеткесін бала да, бай да 
есінен шықты. Бұйдасы бос жатқан қашаған інген де 
есінен тарс шығып, бейтаныс әйелге тағы да бір ысыры-
лып жақындай түсті.
– Енем қатыгез. Бірақ, обалына не керек, әділ – деп, 
Кенжекей тосын бір әңгіме бастады. Ақбаланың мұңды 
жүзі әсер етті ме, ол әйтеуір өзінің осы дүниеден көрген 
қиянаты мен шеккен зөбір-жапасын ықылас қойып 
тыңдайтын дәл өзіндей бір мұңдық табылғанына ырза 
еді, – қайын енем мендей төмен етекті әйел емес, күнінде 
болған, толған кісі. Күйеуі өлгеннен кейін бір ауылды 
билеп-төстеп, еркек орнына жүрген.
– Көргені көп кісі десейші. Қорғаның мықты болды 
ғой?
– Не қылған... Менің сорыма, о да ауырып, әл үстінде 
жатыр.
Сары інген тұруға ерінгендей, ертеден бері мой-
ны жетер жердің жусанын ернімен үйіріп жалмап жеп 
жатқан-ды. Біраздасын маңайында ауызға ілінер шөп 
қалмады да, итініп-соғынып түрегелді. Құдық жанын-
да бір-бірімен басы түйісіп қалған екі ақ жаулыққа 
сары інген сулы көзін салғырттау тастады да, бұйдасын 
шұбатып жөнеле берді. Әңгіме қызығына түскен Кенже-
кей оны байқамады. Ақбаламен сырласқан сайын көңіл 
шері тарқап, жылы сорпа бүріккен көндей қасаңы жібіп 
барады.
– Қайын сіңлім бар. Бойжетіп отыр, өзі бір мың 
болғыр. Адамы тап келсе, бір үйдің шаруасын дөңгелетіп 


379
әкеткелі тұр. Қайдам, сорлы баланың таланына қандай 
жігіттің тап келетінін...
– Әйелдің әйел болуы еркекке байланысты ғой.
– Сөз бар ма? Ата-ананың аясында отырғанда қай 
қыз бақты, базарлы емес.
– Е, де! Күйеуге шықты дегенше қыз бақыты қызыл 
иттің аузында кетті дей бер.
– Құрысын, көктемде бір көрінген қызғалдақтай, 
қайран, қыз дәурені қысқа ғой. Кей есуас қыз сорлыны 
үлбіреп тұрған шағында үзіп алып, үйітілген терідей 
ұйпалап тастайды-ау... Сол зәбірін қайтерсің? Сосын 
«қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?!» 
дейді бұлар. Басында мен де бір үйлі жанның еркесі едім. 
Енді, міне, сонан не қалды?
Кенжекейдің басындағы қасірет Ақбала ның жүрегі 
мен жанын улап, көзін жерден көтермей, басындағы ақ 
жібек орамалдың шетін тістеп отырып қалды.
– Мені қойшы... менің боларым болды. Осы күні 
құдайдан қайын сіңлімнің, сол қарағымның ғана бақытын 
тілеудемін, – деді Кенжекей.
Ақбаланың ойынан өз баласы кетпей отыр. Алты 
айлығында емшегінен айырып, төркін жұртына тастап 
кеткелі әлі бір хабарын есіте алмай қойды.
Кенжекей тағы өз мұңын ортаға салып, күйеуінің кіші 
әйелін жақсы көретінін жаны күйіп, қатты зәбірленіп 
айтты:
– Уһ, қайтейін!.. Қатын сорлының қолында не тұр? 
«Қатын ашуланса қазан қайнатар» деген рас қой. Біз 
ашулансақ ыдыс-аяқты лақтырамыз. Есік алдында 
жатқан итті тебеміз. Түйе сауғанда желінін қаттырақ 
сығып... а-а-а, айтпақшы...
Кенжекей жалт қарап, сары інгеннің бұйдасын 
шұбатып ұзап бара жатқанын көрді. Ақбаламен қоштасуға 


380
да шамасы келмей, ұзын көйлектің етегі аяғына оралып, 
түйе соңынан сүріне-қабына жүгіре жөнелді.
Сары інген Бел-Аранның кезіне қарай жүре жайы-
лып бара жатқан-ды; кейінгі жақтан алау-далау боп етегі 
далпылдап келіп қалған әйелге бұрылып қарады да, май 
бүлкілге салып желе жөнелді. Бұлар теңіз жағасына 
көшіп келгелі сары інген қырдың қара оты мен тұщы 
суын аңсап, өзінің бұрынғы жайылған өрісіне аңсары ау-
атын да тұратын. Басы босаса қашып кететін болғасын 
аяғын тар қып тұсап жіберетін-ді.
Сары інгеннің арқасында екі жағына теңдестіріп 
артқан су толы бөшке мен мес бар еді; түйе желе 
жөнелгенде ауыр мес бүйіріне былқ-былқ соғып, 
салмағымен басып аударылып бара жатты. Кенжекей 
жылы сөзбен түйенің жанын жібіткісі келгендей, сары 
інгеннің соңынан қалмай, жүгіріп келе жатып: «қарағым, 
шырағым» деп жалынып көріп еді; бірақ, әйгілі қашаған 
әйелдің ойын білгендей, енді желге бет қойып, тура Бел-
Аранның кезіне тартты. Бұл бет елсіз жапан түз, ұры-
қары жүретін жер. Бәрінен бұрын биыл қырда қасқыр 
көбейіп, осы өңірдегі ауылдың күнде бір малын жеп, ты-
нышын алып тұрған-ды. Жаны ышқынған әйел түйеден 
қалмай сүрініп-жығылып келеді. Көзіне тер құйылды.
Бел-Аранның кезінен әрі асып, енді елсіз бұйратқа 
бет қойғасын түйе қара үзіп алыстай, ұзай берді.
– Арам қатқыр сары інген... Жамандатқыр сары 
інген! – деп, Кенжекей бір жығылып, бір тұрып жүгіріп 
келеді. Өкпесі алқынып аузына тығылды. Даусы шықпай, 
тамағы кеуіп қалды. Мес аударылып түсті. Сілесі қатқан 
Кенжекей еңіреп отыра кетті.


381
* * *
Тәңірберген оянғанда күн әлі шыға қоймаған-ды. 
Түндігін жауып, есігін түсіріп, кілем-текемет ұстап 
тастаған жиһазды бай үйдің іші елең-алаң шақтағы 
бозғыл сәулемен көлеңкеленіп тұр екен.
Киіз үйдің әрқашан кісі бойын құп-қунақ қып сергітіп 
тұратын дағдылы салқын ауасын жас мырза оянған бой-
да бірден сезді.
Түнде кеш жатса да, ұйқысы қанып қапты. Тек азырақ 
денесі тоңазиын деген. Ауыл шетінен ит үрді. Мал 
қайырған кісі болу керек, ық жақ беттен, алыстан еміс-
еміс дауыс естілді. Ауыл үстінің өзіне таныс дағдылы 
дыбысына жас мырза жөндеп құлақ аспай, өзімен бір 
көрпе астында бір бүйірін қыж-қыж қайнатып жатқан 
келіншегіне қарай аударылып түсті. Ақбаланың сұлу 
денесін атлас көрпе астынан да анық көріп, қалың ша-
шын, түлкі сағақ аппақ мойнын, жұп-жұмыр иығының 
басын шолып өтті. Елең-алаңдағы бозғыл сәуле жас 
келіншек өңін көлеңкелеп жұмсарта түскен.
Тәңірберген келіншегін құшақтағысы кеп оқтала 
түсті де, өзін тежеп қалды. Өткен түні келіншегі ренжіп:
– Саған қолым жеткеніне мәз болып, ата-анамның ал-
дынан өтпей, аруақтан аттан кетіп едім. Сенен сұраған 
өтінішім болсын: әке-шешемді шақырып ырза қып жібер 
– деп, бұған тосын бір тілек айтып еді.
Ақбаланың жайын ұғады. Артынан ата-анасы кел-
мей, іздеусіз кетіп бара жатқанына зәбірленеді. Ақбала 
өтініш айтпаса да, Сүйеу қартты шақырып, жүзін жылы-
тып алу өзінің де ойында бар-ды. Ел ішінде сөзі сыйлы 
қарттың бетін бері қаратса, түбі бір рудың тізгіні қолына 
тиері анық.


382
Тәңірберген бірақ бұл ойын бір жанға сездірмеді. 
Ақбалаға да ішін ашпады. Ақбала оның үндемегеніне 
бірде ренжіп, бірде ызаланып жүрді де, кеше сырт ай-
налып жатып қалған-ды. Сонысынан қозғалмаған екен. 
Ұйқы үстінде де түндегі ашуы тарқамай, қасын түйіп 
ширығып апты.
Тәңірберген түрегелді. Сыртқа шықты. Үй 
сыртындағы қырға қарай бет қойып келе жатып, күз 
айының ызғыған қара суық желіне, бұлтты аспанға көз 
салды. Онан өріске айдайтын мал қамымен ерте тұрып, 
бүрсеңдеп жүгіріп жүрген сауыншы әйел, жалшы 
жігіттерге көз қиығын салып келе жатып та қайын ата-
сы ойынан шықпады. Кызыл көз тентек шалмен татуласу 
жағын ойлады.
Қанша айтқанмен тірі кезінде болыс ағасының 
бұған мықты пана болғанын осы күні біліп жүр. Болыс 
ағасы барда мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан 
қиянаты мен күнәсі мол дүниеде күнәкар болмай, тал 
бойын таза ұстап жүрген жалғыз кісі өзі сияқты, жақсы 
ат, жүйрік тазысы, сәнді киім мен аңын аулап, ойынын 
ойнап, күлкісін күліп, өзімен-өзі жүрген күнәсіз пәк жан 
сияқтанып қара мұрты қиылып тұрғаны. Осы сәтте оны 
көрген кісі: «Апыр-ай, мына баланың иман жүздісін-ай!» 
деп ойлаушы еді. Болыс ағасы өлгелі бұрынғының бәрі 
қалды. Ағасының кегін қуған жігіт бір топ солдатты ба-
стап барып, тал түсте, толы халықтың көзінше Кәленнің 
қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін балықшылар 
аулымен ашық тартысқа түсіп, өзіне қарсы келгеннің 
бәрін құртты. Енді бұрынғыдай біреудің көлеңкесінде 
ығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап 
жүр. Соның бәрінде де ол болыс ағасының бір қатесін 
ұмытқан жоқ. Қара күшке қаттырақ басқан ағасы ел 


383
ішіндегі арқа сүйер адамдардан айырылып, алды-артын 
жалаңаштап алып еді.
Осыны жүрегіне қатты түйген жігіт кейінгі кездері 
қол күшін молайтып, төңірегіне қара-құра топтап жүр...
Тәңірберген үйге тез оралды. Тілінің ебі бар бір кісіге 
адам жұмсап дереу шақырып алды. Еркін дәйексіздеу 
демесең, өздеріне қарағанда Алдаберген софыдан кейінгі 
үлкені осы еді. Тәңірберген қайын атасымен екеуінің 
арасын жақындататын делдал дәнекер болуын өтініп еді; 
анау құлшынып шыға келді.
– Мырза, маған сен. Сүйеу қарт қатты ғой, бірақ, қара 
тасты жібіткен тіл шақар шалдың зәрін қайтара алмаса, 
кесіп-ақ таста.
Тәңірберген тым елпілдеп тұрған, тез пейіл кісіні 
жақтырмайтын.
– Жә, жолың болсын! – деп, шығарып салды. 
«Ақбала қуанатын болды» деп ойлады. Әншейінде кісі 
таң қалғандай талай үлкен істерді қолынан атқарып 
жүргенде, бұл өзіне дәл осы бүгінгідей ырза боп көрген 
емес-ті. Әлгінде суға кеткен Ақбаланы асыға күтіп 
отырған үстіне софы ағасы кірді. Қасында Тәңірбергеннің 
бәйбішесі. Ол екеуінің арт жағын ала тағы бір топ кісі 
үстіне үнсіз кіріп келе жатты.
Тәңірберген алғашқыда мыналардың келісіне мән 
бермеп еді. Ет жегісі келгенде софы ағасының дәл осы-
лай қасына кісі-қараны молырақ ертіп, шұбалып жүретін 
жайын білуші еді. Ол тек мына кісілердің арасынан 
әлгінде Сүйеу қартқа жіберген кісіні көргенде түсі 
бұзылып кетті.
Софы да бар ызғарын бетіне жиып апты. Керек десе, 
қасына еріп келген кісілердің жайғасып отырғанын 
күтпей, төрге шыққан бойда тіктеліп Тәңірбергенге 
қарады.


384
– Бетіңнен қағар бір пенде табылмай, тыюсыз кетіп 
жүрсің. Үлкен-кішінің бәрін басынып алдың. Е, немене, 
өзіңнен басқа кісі жоқтай әукеңді салып кеткенің.
Тәңірберген софы ағасына ыңғай бермей, қырындап 
бүйірін беріп отыр.
– Әй, бала, – деп, Алдаберген софы енді асасының 
ұшын інісіне ызғарлана безеді, – уа, бетіңді бұр. Бер-
мен қара! Бірге туған бауырластығымды сыйламасаң да, 
алдыңа сақалымды салып, үлкендік ете келіп отырмын. 
Рас, сен Сүйеудің қызына үйлендің. Құда түсіп қолынан 
алған жоқсын, оның аруағын аттап зорлықпен алып 
отырсың. Жә, оныңды, тіпті, құп дедік. Ежелгі бір жауы-
мыздан есе алып бергендей көріп едік...
Тәңірберген бұл жолы да бастапқы қалпынан 
қозғалмай, сұлу жүзі сыздап отыр. Алдаберген оның 
үндемегенін өзінше түсінді. Інім ұятын мойындаған екен 
деп кәрі софы енді тіпті өктемсіп, кең танауын көтере 
сөйледі:
– Сен немене, бүгінгі күні есіңнен танған сияқтысың. 
Қызын алдым деп қу кедейді аулыңа шақырып жатқан 
көрінесін. Бізді сыйлайтын болсаң, ол қақпас шалды 
шақырмайсың. Ол – жауың. Жаудан жақындық іздеме. 
Осы отырған бар кісінің, мына қыздай алған жалғыз 
жарың бәйбішеңнің де өтініші бұл... – деп, Алдаберген 
софы Ақбаланың өз аяғынан келгенін әдейі қағытып 
өтті.
Сыр бермей отырған Тәңірберген осы арада жаны ау-
ыратын бір жеріне аңдаусызда біз сұғып алғандай, тана-
уы әнтек дір етті. 
Алдабергенге еріп келген кісілер бастарын бауырына 
алып мүлгіп отыр еді; сүйтсе олардың баққаны бар екен. 
Софы пәтуасын айтқанда олар да шұғыл құптап, баста-
рын шұлғып құнжыңдады да қалды:


385
– Иә, біз саған салмақ салғалы келдік.
– Бір тілегімізді берер деп келдік.
– Сүйеу қартты аулыңа шақырып, кешегі болыс 
ағаңның аруағын аяққа баспа. Дұшпанға таба қылма!
Осы тұста Сүйеу қартқа жұмсаған кісі сөзге ара-
ласып:
– Тәңірбергенжан, софы ағаңның сөзіне құлақ сал... – 
деп мәймөңкелеп келе жатыр еді:
– Өй, жексұрын... көрінбе көзіме, жоғал! – деп, 
Тәңірберген оның жасы үлкендігіне қарамай, жекіріп та-
стады да, есік жақта отырған өзінің атқосшысы – ақи көз 
жігітке иек қақты.
– Жинал. Сүйекеңе бар. Қызын қолынан ала алма-
дым. Кешірсін. Бауырынан шыққан баласын тастай ма, 
қызына келсін. Қол қусырып күтіп аламыз. Соңыра 
еліне ырза қып, ырғап-жырғап жөнелтем. Сүйекеңе осы 
сөзімді жеткіз де, өзің бастап ертіп әкел!
– Құп, мырза. Өз сөзіңдей қып жеткізейін!
Ақи көз жігіт тұра жөнелді. Үй іші жым-жырт. Мына-
дан кейін бір жан қозғалуға қорыққандай, қыбыр етпей, 
отырған-отырған жерінде сілейіп қалған-ды. Дәл соның 
үстіне Ақбала келді. Иінағашын сыртқа қалдырып, екі 
шелек суды алды да, шолпысы сылдырап, сызыла ба-
сып ішке кірді. Үй толы кісіні ішке кіргесін көрді. Төр 
алдында дөңбектей боп отырған софыға бұрылып, оң 
тізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді.
– О, бетпақ, көрінбе көзіме!.. Жоғал! Жоғал! – деді 
Алдаберген софы қолымен бетін көлегейлеп, сырт айна-
лып.
Долылық буып, жарыла жаздап отырған бәйбіше өзін 
қостайтын адам шыққасын көтеріліп кетті:
– Ойбай, ойбай!.. Мына тоқал... Қуарған қу тоқал 


386
жетті ғой менің түбіме – деп, дауыс салып далаға жүгіре 
шықты.
Ақбала құп-қу; кінәсін анық сезбесе де, мына 
кісілердің алдында бір айыбы болғанын білгендей 
қолынан шелегі түсіп кетті. Кісі бетіне қарай алмай, 
көзін төмен салып қор болған қалпы, жаңа софыға сәлем 
еткен жерде тапжылмай сілейіп тұр.
Тәңірбергеннің де тап қазіргі түрі адам аяғандай. 
Далаға шыққасын да долылығы басылмай, ауыл айналып 
ойбай салып жүрген бәйбішесіне түк істей алмай отыр.
– Сен істеріңді істедің. Ендеше, сен қылғанға мен 
қылдым... Өзім тірі тұрғанда ол ақшұнақ шал бұл 
ауылдың топырағын басса көрейін. Бұл ауылға келер 
болса, менің өлігімнің үстінен аттап келеді – деп, Алда-
берген софы анық жаулыққа бет бұрды. Осыдан артық 
тілге келмей, нөкерлерін ертіп шығып кетті. Тәңірберген 
түрегелді. Дәл бір соққыға жығылғандай бойын ала ал-
май тұрған Ақбаланың қасына келді.
– Жә, жасыңды тый. Онан да ертең әке-шешеңді күтіп 
алу жағын қарастыр.
* * *
Тәңірберген бір топ аттылы кісінің алдында ақ 
арғымақты ауыздыққа керіп, сыдырып келеді. Жаңа 
ауылдан шыға сала қамшы басып еді, былай ұзап 
шыққасын ат екпінімен іштегі алай-түлей сезім басы-
лып, астындағы Текежәуміт айғырының басын тартып, 
ақырын аяңға басты.
Еті қызып алған айғырдың екі көзі оттай жайнап, 
ауыздығын шайнап, кейде Тәңірберген қос тізгінді 
қаттырақ тартқанда жалт беріп жолдан шығып, 
біразға дейін бүйірлеп жүріп отырады; қалған уақытта 


387
пысқырып, көстектеп керіліп аяңдап кеткенде, соңында 
келе жатқан аттылар ілесе алмай, амалсыз желіп отыра-
тын.
Ақ арғымақтың алдынан арты биік; әсіресе, оның 
төңкерген қазандай жалпақ жұп-жұмыр сауырын 
тегіс жапқан тықыр түгі жылтырап, жылт-жылт етіп 
тұратын. Тәңірбергенге ақ арғымақтың аяңы ұнайтын. 
Жолға шыққанда көбіне осы атты мінетіні содан. Басқа 
қасиетінен бұрын оның бауырын керіп аяңдайтын 
көшелі, кербез жүрісінен біртүрлі жанға жайлы рахат 
тауып, астындағы ат емес, қайық сияқтанып кететін. 
Тәңірберген ауылдан шыққалы әлі қыбыр еткен жоқ. 
Арғымақтың тас төбесінде шаншылған қос құлағынан 
көзін айырмай қадалып апты. Сыртынан қарағанда 
сұлу денесі ерге құйып қойғандай. Екі иығының басы 
тіп-тік боп тура алдына қарап отырған нығыз қалпынан 
енді қайтып қозғалмай, айғырдың аяңына ырғалақтап, 
басындағы ой да дәл осы қазір тербеліп келе жатқандай.
Денесі суынғасын арғымақ ендігі қалған жол-
да ұрынбай, басын шұлғып тастап, бір қалыппен 
баяу жүріп келе жатты. Әлі де болса Тәңірбергеннің 
қабағында кірбің бар. Жаңағы оқиға өзіне қатты батты. 
Көзі тірісінде көңілі толмаса да, кешегі болыс ағасының 
софы ағасынан бір артықшылығы болатын. Әрине, о да 
тайыз, о да тоңмойын еді; оның да өзінен шығатын ар 
жағында бір түйір ақыл болмаса да, тым құрыса осын-
дайда пайда-залалын біліп, үнемі інісінің аузына қарап 
отыратын.
Құдайменде өлгелі софы ағасына жел бітті. 
Тәңірбергенді баласынып, билікке таласқысы кеп, әр 
кезде әлгідей үлкендігін арқаланып қиғылық салып 
жатады. Абыралыға қараған ағайын-туғанды азғырып, 
бұған айдап салып қойған түрі анау. «Ақылсыз сорлы, 


388
қолына билік тигенде не бітірем дейді екен...» – деді 
Тәңірберген ішінен.
Осы қазір өзінің жалғыздығын қатты сезіп келеді. Бір 
үміті – оқыған інісі. Оның елге келуі көп кісіге желеу 
болып алды. Осы өңірдің игі жақсылары оқыған зиялы 
жігітпен дидарласуға құштар. Арғы ойы белгілі; оқыған 
жігіт соңырағы күні сырқатынан тәуір боп Шалқар мен 
Ырғыздың бірінде қызметке орналаса қалса, қысылған 
жерде оны өздерінің бір кәдесіне жаратпақ.
Тәңірберген мырс етті. Құдай-ау, осы заманның 
кісісі қалай ұсақталып кеткен?! Әлдекім болса бір 
сәрі. Ат басындай азамат... игі жақсылар. Түбіне найза 
бойламайды деген Рамбердінің де қулығы көген басы-
нан аспапты. Мал өрісінен арғы жер, онан арғы дүние 
өртеніп жатса да оған бәрібір. Жә, жә, жалғыз Рамберді 
ме? «Өзің...» Тосын сұрақ бүйіріне шаншудай қадалды. 
Жалаңаш құйрықпен тікен үстіне отырғандай қипаңдап, 
қозғалақтап қалды. Сосын, көк қасқа ерге құйрығын 
қадап, тіп-тік боп шаншылып отырып алды. 
«Бәсе, өзің...өзің ше?» деді ішінен. Рас, болыс ағаң 
қаза тапқалы шаруаға шындап қарадың. Ебейсінге есеңді 
жібермей, базарға қосқан малыңның пұлын өндіріп 
алдың. Тағы да, міне, мал қуып келе жатырсын. 
Тәңірберген ат басын бұрып, ізінше кері қайтып 
кеткісі кеп кетті. Онан ағасының өлімін тез ұмытқанына 
ренжіді. Өлімнің жүзі суық па, әлде... өзім қаталмын ба? 
Көзі тірісінде ол сорлыны тайыз көрді. Көңілі тол-
мады. Қазір софы ағасын менсінбейді. Сонда... бәтір-ау, 
ағаларыңнан асқаның қайсы? Солар жүрген ескі жолдың 
шиырынан шыға алмай, мал барымталап, жоқ қуып жүр.
Былтырғы бүліктен кейін, мына боз далада бұрынғы 
бойкүйез тірлігін қайта тауыпты. Тынышталыпты. 
Бірақ, бірақ, онан арғы дүние бар түгін бетіне шаншып, 


389
түтеп келе жатқанын байқадың ба? Үлкен шаһарларды 
айтпағанда, мына іргеде тұрған кішкентай Шалқарға 
барған сайын беті қатты бір заманның кейпін танитын. 
Әне бір жолы темір жол жұмысшыларының ереуілін 
көрді. Өңшең білегін сыбанып, жұдырығын түйіп алған 
түсі суық жұмысшылар қызыл туды төбесіне көтеріп, 
лек-лек болып көшеге шыққанда, өзгені былай қойғанда, 
өздері құдай көретін әлгі татар байы Теміркенің құты 
қашып, көк дүкеннің есік-терезесін жалма-жан жауып ала 
қойған-ды. Шын сасқанда көп бөлмелі үйден тығылатын 
тесік таппап еді-ау! Көшеге шыққан ығы-жығы халық 
тарағасын да татар байы көпке дейін өзіне-өзі келе ал-
май, күйген терідей құрысып: «заман бұзылды бит. Алар 
сені аями, бас кесер бұзықлар! Жөлік бит, жөлік, жөлік 
олар», – деп күбірлеп отырып еді. Шаһарлы жерің солай 
болғанда, өз ауылың тыныш па? Тыныш деген түкпірдегі 
далаңа қарашы. Жыл сайын жұтқа ұшыраған кедей ау-
ылдар теңіз жағасына көшіп кеп, балықшылар аулының 
қарамын молайтып жатыр...
Ат пысқырып қалды. Тәңірберген шошып оянғандай, 
босаңсып бара жатқан бойын билеп ап, енді байқап 
қараса, тізгін еркі өзіне тиген ат алдындағы бір биік сары 
төбеге тұмсығын тірей тоқтапты. Қасына ерген косшы-
лары да бұның ойын бөлмей, кейініректе иіріліп тұр 
екен. Жаным-ау, мынау қай жер? Қайда тұр? Неге тұр?
Тәңірберген тізгінін жиып ап, ер үстіне дұрысталып 
отырып төңірегіне көз салып еді. Сол жақ қапталда 
шымылдықтай созылып жатқан Бел-Аран. Өзі тұрған 
сары төбе астында балықшылар аулы. Ақбаланы алып 
қашарда да осы төбенің астында, дәл осы арада бір топ 
кісі боп ауыл торыған ұрыдай, ат жалын құшып тұрғанда, 
ілгері жақтарынан әлде не қараң етті. Бұл шыдамай, ақ 
арғымақты тебініп ілгері шыға бергенде, ар жағынан ес-


390
түс жоқ Ақбала жанұшырып кеп, ақ арғымақтың мойны-
на құлап асыла кетіп еді-ау! 
Тәңірберген ақ арғымақты қамшымен тартып қап, 
сары төбенің басына шауып шықты. Өткен жылы еді 
ғой, аң аулап жүріп Еламанның үйіне түскенде, бұл ауыл 
мұншама көп емес еді. Қазір қарамы ұлғайып кеткенін 
ұнатпай, ауылға атын ақырын бастырып кеп қасындағы 
кісілерімен Достың үйіне түсті. Қарақатын сасып қалды. 
Бәрінен бұрын от басында жатқан тулақты қайда тығарын 
білмей, көйлегінің етегімен жауып жалп етіп үстіне оты-
ра кетті.
Тәңірбергеннің қасындағы дембелше жі гіт Қарақа-
тынға жетіп барып, аяғымен теуіп жіберді.
– Ой, бүйіріңді тесіп шыққыр. Мынау біздің мырзаның 
құла байталының терісі ғой.
Ақкемпір ақырын жылысып сыртқа шы ғып кетті. 
Әшейінде басынан сөз асырмайтын Қарақатын бұл 
жолы жұмған аузын аша алмай, бір уыс боп бүрісе 
қапты. «Атаңа нәлет, жаман қатынға осы тулақтың көзін 
құрт деп қанша айттым. Енді міне ұстап берді» деді Дос 
ішінен. 
Осы кезде Мөңке бастаған бір топ балықшы ішке 
кіріп, есік алдына иық тіресіп тұра-тұра қалды. Басы ба-
уырына кеткен Дос оларды байқаған жоқ.
– Неғылса да бізден бір білместік болды, – деді ол 
міңгірлеп.
– Жоқ, білместік емес. Бұл біліп тұрып істеген 
жаулық. Жау кісінің ісі.
– Жазықсызбын демеймін. Тәңірберген шырағым, не 
істесең де қолыңдамын, – деді Дос.
Тәңірберген үнсіз. Суық томсарып отыр. Жаңағы 
дембелше жігіт мыналарды неғұрлым қырына алса, 
соғұрлым мырзаның ойынан шығарын біліп:


391
– Иә, қолымызға түстің. Ұрлығыңмен ұсталып 
отырсың, тырп етіп көрші сен, кәне, – деп зілдене түсті.
– Шырағым, не істесең де...
– Қой, әрі! Не істерімізді өзіміз білеміз. Жоғымыз 
жалғыз құла байтал ма? Сендерден Кәлен айдап әкеткен 
жылқының құнын тұтас өндіріп алғалы келдік – деп, әлгі 
жігіт ауыр үкімді де өзі айтып салды. Қарсы дау айтуға, 
деректесуге келтірмей, Досты қысып, жан алқымға таяп 
бара жатты. Соны байқаған Тәңірберген:
– Жә, менің малымды түгендеуші сен болсаң да, қой 
енді, – деп әлгі жігітті тыйып тастады да, – адаспай-
тын адам жоқ, ол кезде Еламан мен Кәленнің бүлігіне 
біраз адамның еріп, найзасы төбемізде ойнағаны рас. 
Талай малымыз жаудың тақымында кетті. Онан бірақ 
Тәңірбергеннің өрістегі малы ортайған жоқ. Құдай 
құрағанды адам шашып тауыса алмады. Қайтер дейсің, 
қарны ашқан күні құла байталды сойып жесе, ол аға-
жеңгемнің маған істеген бір базынасы шығар – деп, әлгі 
пысықай жігіт тарылтып жіберген дүниені Тәңірберген 
бір ауыз сөзбен кеңітті де тастады.
Қарақатын қуанғанынан жылап жіберді. Жаңа 
ғана жерге кіре жаздап отырған Дос та басын көтерді. 
Тәңірберген енді есік алдында иін тіресіп тұрған 
балықшыларға қарап, айрықша Мөңкеге қадалып:
– Ағайын, жылқыма жау боп тидің. Күшің барда 
аямадың, қолыңнан келгеніңді істедің. Бірақ, – деп, осы 
арада сәл іркіліп, айтар сөзін сабырмен салмақтай түсіп, 
– мен оларыңды білместік болар деп кешірдім, кештім, 
ағайын, – деп, бұлар күтпеген кесім айтқанда, Дос үп-
үлкен басымен ұшып тұрды да, Тәңірбергеннің қолын 
сүйіп:
– Рақмет, қарағым, көп жаса. Күшке иілмейтін ағаңды 


392
бір ауыз жылы сөзіңмен жығып кеттің, жеңдің бізді – 
деп, көңілі босап, жыламсырай бастады.
Әңгіменің артын бағып тұрған Мөңке осы арада шы-
дамай, бір аттап алға шығып:
– Әй, Дос! Ат құнын кешкенге осынша жылағаның 
не, уа, азамат құнын арқалағандар да отыр ғой төріңде, 
– деп еді, жұрт тына қап, тегіс Тәңірбергенге қарады. 
Тәңірберген бұған дерек қайтара алмасын білді де, өзінің 
дәл осындай қысылған кезде істейтін машықты тәсіліне 
басып, естімегендей елеусіз қалдырды.
Дос қай жағын ұстарын білмей, қиналған кескінде 
көзін төмен салып отыр еді.
– Өй, жетесіз ынжық, – деп, Қарақатын ұшып 
түрегелді, – сен ынжық болғасын бізді ит те, құс та ба-
сынады. Әйтпесе, сен мына жаман Мөңкені төбеңде 
тайраңдатып, үйіңе келген құдайы конағыңды тілдетіп 
қояр ма едің?! Ойбай-ау, жан адам жуымайтын үйіңе 
мырза жігіт үлкен басын кішірейтіп келіп отырған жоқ 
па? Достық көңілмен күнәңді... қандай ауыр күнәңді 
кешіріп кеп отыр. Жаман ит-ау, соны неге ұқпайсың?
Дос басын көтерген жоқ. Бірақ, көрер көзге түсі 
бұзылып, қап-қара боп тұнжырап барады. Қарақатын 
одан сайын долданып, тұқырайып отырған байын 
түтіп жейтіндей қасында тепсініп тұрып алды. Тақа 
болмағасын ол енді Досты жағасынан жұлқылап зорлап 
тұрғызды.
– Намыс бар ма өзіңде? Мына қақбасты қу, айдап 
шық үйіңнен!
Дос Мөңкеге тура қарамаса да, сүзетін бұқадай ба-
сын бауырына алып, бетпе-бет кеп түйіліп тұрып алды. 
Қарақатынның «қақбас» дегені Мөңкеге қатты батты. 
Осы жасқа келгенше досы түгіл дұшпанынан есітпеген 
сөзі еді; әншейінде төбесінен таяқ айырмайтын жаман 


393
қатынын Достың осы тұста бетінен қақпай, өзіне қарсы 
шабалаңдатып үргізіп қойғанына тіпті ыза боп:
– Әй, Дос, мынауыңа қой дейсің бе, әлде маған кет 
дейсің бе? – деп еді, Дос морт сынып:
– Шық үйден! – деді ақырын, бірақ, бет бақтырмайтын 
зілді үнмен. Мөңке оның қатты бұзылған түрін таныды; 
тілін алмаса, осы тұрғанда оның төбелесуден де тайын-
басын біліп:
– Ой, құдай-ай, жігіт деп жүрсем, сенің де құның 
бір байталдық екен ғой – деп, Мөңке оған біртүрлі 
жиіркенішпен қарап тұрды да, бұрылып жүре берді.
* * *
Тәңірберген балықшылар аулынан көңілсіз аттанды. 
Еламан мен Кәленнің көзін құртса да, бұл ауыл басшы-
сыз қалмапты. Қара борбай шал қарсыласқандай қауқары 
барын танытты. Осы жай жанына батқан жас мырза 
сұрақты жүзін Досқа бұрып еді. Дос тоң мойын, дөкір. 
Өз дегені болмаса өзгенің жетегіне жүре қоймайтын 
бірезу қыңыр. Шындап кетсе, төңірегіне қара-құра топ-
тап, Мөңкемен белдесуге жарайтын бұл өңірде бұнан 
басқа адам жоқ. Осы жағдайды ішіне түйген жас мыр-
за ендігі жерге есебін тауып, Досты бауырына тартып 
көргісі келіп еді, бірақ оңайлықпен ішін аша қоймайтын 
Дос:
– Уақыт бар ғой, ойланып көрейік, – деді.
– Иә, ойлан, – деді мырза. Сыртқа шығып, енді атқа 
мінер жерде оның көзі бір қызға түсті. Көзі түскен бой-
да: «Тәңірім-ay, мынау көңге шыққан қызыл гүл ғой» – 
деп ойлады да, ат үстінен Досқа еңкейді:
– Дос аға, мынау кім?
– Төлеу деген жігіттің қарындасы.
– Тө-ле-у?


394
– Иә, Төлеу. Сен біле қоймассың, қырдан көшіп кел-
ген кірме.
– Со-лай де!
Мырза көзін қыздан алмай, тізгіні қолынан түсіп, 
аңырап қапты. Қызға мырзаның көңілі құлағанын 
байқаған Дос:
– Тамаша бала, – деп, онсыз да тұтанғалы тұрған отқа 
май тамызғандай болды. – Өзіндей қыздар дұрыстап от 
жаға алмайды. Ал бұл пақыр промсолда жұмыс істеп, бір 
үйлі жанды асырап отыр.
– Солай ма? Тұрмыстары нашар болды ғой?
– Обалы жоқ. Үй толған ер-азамат. Бірі талап 
қылмайды. Бәрі осы баланың мойнына мініп отыр.
– Аты қалай?
– Айғанша.
Тәңірберген қыз атын ішінен қайталады. Қыз үйінің 
күйсіз, ағаларының кемталап, жалқау болғаны да бұның 
іш есебінің үстінен түсіп, жақсы нышанға жорыды да, 
ішінен жымиып қойды. Екі көзі әлі де қызда.
Айғанша өзіне сұқтана қадалған көзді байқаған 
жоқ-ты. Әлгінде балық сойып жүріп басына әншейін 
немқұрайды тарта салған бір шаршы қызыл орамал сы-
пырылып желкесіне түсіп кеткен екен. Былайғы кезде де 
ие бермей, орамал астынан әлсін-әлі бұрқырап шығып 
кете беретін қалың шаш қазір, тіпті желкілдеп, қаннен-
қаперсіз, үйге жеткенше асығып жүгіріп келе жатқан-ды. 
Ауыл үстіндегі түсі басқа кісілерді көрді де, жақындап 
келгесін аяғын именшектеп ақырын басты. Аттары-
на мінсе де әлденеге іркіліп тұрған кісілердің ішінде 
тізгіні қолынан түсіп, аңтарылып қалған қара мұртты 
сұлу жігітке көзі түсті. Оның да бұған қарап, ішіп-жеп 
бара жатқанын байқаса да, түк жасқанбастан қара көзі 
жалт етіп бір қарады да өтіп кетті. Амандасқысы кеп 


395
емексіп қалған жас мырзаның тұсынан аяғын әлгіден 
көрі шапшаңырақ алып, білектей бұрым арқасында 
бұлғақтап ұзап бара жатты. Үйге жақындай бергенде 
іштен ішегі үзілердей, қақылдап жылаған жас баланың 
даусын естіп, кеше кеште суға кеткен Кенжекейдің содан 
бері әлі оралмағанын біле қойды. «Бейшара аман бол-
са жарар еді» деп ойлап, үйге үрейленіп асығыс кірді. 
Шынында да, жылай-жылай сілесі қатқан бала бұл кезде 
әбден көгеріп, ықылық атып жатыр екен. Айғанша ба-
ланы жерден көтеріп алды. Өткен түні де осы баламен 
арпалысып шыққан-ды. Ерте тұрып, азанда жұмысқа 
кеткеннен бері әлі бір жан баланы жұбатпаған. Ауру 
кемпір іргеге қарап жатыр. Өлер алдында үй ішіндегі 
жандардың жүзін көргісі келмей, қатты түңілген. Екі 
ағасы екі жерде сазарып отыр. Күндесінің баласы-
на қашанда бауыры жібімейтін Балжан өзінің әдеттегі 
безбүйрек қаталдығына бағып анадай жерде өз баласын 
өбектеп, оңашаланып алыпты.
– Құдайдан үміттерің бар ма? Мына бала-
ны неге жұбатпайсыңдар? – деді Айғанша. Оған үй 
ішіндегілердің бірде-бірі тіл қатпады. – Бұның шешесін 
неге іздемейсіңдер?
Бұл жолы да бұған бір жан тіл қатпады.
– Мынау үй емес, мола ғой... мола, қу мола, – деп, 
Айғанша еңіреп жылап жіберді де, баланы бауырына 
қысып сыртқа жүгіріп шықты.
Ол кеткесін де бір жан қыбыр етпеді. Тек ауру кемпір 
қол таянып басын көтерді. Екі иінінен ентігіп, ырсылдап 
ауыр дем алып отырып:
– Ана байғұс... Құдайдан бала тілегенде тап мына 
сендердей боларын білген бе?.. Басқаны қайтейін... Сен... 
Сен екеуің әлгі қыздың сорына жаралдыңдар ғой, – деді 
де, әлі құрып жата кетті. Кезерген ернін қанын шығара 


396
қырқып тістеп алған. Үстіне жамылған көрпе астында 
иығының басы селкілдеп жатқанын үй ішіндегілердің 
ешқайсысы байқаған жоқ.
Түс ауа Кенжекей келді. Үсті-басы ебіл-себіл. Төлеу 
тақымының астына басып отыр ған қамшысын ұстай 
түрегелді. Кенжекей арқасындағы месті былқ еткізіп 
босағаға тастай салды да, Айғаншаның қолында бұл 
кезде, тіпті үні шықпай, қып-қызыл боп ықылық атып 
жатқан балаға ұмтылды:
– Сорлы-ай!.. Байғұс балам-ай!..
– Әй, түйе қайда?
Кенжекей түнеріп төніп келіп калған күйеуіне көз 
киығын салмай, төрде жатқан алашаның шетіне отыра 
қап, кеудесінен емшегін шығарып баланың аузына то-
сты.
– Сорлы-ай, соры қайнаған балам-ай, өлуге қалыпсың 
ғой...
– Әй, түйе қайда?
– Өз балаң емес пе... Жұбатсаң қайтеді?
– Түйе қайда деймін?
– Түйең арам қатсын! Қасқыр жесін түйеңді. Борша 
болсын! Қара өкпе тисін түйеңе!
Қамшы сартылдап ала женелді. Айғанша жылап, 
сыртқа ата жөнелді. Кенжекей тырп етпеді. Тек бір қолын 
жоғары көтеріп, аузына апарған емшекті де ала алмай, 
ықылық атып жатқан бауырындағы баланы қорғап басын 
бұға берді. Қайратты еркектің қолындағы өткір қамшы 
енді көбіне-көп әйелдің басына тиіп, жон арқасын таспа-
дай тіліп шыпылдап жатыр. Кенжекейді бір жан араша-
ламады; өлімге басын тіккен әйел дыбысын шығармай, 
денесіне қамшы тиген сайын дір-дір етіп тістене түседі.
Бір рет қамшы қарақұсқа тиді де, көзі қарауытып 
кетті. Қанша уақыт өткені белгісіз, көзін ашса... басы 


397
қорғасын құйғандай көтертпеді. Көк ала торғайдай дене 
алаулап, өртеніп барады екен. Тек бала сорған бауыры 
ғана жып-жылы.
* * *
Тәңірберген артында қалған шаруасын әрқашан 
тиянақтап тындырып жүретін-ді. Осы жолы да жолға 
шығар алдында ауылда қалған жігіттерге өздері күтіп 
отырған құда-құдағилар келгенше күні бұрын алдын 
ала даярлап қоятын жабдық жөнін мұқият тапсырып 
кеткен еді. Қиқар бәйбіше қарсылық көрсеткенмен, 
сүйеніші мықты Ақбала бұл жолы тізгін еркін бермеді. 
Әке-шешесінің келуіне қарсы буулы жатқан теңдерді 
шешкізіп, төр алдына бұрын бір жанның жамбасы тиме-
ген асыл төсеніштер жайды. Үй ішінің дүние-жиһазын 
қайта жасаулап, ең аяғы ертең әке-шешесінің иығына 
жабатын түлкі ішік, қасқыр ішік, құндыз ішіктерді ал-
дын ала әзірлеп қойды.
Тек, неге екені белгісіз, Сүйеу қартқа жіберген кісі 
кешігіп жатыр. Тәңірбергеннің де аяғы алысқа түсіп 
кетті. Ұзын құлақ хабарға қарағанда, балықшылар ау-
лында болған күннің ертеңіне промсолға соғыпты. Бірақ 
онда айналмапты. Теңіз жағасына келіп жатқан Теміркеге 
тілдескесін, сол күні алдын кештете атқа қонып, 
Ордақонған болысына қарай тартып бара жатқанын 
осы ауылдың малшылары көріпті. Бірақ мұндағы 
кісілер мырзаның неге бұлай жаны қыдырып дызығып 
жүргенін білмей, аң-таң боп отырғанда, қасындағы 
бір атқосшысын ауылға қайтарып: «Ертеңдері оралам. 
Күтіп отырған қонақтары келіп қалар, қамсыз болма-
сын» – деп, Ақбалаға арнайы сәлем айтып жіберіп еді. 
Ақбала басқаға шүбәланса да, бұл жалғанда мырзаға 
шүбә келтірген емес-ті. Әке-шешесінің келетініне енді 


398
кәміл сенді. Қалған жұрт тіпті сенді. Ауыл іші әбігерде. 
Құйқылжыған халық. Абыр-сабыр. Әрлі-берлі жүгірген, 
біріне-бірі айқайлап әмір берген кісілер. Ошақ қазған, 
сойыстық мал жетелеген, пышақ қайраған жігіттер.
Үй сыртына апарып ыққа қарата кілем қаққан, те-
кемет, алаша қаққан қатындар. Үй мен үй арасында 
етегіне сүрініп, емпелеңдеген келіншектер. Сызыла 
басқан сәнді қыздар. Ақбала отырған ақ отауда әлдебір 
жақтан ғайыптан тайып келген хор қыздар, құрбылас 
келіншектер, абысын-ажындар. Дәл қазір, дәл осы 
бір қуаныш, қызық, шат-шадыманда бәрі бір аяға бас 
қосқандай. Сықылықтаған күлкі. Сылдыраған шашпау, 
шолпы, сырға. Артынан артынып-тартынып әке-шешесі 
келе жатқан жас келіншекті әлгілердің бәрі қошеметтеп, 
бәрі құрметтеп, онымен бірге өздері де қосыла қуанып, 
әлден құттықтап, әлден шүйінші сұрап апақ-шапақ, мәре-
сәре. Ақбаланы қуантпақ боп жүріп, онан бұрын өздері 
қуанып, күткен қонақтар шыныменен келіп қалғандай, 
көп зарықтырмай әне-міне келіп қалатындай, тап қазір 
қырға шықса, ар жағында қарасы көрінетіндей, бәрі 
бірдей дүрлігіп сыртқа жүгіріп шықты.
Ақбала үлкен әзірлікті әке-шешесі келгесін істегенді 
жөн көріп, кейінге іріккісі кеп еді. Бірақ желігіп алған 
желөкпе жас келіншектер бой бермеді. Ақбаланы сыр-
тынан билеп, соңыра қонақтар келгесін де үлгіретін 
шаруаға алдын-ала ыссылай кірісе бастады. Олар 
Ақбалаға ақылдаспай, соңыра қонақтармен бірге бола-
тын осы төңіректегі көңілдес, әтібірлі кісілерге әлден 
хабарлап, жан-жақтан алғыза бастады. Ең аяғы қонаққа 
соятын малдарды да өріске жібермей, оң босағаға бай-
лап қойды. Пышақ қайраулы. Қазан асулы. Бұл ауылдың 
қазіргі даярлығы дәл бір қыз ұзатып, келін түсіретін 
ауылдың әбігерінен бір де кем емес-ті.


399
Кешеден бері Ақбала ауыл-аймақтың алақа-нында. 
Бұрын бәйбішенің шашбауын көтеріп жүрген әйелдер 
енді онан сыпырылып шығып, балға үймелеген шыбын-
дай бәрі Ақбаланың төңірегіне үйіріле қапты.
– Сал келіншек қандай сұлу?! Беу, бұрын көзіміз бай-
лаулы жүрген бе? – деп, кекселеу бір қатын Ақбаланың 
ажарына сұқтанып еді.
– Е, ол кезде сен нені көруші едің – деп, басқалары 
оған дүрсе қоя берді, – бәйбішенің шашбауын көтерем 
деп көзіңе шел бітпеді ме.
– Төбемізде тайраңдамадың ба?
– Иә, тілімді қышытпа, сен қатын.
– Ойбай-ау, ол күндестігінен істесін, бәрі нен бұрын 
сенің, сен мұндардың зәбірің өтті ғой. Көрінбеші көзіме!
– Көрінбе!
– Ие, ие, кет! Көрінбе!
– Жоғал!
– Жоғал!
– Тұтақ!
– Тұтақ!
Үй іші шаң-шұң болды да кетті. Ақбаланың ара 
түскеніне қарамай, көп қатын бір катынды аластап 
қуып шықты. Өздері жек көретін қатынды қуу оларға 
дәл бір жау қашырғаннан кем болмай, у-шу, азан-қазан 
боп жатыр еді; кенет бір әйел Ақбаланың анадай жерде 
әңгімеге араласпай, қоңырайып отырып қалғанын кө ріп, 
қасындағы әйелді түртіп қалды. Ол арғы жағындағы бір 
әйелді түртіп, қайсысы қайсысын кінәларын білмей бір-
біріне қарап беттерін шымшып үзіп, үзіп алды. Басқа 
кезде болса бір сәрі, бетім-ау, масқара-ау, артынан арты-
нып-тартынып, ырғап-жырғап әке-шешесі келе жатқан 
келіншектің қабағын кірбің шалған күпірлік! Сұмдық 
қой! Сұмдық! Сұмдық! Есі шыққан келіншектер құдды 


400
әлденеден үріккен құстардай орындарынан дүркірей 
ұшып тұрды. Сонан кейін де бір дәнге үймелеген әлдебір 
өңшең сарала қанат сайрауық құстардай, бәрі бірдей 
Ақбаланың асты-үстіне түсіп, үпір-шүпір бола қалды.
– Не арманың бар?!
– Иә, иә, арманы жоқ.
– Жер бетінде әке-шешесін сендей ғып күтіп алған 
әйел бар дейсің бе?!
– Осының бәрі мырзаның арқасы ғой.
– Соның арқасы!
– Піш-піш.
– Шу-шу...
– Несін айтасын, сал жігіт сен дегенде шығарда жаны 
басқа...
– Иә! Иә, жаны басқа... Жаны басқа!
Десе де-ау, шынында да бұл мырзаның арқасында 
дегеніне жетті. Ойлағаны орындалды. Әне, әке-шешесін 
алып келуге мырза өзінің сенімді кісісін жіберді. 
Сенбейтін енді несі бар?! Иә, иә, сенеді. Сенді. Бір-бір-
ақ-қ нег-е кешікті? Не-г-е?.. Сол тегін бе?
зәресі ұшқан Ақбала үйден де, түзден де жаны байыз 
таппай дызалақтап кетті. Кейде өзін-өзі жұбатып, көңілі 
сәл орнына түсе бастаса, өзіне не болғанын қайдам, қос 
уыс үйдің қақ төрінде қаққан қазықтай тіп-тік боп, тура 
алдына тесіле қарап отырған аппақ қудай шал көз алды-
на тұра қалғанда, зәре-иманы ұшады. Орнынан ұшып 
тұрады. Жүгіріп сыртқа шығады. Қайтып ішке кіреді. Не 
сырттан, не іштен жаны байыз таппай, бір үміт, бір үрей, 
екеуі екі жақтан анталағанда не күлерін, не жыларын 
білмей күпті көңілді жас пен күлкі екі жақтан қинап:
– Неге кешікті? Неге кешікті?– деп, жалтақтап 
қасындағы келіншектерге қарады.
– Келер, келіп қалар, – дейді олар.


401
– Байғұс ата-анаң да сені бір көруге зар боп келе 
жатқан шығар, – дейді олар.
– Солай ма екен? – дейді бұл.
– Әрине. Екі көзі төрт боп келе жатқан шығар-ау, – 
дейді әлгілер.
– Енді шыда! Көбі кетіп, азы қалды ғой, – дейді тағы 
да солар.
– Иә, иә, аз-з қал-ды... Шынымен а-аз қалды ма? Неге 
кешікті? – деп, не сенерін, не сенбесін білмей сасқалақтап 
тағы да әлгі қасындағыларға қарайды. 
– Бұл кешіккен бе, баяғыда келіншектер ата-анасын 
жылдап күтетін... – деп, аузының ебі бар әлдебір абысын 
жоқтан жұбаныш табады.
– Ата-анаға ұзатқан қыз артынан келу оңай ма? Ана 
байқұстың қызына арнаған бір жасауы жетсе де, бір жа-
сауы жетпей ел жағалап жүгіргенін көрдік қой – деп, 
мына жақтан тағы бір абысын сөзге араласты.
Ақбала бұған иланды. Құрбы келіншектер арасында 
бір мезгіл көңілі жадырап, аппақ жүзі әншейіндегі нұрлы 
ажарын тауып, шынымен көңілденіп, құрбыласының 
әлде бір әзіліне сықылықтап күле түсті де, кенет кілт 
тыйыла қалды. Ел ішінде қайда бір күші тасып тұрған 
құдіреттілермен тайталасып, ұстасып жүретін әке мінезі 
есіне түсті де, тағы да тап бір қара суықтағы жапырақтай 
қалтырап кетті: «Жерге қарап қалмасам не қылсын». 
Ақбала өзін жұбатпақ болған жаңағы сөздердің біріне 
сенбеді. Баяғы кіп-кішкентай тұлымшағы селтиген 
кішкентай кезінен бастап өзі жақсы білетін қатал әкенің 
ақ кірпігі, қызыл көзі, қайсы бірде өз өзінен отырып 
осқырынып қалатын ызалы ащы мысқылы есіне түседі 
де, тағы да түсі демде бұзылып, дір-дір етіп қалтырап 
қоя береді:


402
«Құдай-ай, өзің қолда, қолдай гөр. Жерге қарап 
қалмасам қайтсін...»
Кенет бір дыбысты құлағы шалып:
– Біреу келді ғой. Солар... Солар болар – деп, асығыс 
түрегеліп, сыртқа жүгіріп шығып еді.
Үй іргесінен тұяғы сыртылдап өтіп бара жатқан 
сиыр екен. Ақбала тағы да жабырқап, бет-өңінің боя-
уы оңып сала берді. «Келмейтін шығар...» – деп ойлап, 
мұңайып тұрған үстіне қара сұр бәйбіше кіріп келді. Дәл 
бір Ақбаланың көңіліндегі күдігі мен қаупін білгендей 
жайқаңдап басып, жайраңдап келді де, Ақбалаға бүйірін 
беріп тоқтады. Екі бүйірін таянып алған.
– Ау, әлгі ауыл боп күткен құда-құдағиымыз қайда? 
Не хабар бар?
Ақбала қол-аяғы мұздап, сүлдерін шақ-шақ көтеріп 
тұр.
– Мынаның есі дұрыс па? Неге үндемейсің? Артынан 
әке-шешесі келе жатқан кісіге ұқсамайсың ғой?
Ақбала 
абдырап 
сасып 
тұрып, 
әлдеқалай 
күлімсірегенін өзі де аңдамай қалып еді.
– Есі дұрыс па?.. Әке-шеше қуанышы есін алғаннан 
сау ма? Күйеуің қайда?
– А-а?..
– Күйеуің қайда жүр?
– Күйеу?..
– Иә, күйеуің?
– Қа-қайдам...
– О несі тағы? Тоқал байдың бауыр етінен жаралмау-
шы ма еді? Жөнін саған айтпағанда кімге айтады...
– Айтқан жоқ. Бірақ... келіп қалар...
– Ие, жер жұтпас, келер. Ал, бірақ, сенің әке-шешең 
келмейтін болды.
Ақбала сәл қозғалса құлайтындай сезді. Көз 


403
алды теңселіп, табан асты шайқалып, үй, уық, кере-
ге – бәрі, бәрі пышырлап, түндік төбеден сыпырылып 
баратқандай. Қазір ғана қасында тұрған келіншектер де 
қапелімде қарасы үзіліп алыстап барады. Басы айналды. 
Көзін жұмғысы келді. Осы қазір бұның өзі де қарағаннан 
қарап тұрып дүниенің неге, неліктен теңселіп кеткеніне 
түсінбеді. Бәйбішенің неге дікектеп, жер тепсініп 
тұрғаны да санасына бірден жете қоймады.
– Тарқат мына дырдуды!
Ақбала дәрменсіз бір қимылмен қарсылық білдіргісі 
келіп еді, бірақ, әлденеге жүрегі дауаламай жасқаншақтап 
қала берді. Ақбаладан ештеңе шығара алмағасын адуын 
бәйбіше енді қаһарға мініп, әркімге бір айқайлап, қонақ 
күтіп отырған ауылдың бар әзірлігін быт-шыт қылды. 
Қонаққа соймақ боп босағаға байлап койған малдарды 
шешіп жіберді. Бұл күндері Ақбалаға қолқабыс беріп, 
қызметін істеген келіншектерді де қуалап, ауыл үстін 
лаң тигендей етті.
Сосын есін жия алмай тұрған Ақбалаға жайқаңдап 
келді де:
– Осы желіккенің жетер. Төбемізде тайраңдата 
беретін бұл балықшының аулы емес. Тыйыл енді, – деді.
Осы кезде бір топ кісі қатты даурығып кеп Алда-
берген софының үйінің алдына тоқтады. Ақбала мына 
әлденеге даурығып келген ашулы топқа еріксіз назар 
аударып еді, көп кісінің ішінен осыдан үш күн бұрын 
әкесіне жіберген ақи көз жігітті көрді. Бет-аузы қызыл 
ала қан. Басын ақ шүберекпен таңып алған.
– Қу шұнақ шалдың кімді қорлағаны, әй? Кімді 
басынғаны, ә? – деді Алдаберген софы аңырып.
Ақбала ішке кіруге ғана шамасы жетті. Сүлдері 
құрып, төсегіне жете алмай, жолда тұрған адалбақанға 
бойын сүйеп асыла кетті. Сүйткенше болмады, бұған 


404
көңілдес бір келіншек сырттан сүріне-қабына кірді:
– Мырза кеп аттан түсіп жатыр.
– Құдай-ай... Не пиғылымнан таптым...
– Қайтесің, шыда!..
Ақбала көз жасын күшпен іркіп тұр.
***
Жасағанберген сыртқа шықты. Басында құндыз бөрік. 
Иығында түлкі ішік. Елге келгеннен бергі әдет бойын-
ша ол бүгін де төсектен тұрған бойда үй сыртындағы ақ 
шоқалақтың басына шығып, біраз сейілдеп бой көтеріп 
қайтпақшы еді; бірақ, ызғырық, суық желден денесі 
тітіркеп кетті де, үлкен үйдің күншуақ бетін ықтап тұра 
қалды.
Қасына Тәңірберген келді.
– Жасанжан, бүгін қалайсың? Ұйқыңды қандырып 
тұрдың ба?
– Жақсымын, аға.
– Іншәлла, енді жаман болмассың. Туған жердің 
топырағы кісіге майдай жағады ғой. Көре қал, көп ұзамай 
етке шыға бастайсың.
Сырқат жігіт кіржің етті. Еш нәрсеге зауқы шаппай, 
өзінен өзі берекеті кетіп, жүдеп, кірбиетін де жүретін 
әлдеқашаңғы әдет. Тәңірберген түк сезбегендей жана-
рын алысқа тастап маңқиып тұр. Сұлу мұрты жілік май-
ын жаққандай күн астында жылтырайды. Сонау жақта 
ыңыранып, талып естіліп тұрған теңіз сарынына бір сәт 
құлағын түріп, тың тыңдап алды да, жүзін інісіне 
бұрды:
– Байқайсың ба, осы теңіз ашулы-ау! Өкіріп жатқанын 
көрдің бе? Мынау өксігі.
– Ища-а!
– Мезгілі ғой.


405
– Иә, әр нәрсенің өз мезгілі бар.
– Шай іштің бе?
– Жоқ... Неге екенін білмеймін, асқа тәбетім шаппай-
ды.
– Жүр, шайды бүгін бізден іш!
– Мақұл, болсын. Жүр... – деп, жас жігіт тез пейіл 
білдіріп, ағасының алдына түсе берді де, кенет тоқтап 
тұра қалды. – Осы... ауылда отын жағы қалай?
– Отын?
– Иә, отын...
– Оны қайтесің?
– Кеше... софы ағамның бәйбішесі сауыншы әйелге 
тезек бермей, шаңқылдап ұрысып жатқанын көріп едім.
– Сондай ұсақ-түйекке көңіл бөліп қайтесің?
– Күн суытты... Бейшаралар, тым құрыса, от жағып... 
үйлерін жылытып отырса...
Тәңірберген інісін ертіп ішке кірді. Төрге шығып 
бара жатып алдынан тік тұрып күтіп алған Ақбалаға 
ыңғай бермеді:
– Шайыңды әзірле!
Ақбаланың аяғы ауырлап қапты. Күйеуінің соңын ала 
кірген кісі басқа емес өз қайнысы болса да, кең көйлек 
астынан біліне бастаған қарнынан қымсынды ма, шай 
қамдап жүріп бойын жаза алмай қымсынып болды. Қара 
дақ секпіл шала бастаған аппақ жүзі мұңданып, кісі ал-
дында көзін төмен caп жүретін бопты. Күйеуі мен қайны 
алдына дастархан жайып, шай жасап, бәйбішеге бәрін 
әзірлеп берді де, өзі ас үйге шығып кетті.
Жас мырза жаңа көргендей Ақбалаға жалт қарады. 
Жұрт алдында өзін ұстай білетінін бұрын да байқаушы 
еді; осы жолы да аяғын әдеттегідей асықпай, ырғап басып 
жөнеліп бара жатқан Ақбаладан көзін айырмай жөнелтіп 
салды. Осы бейшараның жазығы не? Тәңірберген. Қиқар 


406
әкесі мен осы ауылды татуластырып делдал дәнекер 
болғысы келгені ме? Онысы аяғында өзіне кесір болды. 
Ақбаланы аяды. Кейде бұрынғы әдетпен қойнына кіріп 
барғысы кеп аңсары ауып тұрады. Ыстық құшаққа бір 
кірсе, е, оның аржағындағы еркектің жайын біледі де, 
босаңсып бара жатқанын байқап өзін дереу қатайып ала 
қояды.
Ақбала шығып кеткесін, кесеге жұққандай қызыл 
күрең шайды асықпай, баптап ішіп отырып:
– Жасанжан, осы сен кедейдің сойыл соғарысың. 
Бірге тусақ та, бізден гөрі ішің соларға бұрып тұрады – 
деп, мырза ойының ар жағын ашпай, інісіне күлімсірей 
қарады.
– Иә... айта бер!
– Кедейдің қызына үйленуге қалайсың? – деді де, 
көзінің қиығындағы әлгі жымысқы күлкі жылтыңдап 
інісін бағып қалды.
Жасағанберген бұны әлгі бір сөздің орайына қарай 
айтылған әзіл болар деп ойлап:
– Әйел алуға да қабілет керек екен нансаң, өз басым 
ауылға аң келсе қорада жатып үретін софы ағамның ала 
мойнақтары секілді, қызға қырсызбын – деп еді.
«Қуын көрдің бе? Қайда бұрып бара жатқанын қара!» 
– деді Тәңірберген ішінен.
– Мына балықшылар аулында бір Ләйлі бар, тек 
Мәжнүні болмай жүр.
– Тағы не пәле шығардыңыз, аға?
– Шырағым-ау, қатын алу, бала сүю пәле емес, құдай 
бұйрығы. Қалай туласаң да, соңыра сен де бір ноқтаны 
басыңа киерсің.
– Ну, к черту. Қойыңызшы!..
Тәңірберген ендігі әңгімені оңаша отырып сөйлескісі 
кеп, әйеліне:


407
– Дастарханды жина, – деп әмір етті.– Өзің де шыға 
тұр!
Бәйбіше күйеуімен тақымдасып қатар отырып шай 
құйып бергені болмаса, ол қазір үй ішінің шаруасы-
на араласпайтын. Ол ауыз үй жаққа дауыстады. Ешкім 
үндемеген соң қара сүр бәйбіше қаһарға мінді:
– Әй, керең болдың ба? Самауырды әкет!
Ішке Ақбала кірді. Самауырды көтергелі еңкейе беріп 
бәйбішенің құлағына аузын апарып:
– Басқа сөз таппадың ба? – деп еді.
– Адыра қал! Төркіні жоқ, тұл тоқал! Сені ме... сені 
енді төбеге ұрып отырып жұмсаймын, – деді бәйбіше.
Ақбала самауырды сыртқа ала жөнелді. Жасағанберген 
аяқ астынан ширығып, орнынан атып тұрды.
– Жас адамсыз, оқымасаңыз да қалаға барып та-
тар байларымен араласып жүресіз. Екі әйел... екі әйел 
алғаның ұят қой! Масқара ғой! – деп, бозғыл беті ду 
етіп, саусақтарының ұшы дірілдеп өңіріндегі түймелерін 
жұлқылап, тартқылай бастады. – Ну!.. Ну, настоящий 
феодал!
Қатты ашу кеудесін қысып, қып-қызыл боп булығып 
тоқтады. Осыдан кейін біразға дейін өзіне-өзі келе ал-
май, ақ торғын орамалмен маңдайын, бетін сүртіп үйді 
ерсі-қарсы кезіп кетті.
– Ей, шырағым, – деді Тәңірберген, – сөктің екен, 
бізге түсіндіріп сөк. Жасы үлкен кісіні сөгетін боқтық 
сөзге біздің тіліміз де кенде болмас.
– Үлкен... Үлкен... Ауыз ашса тек үлкендігін сәдеттеп 
шыға келеді. Кіші болғанша күшік бол дейтіні тағы бар. 
Мен бірақ... кхе, кхе... күшік бола алмаймын!
Жасағанберген күрк-күрк жөтеліп жүріп ішігін киді. 
Бөркін киді. Түрме белбеумен белін буды да, төр алдын-
да міз бақпай сазарып отырып қалған ағасына көз сал-


408
мастан сыртқа ата жөнелді. Есік алдында жатқан иттің 
аяғын басып кетті. Қыңсылап қалған итті қайырыла бере 
қамшымен тартып жіберді. Әлі де ашуы тарқамай, ызаға 
булыққан жігіттің ілелі арық жүзіне тарам-тарам қан 
жүгіре бастады. Дір-дір еткен қолымен жаңа ит ұрған 
қамшыны тобылғы сабынан қысып ұстады да, төңірегіне 
көз тастады. Төбеге кеп қалған шағырмақ күннің нұры 
жарқырап, жаз бойы мал жайылмаған қора маңының қау 
шөбі – теріскен, изен, жусан – ұзарып солып, күзгі жел 
астында дір-дір қағады.
Жас жігіт ағасымен екеуінің арасындағы әлгі бір 
түс шайысқан кикілжіңнен кейін ішке қайтып барғысы 
келмеді. Малай жігіт ерттеген атқа мініп, тазыларын 
ертіп жүріп кетті. Әуелі құм ішінен қоян іздеді. Онан 
ауыл сыртындағы қара адыр қатқақты ат тұяғымен та-
сырлатып жортып жүріп, бұйраттан түлкі қақты. Бірақ, 
аң қашпады. Жас жігіт те құлық қойып аң іздеп жүрген 
жоқ; күні бойы ерсоқты боп қалжыраған кезде Бел-
Аранның басына шықты. Бұрын Бел-Аранды мұншалық 
биік көрмейтін. Осы даладан нелер жылдар жел-құзы 
мүжіп тастаған кішігірім жапырық шың көретін. Басы-
на шыққанда кісі табаны жерден үзіліп, көкке бір-ақ 
көтеріліп кеткендей екен. Сол сәтте көз алдында жатқан 
осынау шетсіз-шексіз дала тіпті далиып, қол-аяғын со-
зып жібергендей болды. Жасағанберген үнсіз сарылған 
мылқау далаға енжар қарап тұрды да атын тебінді. Әлі 
де болса ауылға қайтқысы келмей, ақ арғымақты жалғыз 
аяқ ешкі ізге салып, шың қабағын қиялап, теңіз жағасына 
құлады. Күн суытқалы теңіз беті бұрынғыдан да қатты 
түтігіп, зәрлене қарауытып ыңыранып жатыр екен. Қатар 
алдында су кәдімгідей қоюланып, дөңбектей-дөңбектей 
ауыр толқындар ақырын лықсып түйлігеді. Мұз айналған 
жағалау, тіпті толқымай, құр кілкілдеп ақ қаймақтана ба-
стапты.


409
Жасағанберген бұған да ден қоймай, көз алдындағы-
ларды сырттай салғырт сезініп, бытпылдық шоқалақ 
арасымен атын ақырын бастырып келеді. Шоқалақтың 
бірі – үлкен, бірі – кіші. Бәрінің басына жыңғыл өскен.
Сырт жағынан біреудің:
– Уай, бұл қайсың? – деген даусы шықты. Жас жігіт 
ат басын іркіп тоқтай қалды. Жол жие гінде өзін тосып 
тұрған балықшы шалды көріп, жалма-жан аттан дома-
лап түсе қалды. Мөңке осы жігіттің ана жолы урядник 
тергеуінде шыр-пыр боп Кәленге ара түскенін ұмытқан 
жоқ еді.
– Шырағым, жасың кіші болғанмен, жолың үлкен. 
Құдай айдап ауыл үстіне кеп қалған екенсің, үйден дәм 
татып кет, – деді Мөңке.
Жас жігіт бұрын-соң балықшылар аулында болған 
жоқ-ты. Жерқазбалар оған көртышқан илеуіндей көрінді. 
Сол сезім ішке кіргесін де ойынан шықпады да, қол-
аяғын көсіле алмай, етек-жеңін жинап бір уыс боп отыр 
еді.
– Балам, осы күні патшаның өз басы да әңгімелі бо-
лып жатыр деген не? – деді Мөңке.
– Рас, ақсақал.
– Апыр-ай, ә! Біз... мына қара халық... жер басқан 
пендеде патшадан асқан мықты бар деп ойламаймыз ғой, 
жүдә. Көкте құдай, жерде патша деуші едік. Балам-ау, 
сонда патшамен жауласып жүрген қай мықты?
– Патшамен бе?
– Иә.
– Қалай десем екен? Бір сөзбен айтқанда, ақсақал, 
төңкеріс болды.
– Төңкеріс?.. Патшаны төңкеріп тастамақ па сонда?
– Иә, солай.
– Не қылса да олар да осал болмады ғой. Текті жер-
ден шыққан шығар?


410
– Жоқ, олар осы өзіңіздей кедейден шыққан кісілер.
– Солай ма? Е, онда патшаның да бағы қайта бастаған 
екен. Дұрыс қой. Дұрыс қой. «Мың асқанға бір тосқан»... 
Эхе-ее-е!..
Жасағанберген көп отырмай, қоштасып жүріп кетті. 
Жас жігіт балықшылар аулынан көңілсіз аттанды. Осы-
ларды түк білмейтін керең кісідей көретін. Осы даланың 
әне бір ініне шөп таситын сұр тышқаны сияқты бұл 
пақырлар да бір күн, екі күн емес, өмір бойы таңның атысы, 
күннің батысы көк теңізден су кешіп балық аулап қатын-
баласын асырағаннан басқа ой да, арман да жоқ шығар 
дейтін. Жоқ, әй... көрдің бе жаңағы шалды. Бұлардың 
да ұғымы өзгерген. Жер тәңірісі деп жүрген ақ патша-
ны ана жақта жағадан алып жатқан бір құдірет күштің 
барын бұлар екеш бұлар да сезіп, төңірекке құлағын 
тігіп елеңдесіп отыр. Бір ғажабы, соған қынжылған түрі 
жоқ. Қайта табалағандай ма, қалай? Иә, табалады. «Мың 
асқанға бір тосқан» деді-ау! Апыр-ай, бұл заманға не 
болды? Не боп барады! Жас жігіттің ат соққан денесі 
енді, тіпті, қатты титықтап, тас тиген жапалақтай ерге 
шөгіп қалды. Жаңа оның балықшы ауылдан жабырқау 
аттанғанын көрген кісілер әр саққа жүгіртті. Мәселен, 
Мөңке: «Бай мырзасы үйімізді қомсынды» деп ойла-
ды. Судыр Ахмет: «Іші-сыртын бірдей ғып тойдырып 
жөнелтпегесін қонақтың қабағы қайдан ашылсын» деп 
ойлады. Ал, Жасағанберген келерінде төңірегіне сұқтана 
қарап көз салып, кетерінде сүлеленіп, иығы түсіп бара 
жатқанын көргенде Қарақатын тіпті басқаша түйді. Ол 
балықтан үсті-басы малмандай су боп келген күйеуін де 
күтіп алмай, үй жағалап жүгіріп жүр:
– Не білгенің бар? Бай ауылдың мырзасы келіп 
кетті ғой. Балықшы ауыл атансақ та, құдайға шүкір, 
жұрттың азы мен тозы емеспіз. Бай ауылдың маңдай 


411
алды жігіттерін өзіміз аяқтандыруға қарадық. Ана жолы 
Тәңірберген Ақбаланы тоқалдыққа алса... енді оқыған 
мырзасын тағы біз аяқтандырғалы тұрмыз. Көрерсің 
де білерсің, әлгі жігіт біздің Айғаншамызды... ие, ие, 
аспандағы айымызды әкеткелі жүр.
– Оны қайдан білдің?
– Ай, ойбай-ай! Мен білмейтін жердің астында 
ғой. Жігіттің бетіне осылай бір қарадым да, бәрін біле 
қойдым. Қызды көрем деп көзі жылтыңдап келіп еді. Көре 
алмағасын, әне, әнекей... ұнжырғасы түсіп сүмірейіп 
кетіп барады. Ой, не қыласың?! Жас мырзаның сырты-
нан қарап тұрып, қыбым қанғаны сонша... өз санымды 
өзім үзіп-үзіп алдым!
Қарақатын келесі жолы әңгімені жаңағыдан да гөрі 
үдетті:
– Несін жасырайын?! Қазір Тәңірбергенмен арамыз 
жақын ғой. Аулына барғанда ол бізге Айғаншаны інісіне 
алып бергісі келетін ыңғайын танытып еді. Жастардың 
арасына жеңгелік ет деп еді. Оқыған жігіттің мына келісі 
тегін емес екенін білдім, бірақ жігіттің біздің үйге түспей, 
ана жаман Мөңкені сағалап келгеніне күйіп кеттім. Со-
сын, қызға жетіп бардым да, «ал, сорлы, үйден шықпа, – 
дедім. – Сені көрейін деп жігіт келіп отыр, бай ауылдың 
бағлан мырзасы, – дедім. – Бірақ сен де осал емессің, 
шошаңдамай отыр былай» – деп, қызды қозғалтпай 
қойған мен... мен ғой.
* * *
Мөңке мен Төлеу ау қарап қайтты. Екеуі де үнсіз. Екі-
үш күндікте қатқан көкше мұзды тайғанақтап сықыр-
сықыр басып келеді. Төлеу тіл қатқалы оқталса да бата 
алмады. Қарт балықшының қабағы қатыңқы. Еламан, 


412
Кәлен, Райдан айырылып сағы сынып жүргенде бұған 
тағы бір тосын пәле тап болды. Қай заманнан ыдыс-
аяқтары араласып отырған Доспен қазір дүрдараз. Қатар 
отырған екі үй бір-біріне қатынамай қалды.
Қарақатынның жайы белгілі. Бұл тұста Мөңке Досқа 
өкпелі. Басқаны қойғанда, ол шіркін ауыр өмірдің аза-
бын бірге көтерген қашаннан бергі кәрі дос емес пе?! 
Жер түбінен бірге жасасып келе жатқан тату-тәтті шағын 
бір ғана түс шайысудың тұсында қалай ұмытты?
Мөңке бұны тірі жанға тісінен шығармаса да, ішінен 
қатты қиналады. Қысқа қарай жалғыз кісіге мұз астынан 
балық аулау қиын болғасын Төлеуді серік қып қасына 
қосып алған-ды.
– Асымдықтан ауысқан балықты көршіңе берерсің, – 
деді Мөңке айырылысар жерде.
Төлеу үйіне бұрылды. Кенжекей есік алдында отыр 
еді, күйеуін күндесінен бұрын көрді. Күндесінен гөрі 
бұрынырақ түрегелсе де, сонан артыққа батылы жетпей, 
ысырылып кейін шегініп кетті.
Балжан жайшылықтағы суық қалпын бұзбай, орны-
нан ақырын түрегелді. Төлеудің су киімдерін шешіндіріп 
жатып:
– Көйлегің кірлеп кетіпті, шешіп бере ғой, жуып 
тастайын – деп, күндес әйелдің әдеттегі тіл тапқыш 
сиқырлығына бақты.
Кенжекейдің өңі сынық. Қазір оның балалары да 
бұйығы. Бұрынғыдай анасынан жоқты сұрап, жөнсіз 
қыңқылдамайды. Осы үй анасын шеттетіп жүргенін 
сезген бала күн санап реніш пен ызаны ішіне жиып, 
дықтанып өсіп келе жатқан-ды.
Кенжекейдің қазір күйеуіне әбден көңілі қалған. 
Күндіз үй ішінің күйбең-күйбең шаруасымен күн өткізсе 
де, түнемелікке қарай осы күнгі өзінің басындағы 


413
қорлық халге азарланып, ызаға булығып, жүрегі жарыла 
жаздап жатса да, дыбысын шығармай, жас сәбиін бауы-
рына қысып алады. Ол, әсіресе, өткен түні таң атқанша 
ұйықтай алмай, күйеуі мен күндесі жатқан жаққа 
құлағын тігіп, қасіретке уланып жатыр еді. Бір ыстық 
қол басынан сипап, үнсіз жақындай берді. Кенжекей дір 
етті. Бауырындағы баланы тастай салды да, түн жамы-
лып келген әлгі ыстық қолды шап беріп ұстай алды:
– Сен бе?
– Тсс. Ме-меее...
Қараңғыда жүзін көре алмады. Даусы да сыбырлап 
шығады: тек ыстық демі, тыныс алғаны бір түрлі. Ауа 
жетпей бара жатқандай танауы шуылдап келіншектің 
қойнына кірді. Ыстық демі әйел денесін өртеп барады. 
Төсек тарлық еткендей өз бойымен Кенжекейді іргеге 
ысырып, салған жерден қызылға түскен бүркіттей, ай-
шайға қаратпай тықсырып ала жөнелді. Басқа кезде, 
бәлкім, Кенжекей мына қимылдың сөлекеттігін білер еді. 
Осы жолы қу нәпсі бұның өзінің де құлқынын құртып ба-
ратты ма, сөніп қалған жалынды қайта тұтатып, қойнына 
кіріп келе жатқан еркекті құшақтай алды:
– Сенсің бе?
– Ииее... мее...
– Көз жасым саған да жеткен екен ғой...
– Иәәә... сееттіі... Ке-кееллдім... сееңесее...
Кенжекей шапшаң серпіліп іргеге тығыла қалды. Дір-
дір етеді. Қалау енді ай-шайға қарамады. Әлгіден кейін 
іле-шала қайта ұмтылып Кенжекейді құшақтамақ болып 
еді; Кенжекей қорғаныш іздегендей, ірге жағында жатқан 
кішкентай балаға жабысты. Қалау оған да тоқтамағасын 
күйік көтерген әйел ұятты қойып:
– Құдай-ау, – деп үйді басына көтере айқай салды. – 
Ендігі көрсетпегенің осы ма еді?! Бұл қай қорлығың?


414
Қалау тоқтар емес, арсыз өлермендікпен үнсіз 
ұмтылып, әйелдің аузын басып, қолын қайырмақ болып 
еді, Кенжекей оны дәл кеудеден түйіп жіберді.
– О, қара бет!.. Кет! Жо-ғал!
Қалау кереуеттен жерге дүрс етіп құлап түсті. Үй 
іші тастай қараңғы. Бір жан үндемеді. Төлеу де үнсіз. 
Кенжекейдің төсегінен не бары қол созымдай ғана 
жерде, кіші әйелдің қасында жатыр. Інісінің қылығын 
құптағандай тырп етпей жатқанына әйелдің жаны қатты 
қорланып еді. Тар төсектегі жаңағы алыста оянып кет-
кен жас балаға да бұрылмай, жастықты бауырына басып 
құшақтап алды да, өкіріп жылады.
Ертеңіне Айғанша жеңгесінің қасына кеп жатты. 
Осы күннен бастап Айғанша үйде отырғанда Кенже-
кейге бұлардың ешқайсысы көз алартпады. Бұл үйде 
Айғаншадан ықпайтын жалғыз Қалау. Ол бүгін тағы
да тосын ермек тапты. Төр алдында шалқасыған түсіп 
шалжайып жатып алды да, мұздай ошақтың алдында 
өзімен-өзі ойнап отырған Кенжекейдің үлкен бала-
сына:
– Әй, Өтес, пері кел! – деді.
Ағасының қолы батып қалған жеті жасар сары бала 
орнынан қозғала қоймап еді, Қалау жастықтан басын 
көтерді. Бірақ, тұрған жоқ; тек төсегінен құйрығымен 
сырғып түсті де, баланы бір жұлқып, жалп еткізді.
– Менімен пірге туғаның рас па?
– Р-рас.
– Онда сылама.
Өтеш жасын жұтып, дір-дір етіп тұр. Қалау енді оған:
– Күл! – деді ақырып.
Өтеш жас мөлтілдеген көзімен ағасына жалына 
қарады.
– Ой, күсік, күл дедім ғой саған.


415
Өтеш ыржиды. Қалау осы балаға не айтса соның 
бәрін істете алатынына ырза болғаны сонша, таңырайған 
қос танау шуылдап, ыржалақтап күле түсті де, тағы да 
түсін тез суытып:
– Сен осы кімнен тудың? – деп еді.
Қарт әжесі Өтешті «сүт кенжем» деп емшегінен ай-
ырып, өзінің бауырына басып еді. Өтеш Кенжекейден 
туғанын білсе де, өзінің бойындағы анаға деген ыстық 
сезімін сыртқа шығара алмай, үнемі ішінен булығып 
жүретін.
– Ой, салым! Үндемеуін қарас. Әсемнен тудым деп 
тек пер сағымен айтады.
Ызақор бала иегі кемсеңдеп, күшпен тежеген жас 
көзінде мөлтілдеп тұр. Қалау енді оның жер-жебіріне 
жетіп:
– Сен ана саман қатыннан тудың – деп, Кенжекейді 
көрсетіп еді, бала:
– Жоқ, жоқ, онан туғам жоқ, әжемнен тудым, әжемнен 
тудым – деп, азарда-безер болды.
Анадағы оқиғадан кейін Кенжекей назарын тіктеп 
қайнысының бетіне қараған емес-ті. Үй ішінде әлдеқалай 
кездесе қалса да, Кенжекей бетін бұрып, теріс айна-
лып кетіп жүрген. Сонан бері Қалау да жеңгесіне қатты 
өшігіп алып еді.
– Әсеңнен туғаның рас полса, мә, мына көсеуді ал! 
Ана саман қатынды ұр! Тек, аяма, қатты ұр! – деп, бала-
ны тағы бір пәлеге айдап салды.
Ағасы берген көсеуді Өтеш қос қолымен ұстауы 
ұстаса да, бірақ орнынан тырп етпей дір-дір етіп тұр.
– Ой, салым!.. Анаңды аяп тұрсың ба? – деп, Қалау 
баланы қайрай түсті. Бала рахымсыз қатал ағаның екі 
көзін айырмай бағып тұрғанын көрді.
– Ұр! Ұр! – деді Қалау.


416
Бала бықсып жанбай жатқан отты үрлеп жатқан 
Кенжекейді бара сала шыныменен аямай ұратындай 
жүгіріп барды. Бірақ дәл ұрар жерде қолы бармай, дір-
дір етіп тұрып қап еді, сол сәтте сырт жағынан:
– Ой, күсік, ұр! Ұр, – деген әмірді есітті.
Бала қолында көтеріп тұрған көсеуді қалай сілтеп 
қалғанын білмеді. Көйлекшең отырған Кенжекейдің 
қарына темір көсеудің тұмсығы қатты тиген-ді. Кенже-
кей көсеу тиген жерді қысып ұстады да, дем алмай оты-
рып қалды. Сонан бір кезде баласына бұрылып:
– Ай, Өтешжан-ай, саған не дейін... баласың ғой әлі! 
– деді ақырын, ашу-зілсіз, жәй ғана.
Өтеш көзіне жас құйылып тұрса да, жұрт алдын-
да жылай алмай, иегі дірілдеп, көгеріп қатты да қалды. 
Қалау мәз боп, санын шапаттап жатыр еді, ертеден бері 
Қалаудың істеп жатқан бүлігін үнсіз бағып отырған 
Төлеу орнынан атып тұрды. Бара сала інісін жағасынан 
жұлқып:
– Өй, ит!.. Тұр! – деп ақырып еді, Қалау ағасының 
қолын қағып жіберген бойы ең бір жанды жеріне қойып 
қалды.
Бала кезде Қалауды тай теуіп, бет сүйегі жарылып, 
сол арасы кейін тыртық боп біткен-ді. Тұяқтың орны 
қазір ырсиған тыртық. Әсіресе, ыржалақтап күлгенде 
бүтіл беті бір жағына қарай ырсия қисайып, ұсқыны 
қашып кететін-ді. Онсыз да өзінде құлақ жоқ. Мой-
ын жоқ. Бұзаушық сабындай басты бауырына үлкен 
ызғармен тартып, сүзеген тайынша бұқадай төбелеске 
әзір тұр екен. Төлеу бір кісіге дербес әлі келетін. Әсіресе, 
қара білек, бірме-бір төбелесте ешкімге дес бермейтін. 
Ол інісіне үлкен ызғармен ұмтыла берді де, тұра қалды. 
Анадай жерде ағаш төсекте жатқан ананың көзіне көзі 
түсіп еді. Анасы екі күннен бері тіл-жағы байланып, үй 
ішін көзімен жеп жатқан-ды.


417
– Тұра тұр, бала. Бұл үйде енді қай жеңгеніміз 
тұрамыз.
– Полсын. Оған да тұрам. 
Төлеу анасына барып еді. Қара кемпір онан көзін 
аударып, жүзін басқа жаққа бұрып әкетті. Бұл түрі: 
«Бар сенгенім сен едің. Сенен де түңілдім. Тым құрыса, 
анаңның бетін жапқанын күтсең нетті», – деп налып, 
көңілін ары салғандай.
Айғанша үйге жүгіріп кірді. Табалдырықтан аттай 
бере қара көзі жалт етіп анасы жатқан жаққа қарады. Со-
сын үй ішіндегі жандарға жылдам көз тастады да, ана-
сына жетіп барды. Төсегінің жанына тізерлеп отыра қап, 
анасының мұздап бара жатқан қолын ұстады.
– Апаа..
Кемпір қызының қолын ұстап ерніне апарды. Бұрын-
соң анасының мұншалық елжірек кезін көрмеген 
Айғанша үрейленіп кетті.
– Апа!.. Апа-еке!..
Кемпірдің әлсіз саусақтары ақырын жазылып, уысы 
босап баратты. Сол екен, көрпе астында жатқан ірі дене 
ышқына бір созылғандай, қол-аяғы қапелімде ұзарып 
кетті. Айғанша өкіріп жылап, анасын құшақтап үстіне 
құлады. Екі келіншек екі жерден дауыс салып, балалар 
үрпиісіп, үй іші әп-сәтте у-шу болды да кетті.
Дәл осы кезде есік ашылып, мойнына ат дорба 
салған сегіз-тоғыздағы бала басын ішке сұға түсті де, 
дереу кейін тартып алды. Осы қазір баланы итермелеп 
ішке кіргізіп жіберіп, өзі жалт беріп сыртта үюлі жатқан 
отынның ар жағында тығылып тұра қалған Судыр Ахмет 
тасадан дедектеп жүгіріп шықты:
– Не болды? Не боп қалды?
– Жылап жатыр.
– Кім?


418
– Бәрі... Бәрі жылап жатыр.
Судыр Ахмет үй жақтан шыққан тарғыл дауыстарға 
құлақ салып селтиіп тұрды да:
– Ә-ә-ә! – деп басын изеді, – кемпір әл үстінде жа-
тыр еді. Дұрыс... дұрыс! Иманы жолдас болсын... Жүр... 
Жүр, кеттік! Мына арадағы Әліби аулына барайық!
– Иттері қаппай ма?
– Қаппайды. Қасыңда мен жүргенде неден қорқасың?
– Қайыр-садақа бермесе қайтем?
– Тек, тек әрі! Басқа кезде бермегенмен, ауызашарда 
жұрттың қолы ашылып кетеді.
Биыл қораға кірерде Судыр Ахметтің жалғыз 
атын қасқыр жеген еді. Оның үстіне қарап жүрмей 
балықшылармен түс шайысып, әсіресе, апыр-ай... Апыр-
ай... жазған басым-ай, көтті жуан белден қысып, жөніме 
қарап жүрмей, қазіргідей абыржының тұсында үй іші 
қазан қайнататын үнем таппай, тарығып отырғанда 
ауыс-күйісі мол Мөңкені ренжітіп алғаны... Қап, қап, не 
қыласың?.. Бәрінен бұрын осы жағдай бұның жанына 
қатты батты. Дос үйірсектеп бауырына тартқанмен, бірақ 
сол қара пәледен не шықсын? Енді, міне... күнбе-күн 
қазан қайнатып отырған асымдық балықтан қағылып, 
бала-шағалы үй үйітіліп отыр. Кей күндері мұздай үйде 
бұратылып аш жататын боп жүрген-ді.
Басқа амал қалмағасын осы ел ораза ұстағалы Су-
дыр Ахмет үлкен баласына жарапазан айтқызып жүр. 
Жоғалып кеткен торы аттың жем дорбасын баланың мой-
нына салады. Сосын баланы қолынан жетелеп жүріп, аяқ 
жетер жердегі үйлерді аралатып шығады. Қабаған иті 
бар үйлерге қараңғы түскесін өзі ертіп апарады. Иттерді 
қақпа шекпеннің шалғайымен жасқап, тартыншақтап 
аяғын баспай тұрып алған баласы бар болғырға:
– Бар, бар! – деп ішке итермелейді. – Ұялма! Жара-


419
пазан айтқан сауап. Сауабы шаш етектен. Мойныңдағы 
бір парызыңнан құтыласың. Ойбай-ау, оразада айтқан 
жарапазанға қай мұсылман қуанбаушы еді?!
Бала беттемей, шегіншектей түседі. Жас болса да 
түйсігі бар бала ораза ұстағалы күні бойы нәр татпай, 
ауызашарға өзегі талып жеткен жұрт алдына келген асқа 
жаңа отыра бергенде сыртта ит үріп, іле-шала сықыр етіп 
есік ашылып, ар жағынан қылқиған мойнына ат дорба 
ілген қайдағы бір заржақтың келгенін қайдан ұнатсын?! 
Асқа жаңа ғана аузы тиген кісілер түсін бермей тыжыры-
на қалатынын бала байқап жүрген-ді.
– Әке-ау, бір жан қуанбайды. Мына сор маңдай 
қақылдап болды ғой... дорбасына қос уыс қара тары сал 
да шығарып жіберші дейді.
– Ә-ә, сүйдей ме?
– Сүйдейді.
– Десе дей берсін. Ал, сен олардың... дінсіз кәпірлердің 
сөзін тыңдама. Жарапазаныңды айт, садақасын ал. Со-
сын шық та жүре бер.
– Иә, қойшы...
– Қойы несі? Қаршадай болып алып өзің не қылған 
тілазарсың? Бет моншағың үзіліп кете ме? Қыз емессің 
ғой сен. Бар дегесін бар! Қалай бастау керек екенін 
ұмытқан жоқсың ба? «Бір келген он екі айда жарапа-
зан...»
Судыр Ахмет сыртта, отын тасасына тығылып тұр. 
Әкесіне жалтақ-жалтақ қараған бала кешкі от сәулесі 
терезе әйнегінен жылт еткен үйге қарай ықылассыз 
аяқ басады. Ақ пен қызыл арасында ауыз ашып жатқан 
кісілердің үстіне именшектей кіреді. Алдындағы асқа 
басы түсіп кеткен кісілерге назарын көтермей, есік 
алдында тілерсегі дірілдеп тұрып суыққа қарлыққан 
жіңішке дауыспен әлгінде әкесі үйреткендей: «Бір келген 


420
он екі айда жарапазан...» – деп, көзінде жас мөлтілдеп 
тұрып алғасын, қайсыбір рахымы түскен үй жүдеу бала-
ны аяп, қос уыс қара тары береді. Кей үй Қарақалпақтан 
қалашылар әкелген бір көзгелдек жүгеріні баланың 
мойнындағы дорбаға caп, бұлар құдай қалаған күні 
ат дорбаны толтырып қайтады. Ат дорбадан ауысқан 
бірдеңе болса Судыр Ахмет шекпеннің шалғайына са-
лып, әйеліне сырттан дауыстап, сүріне-қабына ішке 
кіреді:
– Уа, қатын... қайдасың? Ыдысыңды даярла!
Сыр мінез Бибіжамал бүгін олжалы қайтқандарын 
біліп, қазанға су құяды. От тамызады. Күні бойы терезесі 
қырауытып тұрған мұздай үйдің ошағында от маздап, аш 
кісілердің жүдеу жүзіне қан жүгіреді. Олжалы қайтқан 
күні Судыр Ахмет өзін тежемей, оңды-солды лепіріп, 
ара-арасында шықылықтап күліп, шалқып отырғаны.
– Қатын, тарықпа! Құдай қаласа, оразаның тұсында 
өзіңе қыстық азықты жиып берем. Тек ерте бастан 
күтініп, қаптарыңды әзірлей бер.
* * *
Ертеңгі шайдың дастарханы жиналғалы алдақашан. 
Енді түс те таяу. Сырттағы сықырлаған сары аязға 
қарамай, төбеге келіп қалған күн терезеге төніп, жайдақ 
бір бөлмені жадыратып жібергісі-ақ келіп тұр. Бірақ 
Сүйеу қарт зәрлі. Көз алабы қызыл. Ар жағында қандай 
да тұтай алмай, түтігіп тұрған ашу бар. Ертеңгі шайды 
ішкесін де орнынан қозғалмай, тіп-тік боп тура алдына 
қарап отыр. Ақ кірпікті анда-санда бір қағады.
Кемпір аз ғана малдың астын жайлап, енді түскі астың 
жабдығына кіріскелі жатыр еді; әлі күнге өздігінен оты-
ра алмайтын болғасын айналасын көрпемен мүйеттеп 


421
қойған кішкентай Әшім әжесін көре сала талпынып, 
қолын созып жылай бастады.
– Ой, заржақ!.. Даусын қарашы... Тұп-тура шекеңнен 
шығады. Аузына құм құйып қатыра қояр ма еді өзін, – 
деді Сүйеу кірпідей жиырылып.
Кісі баласы түгіл, өз балаларына еміреніп көрмеген-
ді. Балалардың ішіндегі кенжесі болғасын Ақбаланы 
кішкентай кезінде жақсы көрді. Онда да оңаша-оңашада 
қасына шақырып, бауырына қысатын да құшағын тез жа-
зып: «Бар! Бара ғой!» – деп қоя беретін. Тек кейде, сірә 
бір жаны елжіреп жақсы көргенде де бетінен сүймей, 
құр иіскелеп, көйлегінің омырауын уысына жиып, 
құшырланып, шайнап-шайнап тастаушы еді.
– 
Жұбат!.. 
Жұбат, 
ана 
жағына 
жылан 
жұмыртқалағырды!
Кемпір баланы қолына алды. Шалына көзінің 
қиығын да салмады. Кәрі көңіл қатты қалған. Ана-
да Тәңірбергеннің арнап жіберген кісісіне аса таяғын 
ала жүгіріп, сабап жатқанда бұл арашаламақ боп шыр-
шыр қағып еді, шал бұның өзін қоса сабады. Кемпір 
таяқ жесе де сол арада тілін тартқан жоқ. Ертеңгі күні 
Тәңірберген өшін Ақбаладан аларын ойлағанда қарт 
ана тіпті не болғанын білмей, ойбайлап шашын жұлған-
ды. Қазір бұларға көршілер де қатынамайды. Бұрынғы 
әдетпен жазатайым келе қалған кісілер шалдың түрінен 
жасқанып, темір істік ұшында отырғандай қипақтап-
сипақтап ізінше тез шығып кететін.
Кейінгі кезде салық көбейді. Халық бір салықтан 
құтылып «уһ» деп дем ала бергенде ояздан жаңа жарлық 
келеді де, старшындар, болыстар жаны қалмай, екі етегі 
далпылдап шаба жөнеледі. Жауыр аттай ығыр болған 
халық қыр басынан қара қылт етсе де, иманы ұшып: 
«ойбай, салық келе жатыр» деп, зар қағып қоя береді. 


422
Салық көбейіп, алудың аты көбейгелі халық бірін-біріне 
шатыстыра бастады. Ел іші кейін оның да әдісін тауып, 
салықтың әрқайсына ат қойып, түстеп-таңбалап алатын 
болды. Биыл қыс түскелі «ақ қой» салығы шықты. Үй 
басына он-он бестен жиған қойды қыс ішінде қалаға 
айдап апара алмайтын болғасын қан-жоса ғып сойды. 
Терісін сыпырып алған қойларды ақшұнақ аязда аппақ 
қып қатырып шанамен қалаға жөнелтіп жатқан-ды.
Түс кезінде Ебейсін кірді:
– Салаумалекум...
Қақ төрде отырған Сүйеу қарт оған сыртын беріп, 
иығындағы шапанның етегімен тізесін қымтап астына 
басып алды.
– Ақсақал, үй басы екі қойдан...
– Салық па? Ол қандай салық?
– «Ақ қой» салығы.
– «Ақ қойды» алып болған жоқ па едіңдер?
– Еселеп түсті.
– Сендерге бір жеген аз болды ма? Енді еселеп 
жейсіңдер ме? Жерсің!.. Жерсің!..
Ащы даусы қақпанға түскен күзендей шақылдап, әр 
сөзін ашумен, ызамен үзіп-үзіп айтты.
– Ал!.. Ал!.. Ақ қой аз болса қара қойды ал... Қоса 
ал!.. Қосақтап ал!.. – деді де, тыйылды. Енді қайтып 
үндемеді. Осы ашу келесі күні де тарқамай, қан-сөлсіз 
аппақ беті қатты жыбырлап отыр еді. Сыртқа күл төгуге 
бара жатқан кемпіріне «тоқта» дегендей, белгі берді. 
Қайырылып тұрған кемпірге көзін салмай, қырын қарап 
отырып:
– Келінге жолық... Қазір жолық... Жылы толды. 
Көңілінде қандай ойы бар екен?.. Біл! – деді.
Үсіп өлген Итжеместің әйелі артын күтіп әлі жесір 
отыр еді. Келінін абызынан шығарғысы келмеген Сүйеу 


423
өздеріне қараған жігіттердің ішінен ноқтаға толық 
біреудің етегінен ұстағанын тәуір көретін. Шалымен 
жанжалдаса бергісі келмеген кемпір Әшімді көтеріп 
келіншекке барды. Келіншек істеп жатқан шаруасын қоя 
салып, Әшімді қолына алды.
– Шырағым, мені атаң жіберді, – деді кемпір, – не 
ойы бар екен деп сөз салып отыр.
Келіншек бұны күтпеген еді. Бүйректей бұлтиған 
беті ду етіп, іш толқыны өртеген жүзін Әшімге тасала-
ды. Біраз үнсіз отырып, көз жасын сүртіп:
– Ерте ме, кеш пе, осы сөздің алдымды тосарын біліп 
едім. Мен не дейін? Енеке-ай, мен мұңдықтың қойным 
құтсыз болды ғой. Қайныңмен алты ай отасқанда бой-
ыма бір шала сүйектің бітпегенін айтсаңшы. Мына 
құсаған бір шаранам болса... – деді құшағындағы бала-
ны бауырына қысып, – байсырап бара жатқан мен жоқ. 
Қайныңның қара орнын құлатпай, ақ некемді осы оттың 
басында ақтап өтер едім ғой, – деп еді.
Қарт ана қосыла жылады. Жалғыз қыздың басындағы 
қасіретке жаны қиналған ана осы күні әбден көңілшек 
болып алған-ды. Басындағы жаулықтың шетімен аузын 
басып, дыбысын шығармай ішінен тынып біраз отырды. 
Мына уыздай жап-жас келіншекті аяды. Оның кешегі жа-
ман Итжеместі ұмыта алмай, арманы үздігіп жүргеніне 
таң қалды: «Еркектей емес, әйел байғұс жар қазасын 
ұзақ жоқтайды ғой. Еркек шіркіндер ғой опасыз. Көзі 
тіріде бақа бас еркектің алтын басты әйелді аяққа басып, 
үстінен жүріп, өлгесін де төсектегі орны суымай жатып, 
сұқақтап әйел іздейтінін қайтерсің бұлардың?..»
Шерін тарқатып жылап алған екі әйел етті үнсіз жеді. 
Үнсіз отырып шай ішті. Сонан бір кезде қарт ана Әшімді 
көтеріп кеткелі жатқанда келіншек:
– Сөз сала келген екенсіз... Сізден бүгіп қалғанның 


424
реті болмас, – деп қысылып, көзін төмен салып тоқтады 
– бір қайныңа көңілім ауады... Бірақ басы бос емес, әйелі, 
бес баласы бар.
Кемпір жақтырмады. Әйел үстіне барған Ақбаланың 
көрген күні есіне түсіп:
– Ай, қарағым-ай, жастықпен айтасың ғой. Әйтпесе, 
көңілің қалаған кісі қолыма тиді екен деп, басыңа сор жа-
мап қайтесің?! Бір еркекке телінген екі қатын бір аяқтан 
ас ішкен екі қаншық емес пе? Етегіңе оратылып жатқан 
балаң жоқ, өзіңдей соқа бас біреу табылар. Бұл ауылға 
айналма. Өзіңнің қор болмас жағыңды ойла! – деді де, 
шығып кетті.
Шалы қарт үйде екен. Үстіне кірген кемпіріне кірпік 
қақпай шаншыла қалды.
– Келіннің сыңайын байқадым, – деді кемпір.
– Иә, не деді?
– Бізге қарағаннан ешкімді қалап отырған жоқ.
Сүйеу осқырына мырс етті. Кемпір жесір келіншектің 
ендігі тағдыры осы кесір шалдың қолында екенін білді. 
Сүйеу үнсіз. Бір бүлікті бастардағы әдет. Соны білген 
кемпір:
– Сүйінші... Қызың ұл тауыпты! – деп, осыған дейін 
оны аяп, жасырып келген хабарды ашу үстінде айтып 
салды.
Сүйеу жалт қарады.
– Неге тесірейесің? Сенбесең бар, көр-шілерден 
сұра! Бұл жиен балаңның аты – Құдайберген көрінеді – 
деп, ақырындап отырып ащы тілін ызақор шалдың жан-
ды жеріне сұғып-сұғып алды.
– Не дейді?.. Не деп отыр мына найсап? – деп, Сүйеу 
кемпірінен көзін тайдыра берді. Осыдан кейін сүт 
пісірімдей үнсіз отырды да, бір кезде тағы да осқырына 
мырс етті:


425
– Құдайберген дейді? Бұл күшігі – Құдайберген... 
Әкесі – Тәңірберген. Ал!.. Ал, әне біреулері – Алдабер-
ген... Жасағанберген... Әй! Әй, Абыралы әулетін Құдай 
береді... Алла береді... Тәңір береді... Жасаған береді... 
Әй, сонда біздің балаларымызды кім берді екен? О несі 
әй? А? А?
Кемпір тысқа шықты. Сүйеу қарт әлгіден кейін тағы 
да ұзақ үндемей, ішінен булығып қалғандай еді. Кемпір 
кеткен бойда тез түрегелді. Қарды сықыр-сықыр басып 
ұзап бара жатқан кемпірдің аяғының дыбысына құлақ 
сап отырды да, бала жатқан кереуетке жетіп барды. 
Қызыл көз, теке сақал шалды көргенде бала дәл бір жы-
лан шаңқандай шар етті.
Сүйеу жиен немересін жылағанына қарамай, тас қып 
бауырына қысты. Қатты көңіл күрт сынып, құлап түсті. 
Ол енді өзін де, жасын да тежемей өкіріп жылады.
– Сорлы бала... Жетімек... Жетімегім...
* * *
Соның ертеңіне Есбол қария келді. Есбол бұл өңірге 
қарағанның үлкені. Және сирек көретін сыйлы кісі 
болғандықтан Сүйеу қарт оған ерекше ықылас білдіріп, 
сыртқа шығып күтіп алды.
– Кемпір, от жақ. Қазан көтер!
– Сүйеу қарағым, үй ішін әбігерлеп қайтесің? Кісі 
қартайған сайын барған үйінің қазанынан бұрын әуелі 
қабағына қарайды. Көңіліңді білем ғой.
– Көңіл қонақасы болмайды.
– Қой, қайтесің...
– Жоқ! Жоқ, тіліңді алмаймын. Және жаман інің 
қонаққа қазанын билетпейді, – деп еді. 
– Ой, сөзің бар болсын, – деді Ербол қарсыласқанның 
қажетсіз екенін біліп, шиқ-шиқ күліп.


426
Қолы ашық Сүйеу табан аузында бір тоқтысын 
сойғызып, жары етін қазанға салды. От жағып, қазан 
көтергенсін-ақ қонақ күткен үй көңілденіп сала берді.
– Есаға, ауыл-ел аман ба?
– Шүкір...
– Қыста қыдырмаушы едің. Қандай шаруа қозғады 
екен деп отырмын.
– Рас, кейінгі жылдары көршілеріме де қатынаудан 
қалып ем. Не сұрайсын, жапырағы түсіп, бұтағы сынып 
сида болған кәрі еменнен қуат қайтқан. Көз көрмейді... 
Сырқаттана беретін болдым.
– Е-е! Күлге шөккен кәрі бура болдық қой.
– Мендей емес, сен әлі шымырсың. Әрі жассың ғой. 
Екі қария осыдан кейін біразға дейін әркайсысы өз 
ойымен оңашаланып, алдарына келген шайды үнсіз ішті. 
Есбол қария Сүйеуге көз қиығын бірер тастады. Бұл осы 
жолы бастасына бір оқшау шаруамен келіп отыр еді. Бір 
ай бұрын Ақбала: «Әкемнің бетін жұмсартып берсін» – 
деп, бұған әдейі сөз салған-ды. Есбол Еламанға ең жақын 
туыс болса да, түптің түбін ойлаған жағдайда осы елдің 
сөзін ұстаған сыйлы қария және қаһары қатты қатыгез 
әкеге сөзі өтсе өтетін жалғыз адам осы болғасын, бұл 
Ақбаланың қиналғанда ойлап тапқан ақылы еді.
Есбол қария Сүйеудің көңілді отырғанын байқап: 
«Іншалла, жолым болар», – деп ойлады. Шай ішілді. 
Дастархан жиналды. Бастас кісілер екеуден екеу оңаша 
қалған бір кезде Есбол қария әдейі келген шаруасын 
тура айтпай, алыстан, арыдан орағытып келе жатыр еді, 
қызының атын есіткенде Сүйеу шаңқ етіп:
– Атама!.. Атама кәпірді!.. – деп, ақ кірпігін қағып-
қағып қалды.
– Ау, жарқыным, әлі де айтар сөзім бар, әуелі тындап 
алсаңшы.


427
– Жоқ!.. Жоқ!.. Тыңдамаймын.
– Қой, Сүйеу, сені де жөн демеймін. Олардың қолында 
қызың отырғасын жауың шақырса да баратын ретің ғой.
Ендігі әңгімеге Сүйеу тіпті құлақ аспай, қонағына 
сыртын беріп бұрылып отырды.
– Қартайсаң да қаттылығың бәз баяғысымен қарап тұр 
екен. Апыр-ай, жан тозса да, ит мінездің мұқамайтынын 
қайтерсің?.. Илігетін түрің жоқ. Соны білсем де, 
Ақбаланың мүшкіл халін есіткесін шыдай алмай келіп 
едім... Жә, амал қайсы, қойдым... Қойдым.
Майы таусылған жалпылдақ шамның жарығы 
әлсіреп, сәулесі түбіне түсіп тұр. Төрде отырған қонақтың 
сыртындағы жалғыз терезенің әйнегіне сабалап жауған 
қар қалыңдап түсе бастады. Үй іші жым-жырт. Сүйеу 
бармағына толтыра салған көк бұйра насыбайды екі та-
науына кезек тосып, күсілдетіп қатты-қатты тартады. 
Олар алдына келген асты да үнсіз жеді. Жаңағы әңгімеге 
екі жағы да енді қайтып оралмады.
Тек Сүйеудің кемпірі екі шалдың ұрысқан кісідей 
үнсіз отырғандарын ұнатпай:
– Інілеріңнен хабар бар ма? – деп қонағына тіл қатты.
– Шүкір, хат келді.
– Түрік жерінде соғысып жүр дей ме? Сол рас па?
– Рас.
– Алда пақырлар-ай! «Кебенек кигеннен түңілме» де-
ген. Бір күнгідей болмас, келіп қалар.
– Иә, тірі болғасын күдер үзбейсің ғой. «Қырық жыл 
қырғын болса да ажалды өледі...»
– Біз де баласын өсіріп жатырмыз.
Екі інісін еске алса Есбол қарияның көңілі бұзылып 
қоя беретін-ді. Еламаннан қалған жалғыз нәресте сөз 
болғанда қария тіпті солқылдап кетті.
Сүйеу кемпіріне жалт қарады:


428
– Бар!.. Бар! Сүйреңдей бермей сорпаңды әкел! 
Осыдан кейін әңгіме тыйылып, үй іші тағы да тым-
тырыс бола қалды. Ас-су ішілгесін Есбол қария күн 
кешкіріп қалғанына қарамастан жолға шыққалы жинала 
бастады. Жүрер алдында әлі де ашуы тарқамай, қырын 
қарап қырыстанып отырған Сүйеуге бұрылды:
– Айта кетейін, Тәңірберген де ерегіске басыпты. 
Сен иілмесең о да шарт сынатын сияқты.
– Сынсын!.. Күл-талқаны шықсын!
– Ақбаланы қоя беретін түрі бар.
Сүйеу осқырына мырс етті. Бірақ шіміріккен жоқ. 
Безеріп алған.
* * *
– Мырза, ауылға да келіп қалдық. Ана көрінген, 
жарықтық, Ақбауыр! – деп, аттың делбесін ұстап отырған 
ақи көз жігіт кенет айқайлап жіберді.
Жеңіл көк шанаға жеккен қос құла көшір жігіттің 
даусына елең етіп, құлағын тіге-тіге қалды. Қос 
құла мырзаның қыс айында, дәл осындай ұзақ жолға 
шыққанда мінетін мықты аттар. Теңіз жағасы мен 
Шалқар қаласының арасында қыс бойы сарнап жататын 
кіреші жолын кеше қар басып салған екен. Ала-бөле кеше 
Аяққұмды кесіп өтіп, теңізге жақындаған сайын қысқы 
жол қиындай түсті. Аттар ара-тұра сүрлеуден шығып, 
күресін қарға ұрынып омбылап қала берді. Үш күндік 
жол адамға да, аттарға да ауыр соқты. Әсіресе, тері 
алынбаған тоқ аттар өз денесін өзі ауырлап барлығып 
қалды.
Ілгері жақтан үрген иттің даусы шықты. Ауылдың 
қарасы көріне қоймаса да, ит даусын есіткен аттар енді 
тіпті ықыластанып, аяғын ширақ алып сыдырта жөнелді. 
Бұл шақта тықыр түгі тегіс терлеп, буланып алған. Коз-
лода отырған жігіт көбіне қос құланың тас төбесінде 


429
шаншылған құлағын, дір-дір еткен жалын, төңкерген 
қазандай жалпақ сауырын жоғарыдан көріп келеді. 
«Басқа малдай емес, жануар, жылқы ауылды адамдай 
сезеді-ау! Ана қарашы, қамшы салғызбай бірден желіп 
кеткенін» деп ойлап, ақи көз жігіт ат мінезіне сүйсініп 
қояды.
Енді тіпті аз қалды. Ілгергі жақтан көрінген, әнебір 
қыраңға шықса, арғы жағында бай ауылдың қыстауы тиіп 
тұр. Күні ұзын мал жайымен жүрген малай қатындар, 
құдай біледі, қазір қолы босап, қазанға ас салып, мазда-
тып от жағып, үй ішін көңірсітіп қойған болар. Ауылға 
келген бойда бұл қос құланы қораға кіргізіп, жылы жа-
булап қаңтарып тастайды. Сосын қолы босайды. Со-
сын... Сонан соң... Сонан соң, ой, несін айтасың, үш 
күнгі жол азабын ұмытып, мырзамен бірге жылы, жарық 
үйде сүр еттің иісімен демалып отыратынын ойлап, 
ақи көз жігіт әлден көңілдене бастады. Ән салғысы кеп 
кетті. Ән салуға қасындағы екеуден қаймықты. Әсіресе, 
Тәңірбергеннен көбірек қаймығады. Тәңірберген қасына 
ерген қарашаларын бойына онша жақын тартпай, үйде 
де, түзде де белгілі бір мөлшерде ұстап отыратын. Өзге 
кісілермен өзінің арасына әрқашан шекара қойып, ар 
жақ-бер жақ қып ұстайтын тәртібі қатты жігіт еді. Ол 
тек осындай жолға шыққанда шұғыл өзгеріп, тап жаңа... 
жаңа ғана қыз қойнынан шыққандай, көңілі жадырап, 
әзілшіл, әңгімешіл боп, салт жүрсе жол бойы ауық-
ауық жарысып-жарысып алатын-ды. Осы жолы... Иә, 
осы жолы не болғанын қайдам, шанасына өлік салып 
әкеле жатқандай. Жұмған аузын ашпады. Кейде шанадан 
түсіп қалған жоқ па деп ойлап, ақи көз артына бұрылып 
қарайды. Бұл қанша қараса да Тәңірберген де, Ебейсін 
де басы бауырына түсіп келе жатады. Жеңіл шана сіреу 
қарды төс темірмен сыр-сыр тіліп, ағызып келеді. Ауық-


430
ауық шана қар астында көміліп жатқан әлдебірдеңеге 
бауырын соғып, шайқалып кеткенде қатар отырған екеу 
қосыла шайқалып, иықтарының басы қағысып қалады. 
Екеуі де сүлесоқ. «Ауылға келіп қалдық», – деген бұның 
жаңағы қуанышты даусына да селт етпеді. Әсіресе, тері-
терсек жиятын жігіттің түкпен ісі жоқ. Қабағы салбы-
рап, қалың беті қабарып меңіреуленіп алыпты. «Енеңді 
с... , – деді ақи көз ішінен, – шен тимеске шен тиюін! 
Алды-артыңнан жел ызғып, күні бойы қоқырайып козло-
да отырсаң, сонда көрер едім сенің әуселеңді».
Аттар кеме қарды әлі де күтірлетіп, омбылап келеді.
– Ойпырым-ай, қыстың репеті қандай жаман?! – деді 
ақи көз жігіт.
Тәңірберген бұған да үндемеді. Шалқардан шыққалы 
әлденеге іштей қиналып келеді. Себебін ойлап таба 
алмаған жігіт: «Ебейсінмен тағы да түс шайысып 
қалмады ма екен?» деп ойлады. Әнебір тұста да бұлар түс 
шайысып, бірақ, кейін, әсіресе, кешегі «ақ қой салығы» 
тұсында қайта табысқан-ды. Енді не болуы мүмкін? 
Апыр-ай, ә?.. Әрине, тегін емес. Қалай да бұларға жолға 
шығарда бір пәле көрінді. Қалада ұзағырақ жүріп қалған 
мырза ауылды сағынып, қаладан қашып шыққандай боп 
еді. Жолға шығатын күні бұны таң қараңғысынан оятты. 
Бұл атып тұрып аттарды даярлап, мырза да асығыс-үсігіс 
оны-мұныларын жинап жатқан үстіне сүріне-қабына та-
тар байы келді. Иә, иә, бар пәле содан болды. Есіктен 
кірер жерде сүрініп кетті. Өзінде түс жоқ, өң жоқ. Бұған 
жақтырмай бір қарады да, мырзаның құлағына бірдеңені 
сыбырлады. Сосын қос қолымен басын қысып ұстай 
алды да: 
– И-и, енді бәрі құрыды! Құрыды! – деп зарлап, өзі 
тұрған жерге отыра кетті. 
– Қой, рас па?... – деді мырза түсі бұзылып. 


431
– Рас! Рас, – деді де, қолын сілкілеп шығып кетті. 
Мырза сілейіп тұрып қалды. Әлгінің шығып кеткенін 
сезбеген сияқты. Жолға кигелі тұрған иініндегі қасқыр 
ішік иығынан сыпырлып түсіп кеткен. Ақи көз жігіт оған 
назарын тіктеп қарауға бата алмады.
– Ммыр-за...
– А?
– Жолға...
– Ааа?.. Иә, иә, жолға. Кеттік!
Мырза есін жия алмай, өң мен түстей халде шанаға 
отырды. Жолға шығарда татар байдың не дегені белгісіз. 
Не де болса, жан түршігетін сұмдық. Ақи көз жігіт 
сол сұмдықтың ішіне қалай сыйып келе жатқанына 
таңданып, жол бойы оқта-текте артына бұрылып мырзаға 
қарап қояды. Мырза үнсіз. Жоғары көтеріп алған қасқыр 
ішіктің жағасына басы кіріп кеткен. Жол бойы қонған, 
түстенген ауылдардың қолға қарап қалған малдары 
қысқа дайындаған аз ғана шөпті әлден жеп қойғанын 
көрсе де, оның бәрі қаперіне кіріп те шыққан жоқ-ты. 
Тек ауылдың төбесі көрінгенде басын көтеріп:
– Апыр-ай, жағдай қиындап кетті-ау, – деді. Бұны 
да өзіне, әлде қасындағыларға айтқаны белгісіз, – түбі 
қалай болар екен? Тақырға отырып қалмасақ не қылсын?
– Тақырға мықтап отырған шығармыз, – деді Ебейсін. 
Тәңірберген «не дейсің?» дегендей оған тіксіне қарады.
– Патшаң құласа – тақырға отырмағанда қайтеді?! – 
деді Ебейсін.
Тәңірберген мойнын бұрып, Ебейсінге таңдана 
қарады. «Темірке бұған да айтқан болды ғой» деді ішінен. 
Ақи көз жігіт мырзадан қай үйге түсеміз деп 
сұрамады. Анадағы Сүйеу қарттың жанжалынан кейін 
мырзаның көңілі Ақбалаға қатты суыған-ды.
– Бәйбіше, шүйінші. Мырза келді, – деді ақи көз жігіт. 


432
– Төсек сал! Қасымда кісі бар, – деді мырза.
– Мынау ма? Ой, құдай шебер-ай, кісі деп қомпитқанға 
қаладан біреу еріп келген екен десем... Ебейсін бе еді?
Ебейсін бойын жеңілдеп төрге шығам дегенше, 
қалашы келген үй қапелімде кісіге толып кетті.
– Ебейсін қарағым, әңгімеңді айта отыр. Қалаңда 
қандай жаңалық бар?
– Тыныштық.
– Ау, кірешілер қалада бүлік шығып жатыр дейді ғой.
– Сүйдесе, ендеше солардікі дұрыс шығар.
– Базарда не арзан, не қымбат?
– Ақпатша қалай екен?
– Патша аман. Мені сұраған жанға сәлем айт деп жа-
тыр...
Жұрт ду күлді.
– Ебейсін қарағым, соғыс бітетін бе?
– Е, бітіріп қайтесің?
– Шырағым-ау, соғыстың салмағы бізге түсіп тұрған 
жоқ па? Азаматымызды қозыдай көгендеп әкетті. Алым-
салығы да үстінен жонып жеп отырған мал-тегенемізден 
ада ғып барады. Осының бәрі соғыстың лаңы емес пе?
Ебейсін мыналардың ендігі сөзіне құлақ асқан жоқ. 
Осы жолы бұл Тәңірбергенге қатты ренжіп қайтты. Тегін 
олжаны жақсы көреді. Сонан келе пайда түсетін жерде 
беттің арын белге түйіп, білек сыбанып кірісіп кетудің 
орнына әлдебір кір, ласқа үстін былғап алатындай, сырт 
айналып шыға келеді. Небір жан алып, жан беретін 
жағаласта қала саудагерлерінің қақпақылына бұны сала-
ды да, өзі қырағы көзін сырттан салып бақылап жүргені. 
– Мырза, інің төсек тартып жатқалы біраз болды. 
Кіріп шықпайсың ба? – деді бәйбіше үй оңашаланғасын 
күйеуінің қасына кеп.
Тәңірберген үндемеді. Казір ол інісімен қырғи 


433
қабақ. Анада бұл Кәленнің қолынан қаза тапқан болыс 
ағасының әйеліне үйленіп, өз ағасының орнын құлатпай, 
өз алдына дербес үй ғып қойғысы келетінін айтқанда 
Жасағанберген бұлан-талан боп:
– Не деген масқара. Қазақ байында қатын алудан басқа 
қасиет қалмаған ба? – деп, толы көптің алдында ағасын 
тілдеп тастаған-ды. Бұл: «Ендеше, өз обалың өзіңе. Саған 
қор қылғанша, қырдан көшіп келген жайнаңкөз қыздың 
да қызығын өзім көрейін» деп, ішінен қатты байламға 
келген-ді. Бұл бірақ Айғаншаны үйіне кіргізіп алуға 
асықпады. Әуелі орын босатып алу керек деп ойлады 
да, Шалқардан келе сала Ақбалаға қысымды күшейтті. 
Ақбаланың баурындағы баласы көптен бері әл үстінде 
жатқанын естісе де, басын сұққан жоқ.
Ақбала күйеуіне кісі салып:
– Жазығым жоқ еді ғой. Сыртқа тебетін не жөні 
бар?.. – деп, наз білдіріп еді. Бұны есіткенде мырза мырс 
етіп күліпті. «Мені қалай кінәлайды?» – депті. «Соған 
бола мен ағайын, тумалардың қарсы болғанына қарамай, 
әкесіне кісі жіберіп, аяғына жығылмадым ба? Кісімді 
қызыл ала қан ғып сабады. Құрметімді тәркі етті. Әкесіне 
қадірі болмағасын басқаға ренжіп қайтеді?» – деп, қатты 
бетінен қайтпай, безеріп отырып алыпты.
Сонан бері басына қара күн туған Ақбала өз күйігіне 
өзі өртеніп, жан адамның көзіне көрінбей, үйіне тығылып 
алды. Баласы ауырғалы тіпті зәре жоқ. Баладан айырыл-
са бай ауылдың бұны бір күн ұстамасын білді де, ендігі 
тірлігінің жалғыз талшығына жармасып, күйіп-жанып 
жатқан баланың асты-үстіне түсіп бәйек боп жүр. Ерніне 
су тамызады. Қайта-қайта емізеді. Бірақ бала ембей, 
кішкентай қылқанақ тісімен емшегінің ұшын қырқып 
тастады.
Сәскеде Тәңірберген келді. Ол бірақ балаға жуымай, 


434
кекірейіп алыстан көз салып тұр еді. Ақбала оның бар-
жоғын сезбегендей баланың астын құрғата берді. 
– Әй, балаң қалай? – деді Тәңірберген.
– Мен әулиеге түнеп тапқам жоқ. Бұл сенің де балаң... 
– деді Ақбала.
– Сөздің үлкені сенде болды ғой. Ие, ал?..
– Шіреніп не ғып тұрсың? Балаңды көрмейсің бе?
– Иә, тағы не айтасың?
– Тоқалдан туса да, сенің балаң емес пе еді?
– Ал, сонан?..
– Алы сол – деп, Ақбала тап қазір, тап осы арада 
айта қоймайтын ашулы сөздің аузынан қалай шығып 
кеткенін байқамай қалды. Баланың астын құрғатып, 
бесікке бөлегесін ғана бойын тіктеді. Әлі де бір орыннан 
тапжылмай, кекірейіп тұрған мырзаға бұ да енді ыза-
лы жас дірілдеген шаралы көзі жасқанбай, тура қарады. 
Тәңірберген бұны күтпеген еді. Ызалы Ақбаланың 
ашынғанда тап осы кәзіргідей бетінен оты шыққан
өжет те өктем кезін көрген жоқ-ты. «Әлгі... қызыл көз 
шақар шалдың қызы ғой» деді ішінен. Әлгінде кетіп 
қалмағанына өкінді.
Долылық буған Ақбала:
– Мен... мен осы үйдің пендесімін бе? Саған некелі 
қатынмын ба? Әл-де... – деп, аз бөгеліп, ақырғы сөзін 
алқымына таяп тұр.
Тәңірберген шімірікпеді. Миығынан күліп тұр. 
Ақбала шошып кетті. Сарқылып айтқан жаңағы сөз де, 
көзіндегі жас та жүрегін жібітпеді.
Енді сәл кідіргенде Ақбала сүлдері құрып, бала жатқан 
бесікке асылып жылап жібергелі тұр еді. Тәңірберген:
– Ал... сосын? – деп, отқа итергендей өшіктіре түсті. 
Ақбала бірден жасын тыйып алды. Өңінде жаңағы 
жасқаншақ ажардан із де қалмаған. Тәңірбергенге 
жиіркенішпен қарады.


435
– Әлде... әлде, басым ашық жан болсам, маған 
ұлықсат бер!
– Ой, айналайын, рұқсат! Бар, жөніңді тап!
Ақбала дәл бұны күтпеген еді. Қапелімде не дерін 
білмей тұрып қалды. Тәңірберген шығып кетті. Осыдан 
кейін ол ешқайда шыққан жоқ. Бәйбішенің үйіне ба-
рып жатып алды да, Ақбалаға тентек, сотқар жігіттерді 
бірінен кейін бірін жұмсап, қырына қатты алды. Ауру 
баланың тәуір болғанына қаратпай, қуып шығатын түрі 
байқалды.
Ақбала қарсыласпады. Ұрысқан да, кінәласқан да 
жоқ. Жалынып жалбарынған да жоқ. Басына түскен 
іске белін бекем буып, тас түйін боп алды. Тәңірберген 
келіп кеткеннен кейін ас та бермеді. Екі күн нәр татпаған 
әйелді астан бұрын, шөл қинап құмандағы сумен аузын 
шая берді.
Түнемелікке қарай баланың қызуы көтерілді. Өрелі 
түнді көзімен атырған Ақбала таң алдында бесікке 
асылып қалғып кеткен еді, сол бойда шошып оянды. 
Бауырындағы баланы әлдекімнен қорғап, «бермеймін... 
бермеймін...» – деп айқайлап оянды. Білтесін басып 
қойған аспалы шамның әлсіз сәулесі дірілдеп, қара 
көлеңкелеп тұрған абажадай үлкен бөлмеге үрейлене 
қарады.
Кейін бәйбіше жұмсаған қатындар келіп қолынан 
баланы алмақ болғанда да, Ақбала қарсыласпай, тек 
сасқалақтап абыржып: «Қазір, қазір... баланы емізіп...» 
– деп, омырауындағы түймелерді тартқылай бастады. 
Бәйбіше жіберген әлгі қатындардың ішіндегі мосқал 
әйел:
– Шырағым-ау, баланы қайтесің, онан да өз басыңның 
қор болмау жағын ойламайсың ба?! – деген еді.
Бәйбіше ішке жайқаңдап кіріп келді. Кірген бой-


436
да бірден Ақбалаға, сосын әлгі қатындарға қарады. 
Үстіндегі өрттей қызыл атлас көйлек күн сәулесімен 
құбылып жалт-жұлт етеді.
– Киімдеріңді ал. Алдыңда салулы төсек, салқын үй 
тұрған жоқ, – деді ол Ақбалаға.
Ақбала есітпеді ме, әлде есіте тұрса да елемеді ме, 
екі құрсақ көтергеннен кейін де әлі сол баяғы қыз кездегі 
сымбаты қаз қалпында қарап тұрған сұлу бойын қасақана 
тап мына күндесі алдында ақырын қозғап жөнеліп бара 
жатты. Бәйбіше сыртынан қарап тұрып ернін шығарды.
– Адыра қал... тастанды!
Жас бала анасына қолын созып, талпынып жылай ба-
стап еді, бәйбіше:
– Өй, көрдемше... – деп, баланы жерден көтеріп 
алып жатып қолын батырып мытып алып еді, бала шар 
етті. Есікке барып қалған Ақбала жалт қарады. Балаға 
тағының тырнағы тигендей, жанұшыра жүгіріп келді де, 
бәйбішенің қолынан жұлып алды.
– Мына сайқал қайтеді, әй?
– Баламнан аулақ!..
– О, сорлы!.. Бала ма саған?! Әй, қатындар, неғып 
тұрсыңдар.
– Жақындамаңдар! Бермеймін, бермеймін баламды.
Бәйбіше сыртқа шығып кетіп еді, кідірмей қайта 
кірді. Қасында еңгезердей екі жігіт.
– Әуселеңді енді көрейін. Баланы тартып алыңдар! 
Бәйбішеге еріп келген әлгі екеу Ақбаланы екі 
жағынан тырп еткізбей ұстап тұра қалды. Бәйбіше 
жайқаңдап келді де, Ақбаланың қолынан сырқат баланы 
шырылдатып жұлып алды.
– Жауыз-да-р-р!..
Екі жігіт Ақбаланың қолын артына қайырып ұстады 
да, сыртқа алып шықты. Екеуі де үнсіз. Сол үн-түнсіз 


437
күйі ауыл сыртына әудем жерге апарды да, ақырын, бірақ 
бет бақтырмайтын қатал үнмен:
– Жеңеше, енді тыныштықпен ың-шыңсыз жөніңді 
тап! – деді.
Күн бүркеу. Көктен қадау-қадау қар түсіп тұр. Кеш-
ке қарай жауатын түрі бар. Бірақ Ақбала қазір оны сезіп 
те, байқап жатқан жоқ; жаңағылардың қалай кеткенін де 
білген жоқ-ты. Ауылдан ұзай бергенде түйе мінген бір 
бала артынан қуып жетті:
– Жеңеше, апарып тастайын.
Ақбала ләм-мим демей, жөніне тарта берді. Бала 
түйесін тайрақтатып Ақбаланың о жағына бір, бұ жағына 
бір шығып, түк бітіре алмағасын алдына өңгерген бір 
бума нәрсені жерге тастай салды.
– Киімдерің.
Ақбала қалың қарды омбылап, бет алған жаққа 
қарасы ұзап кетіп бара жатты.
* * *
Патша тақтан құлаған хабар қазақ даласына тез 
тарады. Қыс айында кісі аяғы жете қоймайтын алыс 
ауылдарға да осы хабар дүңкілдеп естіліп жатты. Со-
нан бері талай уақыт өтсе де, ел іші дауыл соғып өткен 
теңіздей дабырасы басылмады. Күн санап жаңалық хабар 
үйден үйге, елден елге тарап, жұрт «енді не болар екен?» 
деп елеңдесіп отыр еді. Қаладан келген кірешілер: «Ел 
билігін уақытша үкімет қолына алыпты», – деп, тағы бір 
тосын хабар жеткізді. Бір үкімет дұрыстап билей алмай-
тын болғасын ендігі жерде елді қос үкімет билейтін боп-
ты деген қауесет те гу-гу. Ел іші тыныштығынан айыры-
лып, елеңдеп отырғанда бір күні кешегі жылы приемға 
алынған қазақ жігіттері елге қайта бастады деген сы-


438
быс шықты. Сол күні ақ пен қызыл арасында қаладан 
Тәңірбергеннің кірешілері келді. Ауыл адамдары жина-
лып қалды. Кірешілердің ішке кіріп бой жылытып алай-
ын дегеніне қарамастан тұс-тұстан сұрақты жаудырып 
жатыр:
– Уақытша үкімет қалай?
– Іншалла, патшадан жаман болмас.
– Әй, патша жұмысына алынған жігіттер елдеріне 
кайта бастады деген не?
– Сондай сөз бар...
– Келген адамдар жоқ па?
– Бірлі-жарым келіп жатыр деп есіттік.
– Апыр-ай, мынау бір жақсылық екен! 
Қуанышты халық үйден-үйге кіріп, түннің бір 
уақытына дейін жатпай гу-гулесіп, ду-дуласып, бұл 
күндері әр кім әр түрлі топшылаулар айтып жатты...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет