ҚОРЫТЫНДЫ
Шаншуға арналған дəрілік түрлерді жетілдіру. Шаншуға арналған
дəрілік түрлерді жетілдіру оларға қойылатын талаптарға сəйкес
барлық бағыттарда жүргізіледі:
- бұл - приборларды, аппараттарды, кіші механикалық құралдарын
енгізу: дистилляторлар, шаншуға арналған суды жинағыштар,
өлшегіштер, араластырғыштар, фильтрлеу аппараттары, шаншуға
арналған ерітінділердің сапасын бақылауға арналған қондырғылар
жəне т.б.;
- тұрақтандырғыштар ассортиментін көбейту;
- жаңа физика-химиялық талдау əдістерін енгізу;
жаңа орамдау жəне тығындау материалдарын енгізу.
Препараттың тұрақтылығына əсер ететін негізгі проблемаларды
кешенді шешу, жоғары сапалы тұрақты шаншуға арналған
ерітінділерді алуға мүмкіндік береді.