Изотондық концентрацияны
криоскопиялық əдіспен (Рауль заңы
бойынша) есептеу
Изотондық концентрацияны криоскопиялық əдіспен есептеу,
изотонды ерітінділердің қату
температурасының депрессиясы(төмендеуі), қан сарысуының депрессиясына тең болуына
негізделген. Қан сарысуының депрессиясы 0,52 0С тең. Есептеу үшін дəрілік заттардың 1%
ерітінділерінің депрессиясының констанциясын білу қажет. Изотондық ерітіндінің қажетті
концентрациясын төмендегі пропорция арқылы табуға болады:
Изотондық концентрацияны есептеудің бұл тəсілі изотондық ерітінділердің бірдей
температурада қатуына негізделген, қарапайым дəл жəне қолайлы əдіс,
бірақ ол депрессия
константы белгілі дəрілік заттарға ғана қолданылуы мүмкін. Дəрілік препараттардың
ерітінділерінің қату нүктесінің депрессия мəндері 20 кесте берілген.1% ерітіндінің депрессиясын
біле отырып, дəрілік заттардың кез келген көлемі үшін изотондық концентрацияны келесі
теңдеумен анықтауға болады:
мұндағы: m – зат мөлшері, г;
V –
ерітінді көлемі, мл;
t – 1% ерітіндінің депрессиясы;
Плазма алмастырғыш ерітінділер (физиологиялық, қан
алмастырушы, есенгіреуге қарсы) шаншуға арналған ерітінділер.
Физиологиялық жəне қан алмастырушы, шокқа
қарсы ерітінділер шаншуға арналған
ерітінділердің ішіндегі ең күрделі тобына жатады.
Еріген заттардың
құрамы бойынша клеткалар
мен мүшелердің өмір сүру қабілетін бір қалыпта
ұстап, ағзадағы физиологиялық тепе-теңдікті
өзгертпейтін ерітінділерді физиологиялық
ерітінділер деп айтады. Қасиеті бойынша адам
қанының
плазмасына максималды жақын
ерітінділер қан алмастырушы ерітінділер
(сұйықтықтар) немесе қан алмастырғыштар деп
аталады.
Физиологиялық ерітінділер жəне қан
алмастырғыштар изотонды, ерітіндінің
осмостық
қысымы ағза сұйықтықтарының
осмостық қысымына тең болады; изоионды,
яғни қан сарысуына сəйкес мөлшерде немесе
қатынаста калий хлориді,
натрий хлориді,
кальций хлориді жəне магний хлориді
тұздарының болуы. Кальций ионы жалпы дем
беруші, калий ионы кезеген нервке жəне
сонымен бірге жүрек бұлшық еттеріне
қоздырғыш əсер көрсетіп, жүрек
жұмысын
тежейді. Магний ионы қуыстық отауларда аса
қажет болатын, ішек перстальтикасын
шақырады. Плазма алмастырғыш ерітінділер
құрамына натрий, калий, кальций, магний
иондарының
комплексі, қан плазмасына
сəйкес қатынаста кіреді изогидрлі, яғни
ерітіндінің рН мəні қан плазмасының рН мəніне
тең (қан рН = 7,36) жəне бір қалыпта болуы
керек.
Қанда бұл тұрақтылық табиғи буферлер -
карбонатты жəне фосфатты, ақ уызды
жүйелер арқылы бірқалыпта ұсталып
тұрады. Қан плазмасының табиғи
жүйелері сутекті жəне гидроксильді
иондарды тығыз ұстап тұрады, сондықтан
ортаның рН - мəнін өзгерту оңай емес.
Сонымен қатар бұл ерітінділердің белгілі
иондық күші болуы керек, ол ерітіндегі
заттардың қасиеттеріне (қышқыл немесе
сілті) байланысты. Ерітінділердің иондық
күші дəрілік заттардың қаннан ұлпаға
сіңірілуіне əсер етеді.
Ер т нд лерд ң
Ерітінділердің тұтқырлығы дəрілік заттардың ағзадан босап шығу
жылдамдығына əсер етеді. Ағзаға енгізілетін ерітінділердің тұтқырлығы
қан тұтқырлығына сəйкес келуі керек. Кəдімгі қан алмастырғыштардың
кемшілігі: олардың əсері қысқа жəне шамамен 2 сағаттан кейін ерітінді
ағзадан шығады. Нəтижесінде қандағы сұйықтық күрт төмен түсіп,
артериялық қысым төмендейді.Ерітінділердің тұтқырлығын арттыру
мақсатында адам қанын, гетерогенді ақуыз, өсімдік шикізатынан алынған
жоғары молекулалы қосылыстар, синтетикалық жоғары молекулалы
полимерлер қосылады.Бұл талаптарға тұзды - сулы жəне сілтілі -
қышқылды ерітінділер жауап береді, сондықтан олар көп мөлшерде
(тəулігіне 1,5 - 2 л) енгізіледі.Осыған байланысты физиологиялық
ерітінділерді, қан алмастырғыштарды дайындаған кезде, олардың
құрамына ұқсас реттегіштер қосылады. Бұл ерітінділерге барлық басқа
шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптар: стерильділік,
тұрақтылық, апирогендік, механикалық қоспадан тазалығы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: