Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


қа бағдар: Рухани жаңғыру



Pdf көрінісі
бет213/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   219
қа бағдар: Рухани жаңғыру
деген тарихи еңбегінде айқындап берді. 
Халқымыздың санасын асқақтатып, рухын көкке көтеретін осы ұлы 
жолды әр азамат өзінің өмірлік мұраты деп қабылдауы қажет.
3. Білім байлығына рухани байлығы жарасқан ұлы тұлғалар отан-
дық тарихымызда болған, бола да береді. Экологиялық мәдениеті биік 
сондай тұлғалардың тарихи көш басында адамзаттың екінші ұстазы
қазақ топырағының ұлы перзенті Әбу Насыр әл-Фараби мен әйгілі физик,
Нобель сыйлығының лауреаты А.Д. Сахаров тұр.
Әл-Фараби бұдан 1100 жылдай бұрын талай ғасыр ұрпақтарына 
қолдан түспес оқулық болған көптеген кітаптар жазды. Солардың 
ішін-де «Физиканың кейбір принциптері туралы», «Вакуум жайын-
да», «Химия өнеріне қажеттілік туралы», «Адам (денесі) мүшелері 
хақында«, «Ақылдылық негіздері», «Философтардың сұрақтарына жау-


293
ПРОЕКТ
ап» сияқты ғылыми-жаратылыстанымдық трактаттары, «Қайырлы қала 
тұрғындарының көзқарасы» деген еңбегі рухани азбаушылыққа арна-
лып, адамгершілік парасаттың биік белестеріне жетелейді. Ол: «Білім 
мен тәрбие жас ұрпақтың қос қанаты, тәрбиесіз білім адамзатқа қасірет 
әкеледі», – деп ескертті. Біз ұлы гуманисттің: «Бақытқа кенелу үшін 
халықтар бір-бі-ріне көмектесетін болса, онда барша Жер қайырымды-
лық мекеніне айналады», – деген өміршең өсиетін есте сақтап, Қазақстан-
ның мемлекеттік саясатының алтын арқауына айналғанын мақтан етуі-
міз қажет.
Сутек бомбасының «атасы» оның қазақ даласындағы жарылы-
сын көріп, адамға да, табиғатқа да өлшеусіз апат әкелетінін сезінген 
А.Д. Сахаров өмірінің соңғы жылдарын қоғамдық сананы тазартуға
экологиялық ахуалды түзеуге арнады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Жасыл желек – жасыл ел» баста-
масы да белгілі қоғам қайраткерлері құрған «Семей – Невада», «Табиғат» 
бірлестіктері де еліміздегі экологиялық жағдай мен қоғамдық сананы
рухани жаңартуға бағытталған. Міне, осындай күрескерлердің арқасын-
да қоғамдық сана түзеліп, табиғи орта да, әлеуметтік орта да сауығу 
жолына түседі. Экологиялық зардаптардың көзін тауып, себеп-салдарын 
ашып, оларды үнемі сауықтырып отыру – қазақстандықтардың алдында 
тұрған зор міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет