1.Параллакстық ығысу құбылысының мәні неде?
2. ІІараллакс тәсілін қолданып, алыстағы денеге дейінгі қашықтықты
қалай анықтауға болады?
3. Шырақтың көкжиектік параллаксы дегеніміз не?
4. Жұлдыздың жылдық параллаксы дегеніміз не?
5. Жылдық параллакс тәсілі арқылы жұлдызға дейінгі қашықтық қалай
анықталады?
6. Планетаға дейінгі қашықтық пен көріну бұрышы белгілі болса, оның
диаметрін қалай анықтауға болады?
1. Жер радиусының өлшемі (
R ⊕
= 6378 км) және Ай параллаксының мәнін
біле отырып, Ай радиусын есептеп шығарыңдар.
2. Күн мен Айдың бұрыштық өлшемдерін бірдей деп есептеп, олардың
көкжиектік параллакстарын біле отырып (8,8
′′
және 57
′
), Күн радиусы
Ай радиусынан неше есе үлкен екенін есептеп шығарыңдар.
3. Сатурн сақиналары 1,3 · 10
9
км қашықтықтан 40
′′
бұрыш-пен көрінсе,
олардың сызықтық диаметрі қанша болғаны?
4. Күннің бұрыштық диаметрі 32
′
, сызықтық диаметрі Жердікінен 109 есе
үлкен. Диаметрі Жер диаметріне тең планета бізге қандай қашықтықтан
осындай бұрышпен көрінер еді?
5. Марстың Жерге мейлінше жақын орналасуы кезіндегі (
r = 5,6 · 10
7
км)
бұрыштық диаметрі 25
′′
. Оның сызықтық диаметрі қандай?
6. Жұлдыздың жылдық параллаксы 0,5
′′
. Бұл жұлдыз бізден Күнмен са-
лыстырғанда неше есе алыс қашықтықта орналасқан?
7. Альтаир жұлдызының параллаксы 0,12
′′
. Осы жұлдыздарға дейінгі қа-
шықтықты парсек, жарық жылы, астрономиялық бірлік және километр
мәнінде анықтаңдар.
Сұрақтар ? Жаттығу 2.5