Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет85/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

9.3.
 
СИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС 
ІСТЕУ ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ 
Синхронды 
қозғалтқыштың 
синхронды 
генератордың 
конструкциясымен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары 
жоқ 
Басқаша 
əрекет 
ететін 
электр 
қозғалтқыштарымен 
салыстырғанда (асинхронды жəне 
коллекторлық) синхронды қозғалтқыштардың ерекшелігі — 
олардың механикалық сипаттамасы мүлдем қатты, яғни синхронды 
қозғалтқыштың білігіндегі жүктеу моменті рұқсат етілген шектерде 
өзгерген жағдайда оның айналу жиілігі синхронды жиілікке л

өзгеріссіз тең болып қалады. 
Синхронды қозғалтқыштың негізгі айырмашылығы - іске қосу 
тəсілі. Синхронды қозғалтқыш оның статор орамдарын қуат көзіне 
жалғаған кезде іске қосу моментін дамытпайды, себебі ротор өзінің 
инерттілігінен лезде статордың магнит өрісінің айналу жиілігіне тең 
айналу жиілігіне жете алмайды, ол бір мезгілде статор орамдары 
желіге қосылған кезде орнатылады. Сондықтан қозған ротордың 
полюстері мен статордың айналмалы өрісі арасында синхронды 
айналдыру моментін түзетін тұрақты магнит байланысы 
туындайды. 
Синхронды қозғалтқышты іске қосу үшін роторды алдын ала 
статор өрісінің айналу жиілігіне жақын жиілікпен айналдыру қажет. 
Осы жағдайларда статор өрісі айналып жатқан ротордың 
полюстеріне қатысты баяу қозғалатыны соншалықты, қозу орамын 
қуат көзіне жалғаған кезде 
статордың айналмалы өрісінің роторының 
полюстері 
арасында 
магнит 
байланыс 
туындайды, ол синхронды электр магниттік 
моменттің туындауын қамтамасыз етеді. Осы 
моменттің 
əсерінен 
ротор 
синхронзимге 
тартылады, яғни синхронды жиілікпен айнала 
бастайды. 
Синхронды қозғалтқышты іске қосудың 
бірнеше тəсілдері бар, бірақ асинхронды тəсіл 
практикада кеңінен қолданылады. Оны жүзеге 
асыру үшін ротордың полюсті ұштықтарының 
саңылауларында 
9.3
-сурет. 
Синхронды қозғалтқыштың асинхронды іске 
қосылуы:
И1, И2 
— қозу орамдарының қысқыштары; 
SA 
— 
ауыстырып қосқыш; 

— белсенді кедергісі бар резистор 


143 
қысқа тұйықталған ротордың орамына ұқсатып жасалған қысқа 
тұйықталған іске қосу орамының өзектерін орналастырады. Әдетте 
осы орамның өзектерін жезден, мыстан жасайды жəне екі жағынан 
мыс сақиналармен тұйықтайды. 
Синхронды қозғалтқышты іске қосу үшін қозу орамын ҚО 
резисторға 

тұйықтайды (9.3-сурет), статор орамының үш фазалы 
желісіне қосады. Статордың айналмалы өрісі іске қосу орамының 
өзектерінде ЭҚК индукциялайды жəне осы өзектерде тоқ 
туындайды. Осындай тоқтардың статордың айналмалы өрісімен 
өзара 
əрекеттесу 
нəтижесінде 
ротордың 
əрбір 
өзегіне 
электромагниттік күш Р
эм 
əсер етеді. Осындай күштердің жиынтығы 
роторда асинхронды момент М
а 
түзеді, оның əсерінен ротор статор 
өрісімен бағыттас айнала бастайды. Роторды синхронды айналу 
жиілігіне жақын жиілікпен айналдырған соң қозу орамын ҚО 
тұрақты тоқ көзіне жалғайды. Қозғалтқыш қозады (ротордың 
полюстері магниттеледі), статор өрісі мен ротор полюстері
арасында тұрақты магнит байланысы туындайды, ол синхронды 
электромагниттік байланыс түзеді жəне қозғалтқыш синхронизмге 
тартыла бастайды, яғни ротор айналып жатқан магнит өрісімен 
бірге синхронды айнала бастайды. Бұл ретте ротордың іске қосу 
орамында ЭҚК түзілмейді, сондықтан асинхронды момент М
а
= 0. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет