141
өнеркəсіптік жиілікті айнымалы тоқ (50 Гц) алу үшін
гидрогенераторда полюстер саны үлкен роторды пайдаланады.
Гидрогенераторлар роторларының конструкциясы анық полюсті,
əрбір полюс өзектен 1, полюсті ұштықтан
2
жəне
полюсті
катушкадан
3
тұратын жеке торап түрінде орындалады (9.2, а-
сурет). Ротордың барлық полюстері жиекке
4
бекітілген, ол
полюстер ағындары тұйықталатын машинаның магнит жүйесінің
мойынтұрығы болып табылады. Гидрогенераторлар əдетте тік
орналасқан біліктен жасалады.
Б у т у р б и н а с ы үлкен айналу жиілігімен жұмыс істейді,
сондықтан ол айналдыратын генератор
турбогенератор
деп
аталады жəне жылдам жүрісті синхронды машина болып табылады.
Осындай генератордың роторларын не екі полюсті (н
1
= = 3000
айн/мин), не төрт полюсті (н
1
= 1 500 айн/мин) етіп жасайды.
Турбогенератордың жұмысы барысында
оның роторына елеулі
центрден тепкіш күштер əсер етеді. Сондықтан механикалық
беріктік шарттары бойынша турбогенераторларда анық емес
полюсті ротор қолданылады, оның түрі
қозу орамдарына арналған
бойлық саңылау бетінде профрезерленген ұзынша болат цилиндр
түрінде жасалады (9.2, б-сурет). Анық емес полюсті ротордың
өзегін сағағы (білік ұштары) бар тұтас болат соғылма түрінде
немесе құрастырма етіп жасайды. Анық емес полюсті ротордың
қозу
орамы оның бетінің
2
/
3
бөлігін (периметрі бойынша) ғана
қамтиды. Бетінің қалған
1
/
3
бөлігі полюстер түзеді. Ротор орамының
беткі бөліктерін бұзылудан қорғау үшін центрден тепкіш күш
əсерінен роторды екі жақтан əдетте магнитті емес болаттан
жасалатын болат шентемір сақиналармен (каппалармен) жабады.
Қарастырылған синхронды генераторлар — гидрогенераторлар
жəне турбогенераторлар — елеулі қуатымен (30 бастап 1200 МВ • А
дейін) жəне шығысында жоғары кернеумен (30 кВ дейін)
сипатталады. Бұл генераторлар əдетте Ресейдің бірыңғай
энергетикалық жүйесіне қосылған
ірі электр станцияларында
қолданылады.
Сонымен қатар іштен жану қозғалтқыштары - кішігірім елді
мекендерді жəне өнеркəсіптік орталықтардан алшақ орналасқан
кəсіпорындарды, уақытша өнеркəсіптік қондырғыларды жəне т.б.
автономды электрмен қамтамасыз ету агрегаттары кеңінен
қолданылады. Бұл агрегаттар əрі стационар, əрі жылжымалы болуы
мүмкін. Осындай агрегаттарда жетекті қозғалтқыштың негізгі түрі
дизельді
қозғалтқыштар болып табылады, ал агрегаттың қуаты
азырақ болса, бензинді қозғалтқыштарды пайдалану мүмкін.