4.3. білім алушы қызметінің нəтижелері туралы уақтылы ақпарат алуға.
4.4. Орындаушының қызмет түрлерін таңдауға.
4.5. осы Шартта жəне заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға.
9. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР) 1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін,
егер бұл Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мəн - жайлардың
нəтижесінде Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мəн- жайларының салдары
болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары деп: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей құбылыстар, індет,
соғыс немесе əскери іс-қимылдар, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе Басқару органдарының
шешімдері түсініледі.
3. Осындай мəн-жайлар туындаған кезде олардың əсерін бастан кешіретін Тарап күнтізбелік 3
(үш) күн ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
4. Еңсерілмес күш мəн-жайларына сілтеме жасайтын Тарап екінші Тарапқа осы мəн-жайлардың
болуын куəландыратын жəне мүмкіндігінше, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін
орындау мүмкіндігіне олардың əсерін бағалауды беретін ресми құжаттарды ұсынуға тиіс.
Жалпығамəлім сипаттағы еңсерілмес күш мəн-жайлары дəлелдеуді талап етпейді.
5. Егер еңсерілмес күш мəн - жайларының əсеріне ұшыраған тарап осы мəн - жайлардың болуын
куəландыратын, Шартпен регламенттелген құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны Шарт
бойынша
міндеттемелерді
орындамағаны
немесе
тиісінше
орындамағаны
үшін
жауапкершіліктен босататын негіз сияқты мəн-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.
6. Еңсерілмейтін күш жағдайларда Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі
осы мəн-жайлар мен олардың салдарлары əрекет ететін уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі.
Егер еңсерілмес күштің туындаған мəн-жайлары жəне олардың салдарлары 1 (бір) айдан астам
əрекет етуді жалғастырса, Тараптар Шартты орындаудың қолайлы балама тəсілдерін айқындау
үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмес күш мəн-
жайлары туындаған сəттен бастап орындаудың мүмкін болмауымен (ақшалай міндеттемелерді
қоспағанда) тоқтатылады.