2. Ақпараттық технология – ақпаратты жинауды, жасауды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді,
іздеуді, шығаруды, көшіруді, беруді жəне таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге
біріктірілген
əдістердің,
өндірістік
процестердің
жəне
бағдарламалық-техникалық
құралдардыңжиынтығы;
3. Келуші – онда тіркелу немесе тапсырысты орналастыру мақсатынсыз, Сайтқа/ Платформаға
кірген тұлға;
4. Білім алушы – Орындаушының ақпараттық қызметтерін тікелей алатын жеке тұлға.
5. Тапсырыс беруші – Орындаушының Шартына қол қойған тұлға, яғни білім алушы немесе
білім алушының заңды өкілі, ата-анасы;
6. Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Шарттың талаптарына сəйкес ауызша/ жазбаша немесе
мессенджер арқылы ресімделген Қызметтерді көрсетуге арналған тапсырмасы;
7. Тараптар –Шарттың Тараптары бірлесіп Орындаушы, сондай-ақ Тапсырыс беруші мен Білім
алушы (егер ол Тапсырыс беруші болмаса);
8. Дербес деректер – Шартпен регламенттелген, белгілі бір жеке тұлғаға қатысты, электрондық,
қағаз жəне (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мəліметтер;
9. Дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-əрекеттер;
10. Дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға,
пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға жəне жоюға бағытталған іс-əрекеттер;
11. Үшінші тұлғалар – қазіргі уақытта да, болашақта да Орындаушымен Тапсырыс берушінің
дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі мəн-жайлар немесе құқықтық
қатынастар бойынша байланысты тұлғалар.
12. Куратор – Білім алушыларға курстарда оқуға көмектесетін маман. Үй тапсырмасын
қадағалайды, сұрақтарға жауап береді, ұйымдастыру мəселелерін шешеді жəне оқу процесінде
қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ Тапсырыс берушінің/ білім алушылардың сабақтарға
деген мотивациясының төмендегенін көтермелейді, оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі
(телефон қоңырауларын соғады, сабақтарға рұқсат береді, чаттар жасайды), Тапсырыс
берушілерден/ білім алушылардан кері байланыс жинайды. Куратор қызметтерін Орындаушы
бонустық қызметтер түрінде ұсынады, олар Орындаушының қызметтеріне кірмейді.