Нанды тасымалдау және сақтау
. Нан өнімдерін сөре, контейнерлермен
жабдықталған арнайы көлікпен тасымалдайды. Сауда желілерінде нан
өнімдерінің кебуі, қатуы және микробиологиялық бұзылу мүмкіндігінен қысқа
уақыт сақтайды. Қарабидай нанын – 36 сағат, бидай және қарабидай – бидай
нанын 24 сағат, майда дара бұйымдарды 16 сағат сақтайды.
Нан сақтауға арналған бөлме таза, құрғақ, желдетілетін болу керек.
Нанды 18-20ºC температурада (6ºС төмен болмау керек), 75 % аспайтын
салыстырмалы ауа ылғалдығында сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ашытқыға сипаттама
2.
Ашытқы өндірудегі технологиялық процестер
3.
Нан өндірісінде қамырды дайындаудың қанша әдісі бар және оларға
сипаттама бер
4.
Нан өндіру технологиясы
5.
Нанның сапасына қойылатын талаптар
6.
Нанның химиялық құрамы
7.
Нан ақаулары
8.
Нан аурулары
9.
Нанды тасымалдау және сақтау