Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет134/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті бұзады, адамдардың оған сенбеушілігін таратады. 
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның демократиялық, моральдық- этикалық қауіп төндіретін, 
аса күрделі проблемалардың бірі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi Қылмыстық кодекспен (бұдан 
әрі - ҚК) көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін 
қылмыстық 
жауапкершілікке 
тартылады. 
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен 
артықшылықтарды алған жағдайда, мынадай қылмыстар
сыбайлас жемқорлық 
қылмыстарға 
жатады: 
-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адамдар 
жасаған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, егер оларды 
өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 189-бабының үшінші бөлігі г) 
тармағы); 
-мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам 
жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса (ҚК 190-
бабының үшінші бөлігі г) тармағы); 
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам 
жасаған жалған кәсіпкерлік, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жа-
саса (ҚК 215-бабының екінші бөлігі в) тармағы); 
-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған 
заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру, егер оларды 
өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 218-бабының үшінші бөлігі а) 
тармағы); 
-мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған 
экономикалық контрабанда, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса 
(ҚК 234-бабының үшінші бөлігі а) тармағы); 
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған 
теңестірілген адам жасаған рейдерлік, егер ол оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса 
(ҚК 249-бабының үшінші бөлігі б) тармағы); 
-қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану (ҚК 361-бабы); 
-өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа 
адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған билiктi не қызметтiк 
өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК 362-бабының төртінші бөлігі в) тармағы); 
-кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚК 364-бабы); 
-заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау (ҚК 365-бабы); 
-пара алу (ҚК 366-бабы). Сонымен қатар, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк 
көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған 
теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк 
пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала 
уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып 
табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет