Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет32/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі 
залал келтірмей беліне алмайды. Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе 
және теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады. Себебі олар халықаралық 
дәстүр мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат 
саналатын объектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттіқ тіркеуден міндетті түрде өтуі 
тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де 
жатады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа затпен (басты) 
ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп аталады. Жалпы ережеге сәйкес 
қосалқы зат басты заттың зандық тағдырына әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы затқа 
мысалдар келтірейік: құлып пен кілт, есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сату-сатып 
алу жөнінде шарт жасасаңыз, онда оған үйді есігімен, құлпымен, соңдай-ақ кілтімен 
сатылады. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат ережелеріне бағынады. Сатушы есіктің 
құлпын алып қойса, онда сатып алушы оны орнына қоюды талап етуге құқылы. Кей 
жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарт бойынша қосалқы 
затты басты заттан бөлуге мәмілеге келе алады. 
Азаматтық кодекс азаматтық құқық объектілерінің тізіміне жануарларды да қосады, 
оған мүлік жөніндегі жалпы ереже қолданылады. Кұкыкты жүзеге асыру кезінде 
жануарлармен ізгілік принциптеріне кайшы келетін қатал да аямаушылык әрекеттердін 
орын алуына жол бермейді. Мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды 
кажетсінеді.
Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ кұнды қағаздар жатады. Әдетте 
акша тектес белгілерімен аныкталған зат болып табылады. Тек оның көрініске 
қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазақстанның барлық аумағында теңге заңды төлем 
кұралы болып есептеледі. Шетелдік валютамен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте 
жүзеге асады. Валюта құндылығына кымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар, 
шетелдік валюта, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады. 
Олармен келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазакстан Рес-
публикасының «Валюталык, реттеу туралы» заңымен жүзеге асады. Бірак, валюталық 
кұндылықка меншік кұкығы басқа мүліктер тәрізді жалпы негізде қорғалады. 
Құнды қағаз дегеніміз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтап отырып, 
кайсыбір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткенде ғана 
құқьіқты іске асырауын кұжат болып табылады. Демек құнды қағаз жоғалса, онымен 
жасалған мүліктік құқык та қоса жойылады. Қүнды қағаз осы ерекшеліктерімен қарыз 
алғанда берілетін колхат есебінде әрекетке түседі. Оның соңғысы мүліктік талапты 
куәландыруға кызмет етсе, ал оны жоғалту ондай талапты қоюда басқа куәларды алға 
тартуға кедергі жасамайды. Құнды қағаз өзінде керсетілгеніндей, мүліктік құқықты 
айғақтайтын бірден бір кұжат болып есептеледі. Ол белгіленген және міңдетті өлшемдерді 
(реквизитті) сақтай отырып жасалады. Құнды қағаздарды бір тұлғадан екіншісіне беруге 
болады. Бұл орайда кұнды қағазда қамтылған кұкықтардың бәрі сонын қарауына өтеді.
Қазіргі кезде құнды кағаздың негізгі түрлері деп кеңінен қолданылып жүрген 
облигацияны, акцияны, жинақ және депозитивті сертификаттарды айтамыз. Құнды қағаз 
ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет) мен сатып алушының иесі 
белгілі бір тәртіппен есеп-телген оның номиналды бағасы мен пайызының сомасын ала 
алады (мысалы, ұтыс жолымен). Акция оны иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғам 
түсірген пайданың бөлігін диввдент ретінде алу құкығын бекітеді, сондай-ак оған бұл 
қоғамның басқару ісіне қатысу қүқығы беріледі, ал акционер-лік қоғам таратылған кезде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет