Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет36/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды 
дәлелдеуге мiндеттi емес. 
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен 
қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы 
Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл 
берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға 
құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады.
Кепiл түрлерi: 
1. Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың 
иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi.
Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк 
құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан 
алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.
Бөлiнетiн жемiстер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың құқықтарының объектiсi 
болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсiпорындар, құрылыстар, 
үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi 
ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда тiркелуге тиiс.
2. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне 
беретiн кепiл түрi.
Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы 
салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы 
куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы 
мүмкiн.
Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды 
қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың 
мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап 
беруге мiндеттенедi.
Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие 
берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара 
қосалқы жауап беруге мiндеттенедi. 
Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң 
есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды 
қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.
Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда 
жасалуға тиiс. Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиiс 
болатын жағдайда да қолданылады. Келiсiмнiң жазбаша нысанда жасалуын сақтамау 
кепiлпұл келiсiмiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады. 
Борышқорға
не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған 
несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты 
шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған 
жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы. 
7
. Шарттар. 
Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту 
немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.
Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады 
(аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың 
келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта 
элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет