Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік
бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2.
Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде
кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін
қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және
түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы
қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3.
Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос
ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру
үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны
қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды
немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты
сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары
арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру,
мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар
ерекше сала.
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу жөне пайдалану
сияқты үш жалпы бағытта іс-әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында
білінеді. Бүлардың өрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып
табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың
ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет өр түрлі орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған
қорларға,
сондай-ақ
меншіктің
басқа
нысандарының
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып,
бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорыңдардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу
жөне пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмүнына, рөліне және іс-қимылының
ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару
(атқарушы-өкімші қызмет) түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің биліктің жоғары
органы — Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі
оргаңдары — депутаттардың жиналысы — мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы
Президент болып табылады, атқарушы-өкімші қызметті Қазақстан Республикасының
Үкіметі, жергілікті жерлерде — басшылар (әкімдер) жөне жергілікті өкімшіліктердің
аппараты жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті заңмен белгiленген
өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк
iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне