10 тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері. Дәрістің мақсаты: құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың
түсінігін мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін,
сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын
құқықтың нормаларды түсіндіру.
Жоспар:
1.Қылмыстың ұғымы, оның белгілері мен категориялары.
2.Қылмыстық жауапкершілік.
3.Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
4.Қылмыс жасау сатылары.
Кілтті сөздер:
жазалау, қылмыс, жауапкершілік, субъект, шеткі қажеттілік, кінә
Қылмыстың ұғымы, оның белгілері мен категориялары.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде
қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен
шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын
айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі
міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу
(қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық
бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда
қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау
қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілері:
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де,
әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі
жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі
жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.