Сабақтың басы
10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тақырыпты ашу (Мотивация)
Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәрізді қалқып жүрсе,екіншілері батып кетеді,ал үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады.
Тәжірибе жасап көрейік(тақтаға 1 оқушы шығады)
Шыны ыдысқа су толтырып,оның ішіне құтыны саламыз. Сол құтының ішіне жүк салып бақылаймыз. Сосын жүкті алып боялған су құямыз.
Проблемалық сұрақ:
Неліктен жүгі бар ыдыс суға батып кетті, ал суы бар ыдыс оның ішінде жүзеді?(оқушылар тығыраққа тіреліп,өз ойларын айта бастайды.)
Тақырыпқа шығу,мақсат қою:
М:Сонда бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай?
М:Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
М:Сұйықтың ішінде денеге қандай күштер әрекететеді?
М:Дұрыс-ақ,олай болса жаңа сабағымызға көшейік.
|
Денелердің жүзу шарттары.
Денелердің жүзу шарттарын анықтау,зерттеу.
Екі күш әрекет етеді:жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық күші
|
|
ДК экран
Слайд
Оқулық
|