Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет67/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қылмыспен күресудің, іс жургізетін органдардың қызметінің тиімділігін арттыру және 
қылмыстық соттық істі өз уақытында орындау мақсатында іс жүргізу мерзімдерін 
дұрыс түсіну мен қолдану практикалық және моральды маңызға ие. 
Құқықтық нормалардың мазмұны белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол 
мақсаттарға жету үшін белгіленген. Сондықтан қылмстық іс жүргізу заңы белгісіздік 
пен жөнсіздікке жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін 
анықтайды. Заң бойынша белгіленген мерзімдер іс жүргізу саласындағы кепілдіктің 
құрамдас бөлігі. 
Іс жүргізу мерзімдері қылмстық-соттық істердің шешілу жылдамдығын, 
азаматтардың Құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды, прокурорлық 
қадағалауды мен салалық бақылауды қамтамасыздандырады. Іс жүргізудің 
жылдамдығын анықтайтын мерзімдерге қылмыс туралы арыздарға байланысты шешім 
қабылдау, жекелеген тапсырмаларды орындау, алдын ала анықтау, тергеу, үкімдерге 
шағым және наразылық білдіру сияқтыларды жатқызуға болады. 
Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, 
айлармен, жылдармен есептеледі. Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі 
басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Адамды қылмыс жасады деген күдік 
бойынша ұстаған кезде мерзім осы шара іс жүзінде қолданылған сәттен ( сағаттан) 
бастап есептеледі.
Қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу сатыларында прокурордың рұқсатынсыз 
сезіктінің, күдіктінің пәтерінде, үйінде, жұмыс орнында ерекше, тығыз жағдайларда 
тінту жүргізілсе ҚР ҚК-нің 232-бабына сәйкес ол туралы 24 сағаттың ішінде тінту 
жүргізген лауазымды адам прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Сол секілді 
айыпты деп ұсталған айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 
24 сағаттан кешіктірмей, дереу жүргізеді( 217 бап). 
Қылмыс жасады деп сезік, күдік келтірілген адамды ұстаудың заң бойынша өзіндік 
тәртібі және мерзімі болады.
Қылмыстық үрдіске қатысушылар. 
Қылмыстық үрдіске қатысушылар қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды 
қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс 
жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын 
адамда: прокурор ( мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, 
сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның 
заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, олардың 
заңды өкілдері мен өкілдері болып табылады. Сонымен бірге қылмыстық үрдіске сот 
отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы сияқты 
өзге де адамдар қатыса алады. 
Сот, сот билігі 
органы бола отырып, қылмыстық істер бойынша
əділ сотты
жүзеге асырады. Кез келген қылмыстық іс соттың заңды, тәуелсіз, құзыретті және 
бейтарап құрамымен ғана қаралады.
Қылмыстық үрдіске қатысушы прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау 
органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы осылардың барлығы қылмыстық ізге 
түсу міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. 
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің барысында қойылған талапқа байланысты заң 
күшімен қылмыспен не есі кіресілі-шығасылы адамның Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексімен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін мүліктік 
жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға 
азаматтық жауапкер
болып 
табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет