Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет70/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты 
нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз-қыркүйек). Осы құжатты талқылау 
нәтижесінде 
әлемдік 
қауымдастықта 
сыбайлас 
жемқорлықтың 
ерекшеліктері 
қарастырылған. 
Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық 
жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: 
«Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық 
қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз 
мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті 
немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны 
иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады. 
Біздің ойымызша, жоғарыда берілген ұғымның мағынасынының сипатына қарай 
сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: 
этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас 
жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра 
пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді. 
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін 
субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз 
пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін 
жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады. 
Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға 
қайшы сипатта пайдалану. 
Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі: 
- мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау; 
- мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың 
қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын 
теріс пайдалануы. 
Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас 
жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең. 
М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын 
бір-бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты 
ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде 
пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, 
сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін 
пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды. 
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды 
тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған 
қылмысы. 
А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет 
жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды. 
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет