84
6.
Массасы 1,2 г
магнийді оттекте жаққанда, 30,1 кДж жылу бөлінді.
Термохимиялық
теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңіздер.
Шешуі:
Реакцияның термохимиялық теңдеуі:
2Mg + O
2
= 2MgO + 1204 кДж
Пропорция құрамыз:
1,2 г Mg – 30,1 кДж,
2·24 г Mg – x кДж. Бұдан: х = 1204 кДж.
Жауабы:
Q = 1204 кДж.
7.
Массасы 1,5 г мырыш үлгісін жаққанда 5,9 кДж жылу бөлінді.
Мырыш үлгісінде жанбайтын қоспа бар ма? Анықтаңыздар. Зат
мөлшері 1 моль мырыш жанғанда 318 кДж жылу бөлінеді.
Шешуі:
Реакция теңдеуі бойынша мырыштың
жануына жұмсалатын жылу
мөлшерін пропорция арқылы табамыз:
1 моль Zn – 318 кДж,
2 моль Zn – x кДж. Бұдан: х = 636 кДж.
Реакцияның термохимиялық теңдеуі:
2Zn + O
2
= 2ZnO + 636 кДж
Оның массасы: m(Zn) = ν(Zn) · M(Zn) = 2 моль · 65 г/моль = 130 г
Пропорция құрамыз:
130 г Zn – 636 кДж,
1,5 г Zn – у кДж. Бұдан: у = 7,34 кДж.
Жылу өзгерісін табайық: ΔQ = 7,34 кДж – 5,9 кДж = 1,44 кДж.
Мырыш үлгісіндегі қоспаның массалық үлесін
пропорция арқылы
анықтайық:
7,34 кДж – 100%,
1,44 кДж – z %. Бұдан: z = 20%.
Достарыңызбен бөлісу: