2.ЕРЛАН ЖҮНІС «МЕНІҢ АТЫМ ТӘУЕЛСІЗДІК» ӨЛЕҢІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІГІ, ӨЛЕҢДЕГІ
КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕР ЖӘНЕ OНЫ OҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖOЛДAPЫ
2.1. Поэзияны оқытуда қолдануға болатын әдіс-тәсілдер
«Миға шабуыл»(әдіс). Мақсаты:Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет,
проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.
Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін
дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай
сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Қолданылуы:Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою
арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
«Ақылдың
алты
ойлау
қалпағы»Эдвард
де
Боно
бойынша.
Мақсаты:Оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мәселені барынша
мұқият талқылап, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін
ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолдану.
Тиімділігі: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды.
Жасалған жұмыс бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай біледі,
толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша
өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді, таным әрекеті үрдісінде
қарым-қатынас
шеберлігі
артады.
Қолданылуы:
Алты
қалпақтың
әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді.
Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған),
олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану,
талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.
Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім
әңгімені жүргізеді, бағыттайды.
«Сұраққа жетіп ал»әдісі (А.Ж.Егізбаев бойынша). Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау
дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Тиімділігі: Өз бетінше ойлап, ақпаратты
меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды,
тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Оқушылар оқығандары бойынша бір-
біріне сұрақ қояды және талқылайды. Қолданылуы: Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту
(мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр
деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші доп – сұрақ қояды, 2-ші доп сол сұраққа жауап береді.
«Галереяны шарлау»әдісі (Саймон Браунхилл бойынша). Мақсаты: Талқыланған мәселе,
дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну,
идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну. Тиімділігі: Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен
тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарын ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен
таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен
талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. Қолданылуы:
Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі,
қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын
жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға
газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді
және қорытынды жасайды.
«Джигсо»әдісі (Элиот Аронсон бойынша). Мақсаты: Берілген тақырыпты
топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа
топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен
бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. Тиімділігі: Ынтымақта бірлікте жұмыс
жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып
талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді. Қолданылуы: Көлемді мәтін
төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп
(«бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-
қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін
топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы
құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша
жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер
басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау
жүреді.
«Кластер» әдісі. Мақсаты: Идеялар мен ақпараттардың арасындағы
байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тиімділігі: Тақырыптардың
байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді,
идеяларды жинақтайды. Қолданылуы: Тұжырымды ойларын қарталарға
түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер).
|