Оқулық жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы



Pdf көрінісі
бет12/163
Дата26.12.2023
өлшемі6,55 Mb.
#143975
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   163
Байланысты:
810-002-001к-19 КазЛитра 10 каз УЧЕБНИК ОГН

Әдебиет­теориясы
Пародия
­
(фр. 
рагосііа­
– керісінше қайталанған өлең) – белгілі бір 
шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған 
еліктеп, сынап­сықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. 
Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан, 
ақындар айтысынан байқалады. Пародия әдебиетте сын нысанына, 
мақсатына қарай юморлық және сатиралық болып бөлінеді. Юморлық 
пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародия өткір тілді 
болады.
Пародияның мақсаты – кісіні мазақ қылу емес, адамның жақсы қасиетімен 
бірге өзі байқамайтын кейбір кемшін тұстарын жеңіл әзілмен жеткізу.
Пародия жасайтын адам 
пародист
деп аталады.
«Қазақ­әдеби­тілінің­сөздігі»
АР
МА
Н
-
ПВ
 
ба
сп
ас
ы


15
Өз таңдауың бойынша қазақ әдебиетіндегі жас ақындардың біріне 
юморлық пародия жасап көр.
Мі­не,­қы­зық!
«Ұлы ақынның жазушылық еңбегінің тұсында туған үлкен бір белгісіндей әрі 
мол, әрі бар жағынан көркем, келісті шыққан зор шығарма», – деп, М.Әуезов баға 
бергендей Абайдың осы өлеңіне еліктеп, 1915 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров 
алты шумақ, сегіз тармақтан тұратын «Алты аяқ» деген өлеңді туғызса, 1935 жылы 
Қасым Аманжолов та осы тәсілмен «Шықтым өмір шыңына» деген өлең жазған.
Кі­тап­–­асыл­қа­зы­на­
1. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы, 1957. / Абай. 
Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қарасөздер. – Алматы: Жібек жолы
2005. – 488 б.
2. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 б.
«Өлең­–­сөздің­патшасы,­сөз­сарасы»­өлеңі
Абай сөздің патшасын, сындарлысын
дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан 
іздеушідей, түн қатып толғататын, 
ойға шоматын даналардың ғана таба 
алатындығын айтқан.
Темірбек ожекеев
Абай­өлеңді­неліктен­сөздің­патшасына­теңеді?
1887 жылы жазылған бұл өлең 4 тармақты 15 шумақтан тұрады. Өлеңнің 
мағынасы өте ауқымды. Абай поэзия туралы арнайы еңбек жазбаса да, 
поэзияның теориясын өлең тілімен жеткізе білді. Ең әуелі бірінші шумақтағы 
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген тармақтағы ойды ұғыну керек. Абай 
мұнда жалпы поэзияны өлең деген атаумен алып, оны «сөздің патшасына» 
теңеп отыр. Адамзат ұғымында патша ең үлкен дәрежеде болғандықтан, ол 
айрықша құрметке ие болады. Сондықтан қоғамдық өмірдегі сөз өнерінің 
әлеуметтік мәні туралы Абай өзгеше ой айтып, ақын мен ақын дық тың мұ рат-
мақ са тын қа зақ әде бие тін де тұң ғыш жыр ла ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет