Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет125/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностика.
Микроспорияның барлық түрлерінде бастың 
шашты бөлігі және тегіс терінің зақымдалуы микологиялық 
микроскопияның нәтижесі, сонымен қатар Вуд лампасының 
сәулелерінде флюоресценция қолдану негізгі клиникалық
белгілері болып табылады.
Емі.
Микроскопиямен ауыратын науқастардың ең тиімді емі 
болып фунгистатикалық антибиотик гризеофульвин қала береді. 
Оны ішуге 22 мг/(кг*тәул) күніне 3 рет шай қасық өсімдік 
майымен саңырауқұлақ анализінің 1-ші теріс мәніне дейін, содан 
кейін сол дозада 2 апта бойына күнара және 2 апта бойна
аптасына 2 рет есебінен тағайындалады.
2–3 
жасқа 
дейінгі 
балалар 
емінде 
гризеофульвин 
таблеткаларын 1 мл құрамында препараттың 0,015 г бар 
суспензияға алмастырады.
Ішке антибиотик қабылдаумен бірге сыртқы ем жүргізіледі: 
бастағы шашты аптасына 1 рет қырып тастайды. Кремдер мен 
жақпамайлар 
(кетоконазол, 
бифоназол, 
клотримазол, 
оксиконазол, немесе ошақтарға 10% күкіртті – 3% салицил 
жақпамай немесе 2% йодты-спиртті тұнбасын алмастырып 
жағады) қолданылады. Ем әдетте 4–6 аптаға созылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы 
формасында 10 күндік аралықпен 2–3 рет эпидермистің 
мүйізгекті қабатын ажыратады.
Инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы 
заттарды ылғалдандыру түрінде бастайды (калий перманганаты 
ерітіндісін 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000 тәулігіне 2–
3 рет, 1–2 күн аралағында), содан кейін емін антимикотикті 
кремдер мен жақпамайлармен жалғастырады. 


Трихофития 
(trichophytiae).
Микроспориядын 
сирек 
кездеседі, негізінен ауылдық жерде байқалады. Трихофития 
тобына беткей трихофития (бастың шашты бөлігі, тырнақ пен 
жұмсақ тері), шаш, тырнақ пен жұмсақ теріні зақымдайтын 
созылмалы трихофития және инфильтративті-іріңді трихофития 
кіреді. 
Этиологиясы.
Беткей және созылмалы трихофитияның 
қоздырғышы – антропофильді саңырауқұлақтар, олар жұмсақ 
теріні, шашты, тырнақты зақымдайды. Теріде қабыну үрдісі 
айқын емес, ал егер қоздырғыш бастың шашты бөлігіне түскенде 
шаш 
зақымдалады. 
Сақырауқұлақтар 
шаштың 
түбінде 
орналасады, сондықтан оларды 
Trichophyton endotrix
деп атайды. 
Қай қоректік ортада өсетініне байланысты саңырауқұлақтар 
Tr. 
violaceum
және 
Tr. Tonsurans (crateriforme)
деп ажыратылады. 
Олар 
Tr. mentagraphytes (var. gipseum)
мен 
Tr. verrucosum 
(var.faviforme)
деп жіктеледі. 
Tr. ectothrix 
шаштың сыртқы 
беткейінде орналасып, оның сыртын қаптап тұрады. Спорасының 
көлемі мен ерекшелігіне байланысты ұсақ споралы және ірі 
споралы деп бөлінеді. Ұсақ споралы түрі 
Tr. ectothrix microides, 
ұсақ үй жануарларында, тышқан, қоян, теңіз шошқаларында өмір 
сүреді. Ірі споралы түрі 
Tr.ectothrix megasporon
ірі үй 
жануарларына – жылқыда, сиырда, қойда, бұзауда қоныстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет