Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет133/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Профилактикасы
. Науқас қолданған бұрынғы заттарды 
дезинфициялайды. 
Микроспориямен 
ауырған 
науқастың 
отбасының барлық адамдарын, сонымен қатар үйінде жануарлар 
болса аптасына 1 рет люминесцентті лампаның көмегімен 1,5–2 
ай бойы қарайды. Ұйымдастырылған ұжымдарда балаларды жиі 
тексереді (карантин 3–6 апта бойына), санитарлық шаралар 
жүргізіледі. Ғимаратты екі реттік санитарлық-эпидемияға қарсы 
өңдеу (біріншілік және соңғы) көрсетілген. Төсек жабдықтарына, 
киімдерге дизенфекция жүргізеді. 
 
Т
ЕРІ МЕН КІЛЕГЕЙ ҚАБАТТАРДЫҢ БЕТКЕЙ КАНДИДОЗЫ
 
Кандидоз 
– ашытқы тәрізді 
Candida
туыстығының 
саңырауқұлақтарымен шақырылатын тері, клегей қабаттарының, 
тырнақ пластинкаларының және ішкі мүшелердің инфекциялық 
аурулары.
Қазіргі уақытта ауру және сау адамдардың арасында шартты – 
патогенді ашытқы тәрізді 
Candida 
(Monilia)
туыстығы 
саңырауқұлақтарының таралуы, сонымен қатар әртүрлі жастағы 
адамдардың кандидозбен аурушаңдылығы көбеюде.
Этиологиясы.
Candida (Monilia)
туыстығының ашытқы 
тәрізді 
саңырауқұлақтары 
– 
дейтеромицеттерге 
жатады. 
Қоздырғыш ретінде 
C. albicans
түрі көп таралған.


Candida albicans
ашытқы тәрізді саңырауқұлақтары – 
салыстырмалы үлкен көлемді, овальды, дөңгелек, кейде овальды-
созылмалы болып келетін бір клеткалы микроорганизмдер. Олар 
псевдомицелийлар (ұзын клеткалы жіпшелер), бластоспоралар 
(псевдомицелий жалғамаларына (перетяжкаларына) отыратын 
бүйрек клеткалары) және екі қабатты споралар түзеді. 
Candida
туыстығының 
саңырауқұлақтары 
шынайы 
псевдомицелий 
ашытқыларынан аскоспораларының (клетка ішілік қалталардағы 
споралар) жоқтығымен және биохимиялық ерекшеліктерімен 
ажыратылады.
Candida
туыстығының саңырауқұлақтары жиі нәресте өмірінің 
алғашқы сағаттарында немесе күндерінде, сонымен қатар 
құрсақішілік кезеңде енеді. Ұрықтың құрсақішілік инфициялану 
мүмкіндігі 
саңырауқұлақтардың 
қағанақ 
суында, 
бала 
жолдасында, кіндік қабында анықталуы. Кейіннен жаңа туған 
нәрестенің жұқтыруы босану жолдарынан өткен кезде, ауыз 
қуысының кілегей қабатынан, ему кезінде емшек ұшы терісінен, 
күтім кезінде қол терісінен жұғуы мүмкін. Кандидоз қоздырғышы 
орта есеппен әрбір 3-ші адамнан ішектерінен, жыныс 
жолдарынан, 
бронхиальды 
секреттен 
бөлінеді. 
Candida 
туыстығының саңырауқұлақтары адам организміне тұрмыстық 
құралдар, ыдыстар, сонымен қатар тағаммен енуі мүмкін. Осы 
саңырауқұлақтар шикі етте, сүтті тағамдарда, әсіресе ірімшік, 
қаймақ, сонымен бірге жеміс-жидектерде анықталады. Кандидоз 
инфекциясының көзі – кандидозбен ауыратын адамдар мен 
тасымалдаушылардан басқа, үй жануарлары, әсіресе бұзау, 
мысық, бота, сонымен бірге үй құсы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет