Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет185/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
96-сурет. Васкулит 
түріндегі токсидермия


арқылы іске асқанда сенсибилизацияланған науқастарда 
аллергиялық реакция 12-36 сағаттан соң пайда болады. 
Сенсибилизация әдетте, ұзақтығы 7-21 күн аралығында жүреді, 
сондықтан есекжем емдеу кезінде және гиперсезімділікке 
жауапты препаратты алып тастағаннан кейін де байқалуы мүмкін. 
Есекжем, Квинке ісігі және анафилактикалық шокты 
тудыратын 
препараттар 
әртүрлі 
топқа 
жатады. 
Бұлар 
антибиотиктер (пенициллин, бензилпенициллин, ампициллин, 
амоксициллин, цефалоспорин), цитостатиктер (фторурацил, 
блеомицин, даунорубицин), иммуномодулятор (левамизол), 
вакциналар (иммуноглобулин, жылқы сарысуы), антиаритмиялық 
заттар (амиодарон). 
Токсикалық эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы) 
– 
патогенезінде аутоиммунды механизм маңызды орын алатын 
токсидермияның өте ауыр түрі. Жиі себептеріне сульфаниламидті 
препараттар, 
антибиотиктер 
(пенициллин, 
стрептомицин, 
тетрациклин, олеандомицин) және пирозолондар, амидопирин 
(бутадион, антипирин, анальгин) жатады. Гамма-глобулин және 
сіреспеге қарсы сарысуды инъекция түрінде қолданғанда және 
сапасыз тамақты пайдаланғанда эпидермальды некроздың дамуы 
жекеленген жағдайларда суреттелген. Бұл дерт дәрілік затты 
қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан немесе күннен кейін 
кенеттен дамиды. Теріде эритематозды немесе уртикарлы бөртпе 
пайда болып, содан олармен бірдей кезде үлкен көпіршіктер 
пайда болады да, оларды басқанда, олардың аумағының диаметрі 
10-15 см-ге дейін ұлғаяды. Буллезді элементтер ауыз қуысының, 
мұрынның, конъюнктиванын, жыныс мүшелерінің кілегей 
қабаттарында орналасып, Стивенс-Джонсон синдромын еске 
түсіреді. Бұл бастапқы сатысында жағдайы қанағаттанарлық 
болып қала береді, бірақ жалпы әлсіздік, артралгия, диарея 
байқалады. 2-5 күндері клиникалық көріністерінің ауырлығы 
арытып, дене қызуы 38-39
о
С-қа дейін көтеріліп, есеңгіреп, 
комалық жағдайға ауысуы мүмкін. Терісінде гиперемияланған 
немесе қара-қоныр түсті нүкте түрінен табақша түріне дейн 
өзгеретін 
және 
ауырсынатын 
бөртпе 
пайда 
болады. 
Эпидермальды некроздын негізгі белгісіне – эпидермистін 


жаппай массивті сыдырылуы жатады. Никольский белгісі оң 
мәнді. Терінің үлкен аумағында эпидермистін сыдырылуынан 
алғашында жиырылған қабыршақ қалыптасып, жеңіл ығысып 
кетеді де, артынан қансырап тұратын, ауырсынатын қанды эрозия 
қалады. Эпидермис терінің барлық бетінде бір уақытта 
сыдырылмайды, бөлектеніп түседі. Клиникалық көрінісінің 
ауырлығы арыта түссе, аурудың басталуынан 3-5 күн өткенде, 
сауығып кету жағдайлары суреттелген болса да, өлімге әкелуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет